Лого

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жер қатынастары

Жер учаскелерін игеру бойынша:

Жыл басынан бері пайдалану мерзімі аяқталған ауыл шаруашылығы мақсатында көлемі 2732,0 гектар болатын 13 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатында көлемі 5045,0 гектар болатын 18 жер учаскесі бойынша мал басы тіркелмегендігі анықталып,  облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданып, жер пайдаланушыларға бір жылға жер учаскесін игеру жөнінде нұсқама берілді.

Жаңақорған кенті бойынша кәсіпкерлік бағытта пайдаланылмай отырған
22 жер учаскесі облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданып, меншік иелеріне бір жылға жер учаскесін игеру жөнінде нұсқама берілді.

Сонымен қатар, жер учаскесін өз бетінше иеленген 6 тұлға бойынша ақпарат облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне жолданып, меншік иелеріне айыппұлдар салынды.

Жер кезегі бойынша:

Жаңақорған ауданында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер кезегі Жаңақорған кентінде қалыптасқан және қазіргі таңда 11 600 адам кезекке тіркеліп тұр.

Документы
Ақпарат
07 октября 2026
2026 жылдың IІІ -тоқсанында жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы
Хаттама
25 сентября 2026
Аудандық жер комиссиясының хаттамалық шешімі
НҚА жобасы
23 сентября 2026
Жария сервитут белгілеу туралы
Новости
Полезные материалы
2026 жылдың IІ-тоқсанында жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы
Жаңақорған ауданында 2026 жылдың бірінші тоқсанында жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Хабарландыру
Медиагалерея
События
12 января
ХАБАРЛАМА! Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
18 июня
Хабарландыру
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Часто задаваемые вопросы
Ақысыз түрде алуға болатын жер телімінің көлемі қандай?

ҚР Жер кодексіне сәйкес, жер учаскелерін ақысыз түрде алуға болады. Заңда жердің көлемі де белгіленген:

1) ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін (үй және егістік алқаптарын қоса алғанда) — суарылмайтын жерлерде 0,25 га және суармалы жерлерде 0,15 га;

2) жеке тұрғын үй құрылысы үшін 0,10 га;

3) бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар.

4) Бау-бақша шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен 1 гектардан аспайтын мөлшерде беріледі.

Жер телімін беру кезінде инфрақұрылымның (жол, су, электр) болмауы құқыққа әсер ете ме?

Жер телімі берілгенімен, инженерлік инфрақұрылымның жүргізілуі жергілікті атқарушы органдардың жоспарлауына байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Жер телімінің шекарасын анықтау және дау туындаған жағдайда мәселе қалай шешіледі?

Шекара жер кадастры құжаттары мен геодезиялық өлшеу арқылы анықталады. Даулы жағдайлар алдымен жер қатынастары органында, шешілмесе сот тәртібімен қаралады.

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы