

«Жаңақорған ауданының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
- аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларға сараптама мен мониторинг жүргізеді;
- қоғамдық ұйымдармен, діни бірлестіктермен, саяси партиялармен іс-қимылдар жүргізу;
- аудан көлемінде мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттайды;
- мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырады;
- басқа да қоғамдық-саяси маңызы бар жұмыстарға араласады.
Жаңақорған ауданы бойынша әділет органдары арқылы 78 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Оның ішінде, Қоғамдық бірлестіктер – 16, Қоғамдық қорлар - 18 және өңірлердегі республикалық, облыстық деңгейдегі қоғамдық қорлар мен ұйымдардың филиалдары - 9, діни бірлестіктердің филиалдары (мешіттер) - 35. 7 үкіметтік емес ұйым мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау, 10 ҮЕҰ жастар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау, 3 үкіметтік емес ұйым ардагерлер жұмысын үйлестіру, 9 үкіметтік емес ұйым қайырымдылық бағытындағы жұмыстарды үйлестіруде. 1 еріктілер қоры және түрлі бағыттарда 12 қоғамдық ұйымдар бар.
Ақпарат үшін: 2023 жылдың II тоқсанында аудан тұрғындары арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысына сәйкес, «Сіз аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды қалай бағалайсыз?» деген сауалға сауалнамаға қатысушылардың 77.4%-ы «тұрақты»,14.1%-ы «тұрақсыз» деп бағалаған. 2022 жыл көрсеткішімен салыстырғанда тұрғындардың қоғамдық саяси ахуалды тұрақсыз деп бағалағандардың үлесі 2,4 пайызға артқан.
Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысу үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жарияланған конкурстарға өтінім береді. Конкурс талаптары мен құжаттар тізбесі хабарландыруда көрсетіледі. Толық ақпаратты бөлімнің ресми сайтынан немесе мамандарынан алуға болады.
Волонтер болу үшін өңірлік волонтерлік фронт-офиске немесе арнайы онлайн платформалар арқылы тіркелуге болады. Тіркелгеннен кейін сізге қолжетімді жобалар туралы ақпарат ұсынылады.
Жастар бағдарламалары туралы ақпаратты Қоғамдық даму бөлімінің ресми сайтынан, әлеуметтік желідегі парақшаларынан немесе Жастар ресурстық орталығынан алуға болады.