Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәдениет және тілдерді дамыту

Жаңақорған ауданы бойынша 3 мәдениет үйлері мен 29 ауылдық клубтар, 3 мәдени демалыс кешендері, 9 халықтық өнер ұжымдары, 36 кітапхана, 1 аудандық тарихи өлкетану музейі аудан халқына мәдени қызмет көрсетеді.       

Мәдениет үйлері мен клубтар бойынша: І тоқсан бойынша мәдениет үйлері мен клубтарда 240 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылып, оларға 28000 көрермен қамтылды. «Адал адам» мәдени – тәрбие орталығы тұжырымдамасы бойынша  643 іс-шара өткізіліп, 12140  көрермен қамтылды (10076 көрермен 5-11 сынып  оқушылары).

Мәдениет үйлері мен клубтар жанынан ашылған көркемөнерпаздар үйірмелерінің саны 2, оларға 12 мүше тартылған. Оның ішінде балалар мен жасөспірімдер (6-17жас) қатысатын 103 үйірмеде 1073, жастар (18-29 жас)      қатысатын 11 үйірмеде 109, үлкендер қатысатын  11 үйірмеде 128 қатысушысы бар.

Кітапханалар жүйесі бойынша аудан халқына 36 кітапхана кітапханалық қызмет көрсетеді. Кітапханалардың 1-і типтік ғимаратта (1-аудандық балалар кітапханасы осы ғимаратта орналасқан), 2-і лайықтандырылған  ғимараттарда, 5-і ауыл мектептерінде, 2-і әкімдік ғимараттарында, 1-і оқушылар үйінің ғимаратында, 24-і мәдениет үйлері мен ауылдық клуб ғимараттарында орналасқан.

Документы
Ақпарат
07 октября 2026
2026 жылдың IІІ-тоқсанында мәдениет саласында атқарылған жұмыстар туралы
Ереже
22 апреля 2026
«Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Бұйрық
15 декабря 2025
Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Новости
Полезные материалы
2026 жылдың IІ-тоқсанында мәдениет саласында атқарылған жұмыстар туралы
Хабарландыру
Хабарландыру
Медиагалерея
1
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты туралы
10
Елге қуаныш сыйлаған Әз Наурыз!
События
21 марта
Хабарландыру! Құрметті аудан тұрғындары және қонақтар!
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Часто задаваемые вопросы
Объектілерге атау беру және оларды қайта атау кезіндегі басшылыққа алынатын заңдылықтар қандай?

Әдістемелік ұсынымдар шеңберінде әуежайлар, порттар, теміржол вокзалдары, теміржол станциялары, Метрополитен станциялары, автовокзалдар, автостанциялар, физикалық-географиялық және Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекет меншігіндегі басқа да объектілер, мемлекеттік заңды тұлғалар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар объектілер болып табылады.

Объектілерге атау беру және оларды қайта атау кезінде:

          1)объектілерге Қазақстан тарихында ерекше маңызы бар, жалпыға бірдей белгілі және халық құрмет тұтатын ұлы тұлғалардың, көрнекті мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталған ғылым және мәдениет қайраткерлерінің, сондай-ақ ерекше еңбегі бар тұлғалардың есімдерін беру;

2)білім беру, мәдениет және спорт ұйымдары болып табылатын Объектілерге есімдер беру кезінде (әсіресе тарихи тұлғаның есімін беру кезінде) мекеменің перспективасын ескеру (оны жабу жоспарланбайды ма, жалпы білім беретін білім беру ұйымы болып табылады ма, шағын жинақталған білім беру ұйымы болып табылмайды ма);

3) мәдениет, білім, спорт және басқа салалардағы объектілерге атау беру және оларды қайта атау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Республикалық ономастика комиссиясының (бұдан әрі – Республикалық ономастика комиссиясы) қарауына жіберілгенге дейін мәселені тиісті салаға жетекшілік ететін мүдделі мемлекеттік органдармен (Мәдениет және ақпарат министрлігі,Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және тағы басқалар)алдынала келісу.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 61 бұйрығымен Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы Үлгілік ережеге осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес келтіру бөлігінде, облыстық ономастика комиссиялары мен Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының ережелерін одан әрі түзете отырып, тиісті түзетулер енгізу мәселесін қарау ұсынылады;

4) білім беру, мәдениет, спорт және басқа да салалардағы Объектілерге тұлғалардың есімдерін беру кезінде салалық қағидатты ұстану (мысалы, білім беру саласындағы объектіге осы салаға еңбегі сіңген тұлғаның, мәдениет мекемесіне мәдениет саласына үлес қосқан қайраткерлердің есімдерін беру және тағы басқалар);

5) объектілерге тұлғалардың есімдерін беру кезінде Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған және ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген республикалық «Тарихи тұлғалар» тізімін басшылыққа алу;

6) объектілерге жеке адамдардың есімдерін беру кезінде қазақ есiмiн, әкесiнiң есiмiн және тегiн жазу, сондай-ақ дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақ есімдерінің мемлекеттік тілде жазылуын қадағалау;

7) объектілерге көзі тірі кісі есімдерінің берілуіне жол бермеу;

8) этимологиялық мәні бар тарихи және дәстүрлі атаулары бар объектілердің атауларын өзгертуге жол бермеу;

9) бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi Объектілерге бiр атауды бiр мәрте ғана беру (атаудың бір мәртелігі);

10) денсаулық сақтау саласындағы (емхана, аурухана және басқа да мекемелер), мектепке дейінгі білім беру объектілеріне, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостанцияларға, тасжолдарға, Астана жеңіл рельсті көлігі (LRT),физикалық-географиялық және басқа да Объектілерге кісі есімдерін беруге жол бермеу;

11) атау беру және қайта атау барысында ұсынылып отырған атаулардың тарихи дереккөздер деректеріне сәйкестігі қағидатын ұстануға және ономастикалық объектілердің тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында әкімдіктер жанынан құрылған жұмыс топтарының сараптамалық қорытындыларына негізделу ұсынылады.

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау кезіндегі басшылыққа алынатын заңдылықтар қандай?

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне (бұдан әрі – құрамдас бөліктер) атау және оларды қайта атау кезінде:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы
1 тамыздағы № 211 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33238 болып тіркелген)Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларына сәйкес атау беру және қайта атау барысында жұмыс басталғанға дейін кемінде жарты жыл бұрын белгілі ғалымдар мен өлкетанушыларды, мамандарды тарта отырып, масс-медиа, әлеуметтік желілерде мақалалар жариялау арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) құрамдас бөліктерді қайта атау туралы шешім қабылдағанға дейін ескі атауының шығу тарихын зерттеу;

3) құрамдас бөліктерді қайта атау кезінде бірінші кезекте идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулардың өзгеруін қамтамасыз ету;

4) құрамдас бөліктергекөзі тірі кісі есімдерінің берілуіне жол бермеу;

5) құрамдас бөліктерге атау беру және қайта атау кезінде Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін басшылыққа алу;

6) үлкен көшелер мен даңғылдарға мемлекет тәуелсіздігінің нығаюына ерекше үлес қосқан ұлы тарихи тұлғалардың, белгілі қайраткерлердің есімдерін беру, сондай-ақ құрамдас бөліктерге тарихи тұлғалардың есімдерін беру кезінде көшенің ұзындығына, орналасқан жеріне, абаттандырылуына және басқа да факторларға назар аудару;

7) құрамдас бөліктерге атау беру және оларды қайта атау жөніндегі жұмыстарды құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларымен бірлесіп жүргізу ұсынылады;

8) мағыналары тар атаулар немесе жалпылық сипатта болатын, жеке тұлғалардың есімдерін меңзейтін және тарихи-дәстүрлі атауларға негізделмеген атаулардың берілуіне жол бермеу; (Мысалы: Ботагөз, Қарлығаш, Замандастар, Мектеп, Мерей,  Мұрагер тағы басқалар);

9) бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi басқа құрамдас бөліктерге бiр атауды бiр мәрте ғана беру (атаудың бір мәртелігі);

10)құрамдас бөліктерге атау беру және оларды қайта атау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Республикалық ономастика комиссиясы қарауына жіберілгенге дейін құжаттардың сапалы әрі заңнамаға сәйкес ресімделуін қадағалау мақсатында облыстық ономастика комиссиясының жұмыс органы болып табылатын басқармамен алдын ала жұмыс жүргізу;

11) құрамдас бөліктердің типтерін белгілеуді бірыңғай қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12938 болып тіркелген) көзделген құрамдас бөліктер типтері атауларының тізбесін басшылыққа алу;

12) құрамдас бөліктері атауларының көрсеткіштерін белгілеу кезінде Республикалық ономастика комиссиясымен мақұлданған және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, кент, ауыл және басқа да елді мекендердегі көше аншлагтарын жазу және орналастыру жөніндегіұсынымға сәйкес берілуін басшылыққа алу ұсынылады.

Тарих және мәдениет ескерткіштерінің алдын ала тізіміне енгізу үшін Қазақстанда негізгі құқықтық негіз мына заңға сүйенеді:

Негізгі заңдылық:

  • Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы

  • тарихи, ғылыми, мәдени құндылығы бар объектілер тарих және мәдениет ескерткіштері ретінде есепке алынады;

  • оларды алдын ала есепке алу тізіміне енгізу жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады;

  • ұсыныс жеке тұлғалардан, ұйымдардан немесе мемлекеттік органдардан түсуі мүмкін;

  • ұсыныс түскеннен кейін тиісті тарихи-мәдени сараптама жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 25, 27-баптарына сәйкес, тарихи-мәдени құндылығы бар объектілерді анықтау және оларды тарих және мәдениет ескерткіштерінің алдын ала тізіміне енгізу жергілікті атқарушы органдар арқылы жүзеге асырылады.

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы