

Ауданымыздағы орналасқан спорттық объектілер 389 бірлікті құрап отыр. (Оның ішінде; 1 стадион, 12 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 1 ипподром, 71 спорт зал, 18 тир ату бөлмесі, 32 ыңғайластырылған спортпен шұғылданатын қосымша бөлмелер, жазықтықтағы спорт құрылғылары саны 242 (167 баскетбол, волейбол, шағын футбол, стритбол спорт алаңдары, 48 жасанды жамылғымен көмкерілген спорт алаңдары, 3 спорттық ядро, 22 үлкен футбол алаңдары)
2023 жылғы спорттық іс – шаралар өткізудің күнтізбелік жоспарына сәйкес жыл басынан бастап 90 спорттық іс шара өткізілсе оның: 72 аудандық, 11 облыстық, 2 ҚР чемпионаты, 5 Республикалық деңгейде спорттық іс-шара өткізілді.
Сондай ақ, жасөспірім қыздар арасындағы қол добы спорты қарқынды дамуда. тоғызқұмалақтан 1 спортшы - Халықаралық спорт шебері, 8 спортшы – Қазақстан Республикасының спорт шебері, 39-спортшы – Қазақстан Республикасының Спорт Шеберіне үміткер, 81 спортшы – І-ші разрядты спортшы нормативін орындаған.
Аудан спортшылары жыл басынан бері Қазақстан Республикасының чемпионаттарында спорт түрілері бойынша 72 медаль иеленді. Олар: 29 алтын, 23 күміс, 20 қола медаль.
Жаңақорған ауданы көлемінде 2026 жылға арналған мерейтойлар мен түрлі іс-шаралар орайластырып, өткізілетін барлық спорттық ойын түрлерінен алдын ала жылдықереже-кестелері бекітіліп отырады. Осыған сәйкес, Жаңақорған ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне ережелерін бекітіп, мерей той иелерінің өтініші арқылы ұсыныс енгізуге болады.
2025 жылы ауданымыздың ардагер спортшылары арасында спорттың 10 түрі бойынша(волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, дартс, пневматикалық мылтық ату, жеңіл атлетика)аудандық және облыстық деңгейде 36 спорттық іс-шаралар өткізіп оған, 300 ден астам ардагер спортшылар тартылды. Биылда ардагерлер арасындағы спорттық іс шаралар жалғасын табады.
2025 жылы аудан спортшылары спорт түрлері бойынша Әлем чемпионатынан 2 күміс, 2 қола жүлдені иеленсе, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 3 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлдегер атанып, Азия ойындарынан 3 қола, ҚР чемпионаттарында 30 алтын, 55 күміс, 30 қола медальды иеленді. (33 алтын, 61 күміс, 36 қола медаль) барлығыны 130 медаль.
Сондай-ақ 35 аудан спортшылары ҚР ұлттық құрама командасының сапына енсе, 45 спортшымыз облыстық құрама сапында өнер көрсетуде, спорт түрлері бойынша 7 спортшы – ҚР спорт шебері, 45 спортшы – Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер, 16 спортшы – І-ші разрядты спортшы нормативін орындады.
Бұқаралық спортты дамыту бойынша Жаңақороған ауданының спортшылары Қызылорда облысының спрт түрлері бойынша облыстық чемпионаттарында волейболдан ерлер құрамасы 2 орын, әйелдер құрамасы 3 орын, баскетболдан ерлер құрамасы 3 орын, әйелдер құрамасы 2 орын, қол добынан әйелдер құрамасы 2 орын, футболдан аудан құрамасы 3 орынды иеленсе.
Ауыл спортшыларының «Алтын күз -2025» ХХХVIII облыстық спартакиадасы мен «Ақ бидай» республикалық VIII ауыл спорты ойындарында Жаңақорған ауданының құрама командасы жүлделі 3 орынды иеленді.
Спорт түрлері бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы облыстық спартакиадасында Жаңақорған ауданың құрамасы 3 орынды иеленді.