
Жастар
Өткен жылғы өткізілген жалпы ұлттық халық санағының мәліметтеріне сәйкес, Жаңақорған кенті бойынша барлық халық саны 33261 адамды құраса, оның ішінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 6690 ға жетіп, кент тұрғындарының 20 пайызын құрап отыр.
Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысының жоспарына сәйкес, өткен 2023 жылы NEET санатындағы жұмыссыз жастарды анықтау және бос уақыттарын тиімді өткізу мәселесі бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.
Атап айтар болсақ, кент орталығында 15 пен 28 жас аралығындағы NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бағытында Жастар ресурстық орталығының жастары мен көше комиттеттері бірлесе отырып кент бойынша үй үйді арлап тиісті жұмыстар жүргізілді.
Нәтижесінде анықталған NEET санатындағы жастармен жүйелі жұмыстар жүргізіліп, олар түрлі шараларға қатыстырылды.
Сонымен қатар, 15 пен 28 жас аралығындағы NEET санатындағы жастардың дерекқор базасын жинақтау мақсатында сауалнама жүргізіліп, сауалнамаға жалпы саны 550 жас қатысты Сауаланамадағы «Өзіңізді қай категорияға жатқызасыз» деген сұраққа 326 жас «Білімі, тәжірибесі бар, бірақ оқуға немесе жұмыс жасауға ынтасы жоқ, өзгенің асырауында» деген жауапты таңдаса (бұл жауапты таңдаған жастардың көпшілігі оқушылар мен студенттер). 42 жас «Бала күтіміндегі келіншекпін» деген жауапты таңдаған.
Сонымен қатар, «Қосалқы шаруашылықтағы ауыл жастары» деген жауапты 3 жас таңдаса, 152 жас «Еркін табысы бар, уақытша жұмыстар жасаушы» деген жауапты таңдаған, ал 24 жас «Мүмкіндігі шектеулі, денсаулығы нашарлығы себебінен жұмыс жасай алмаймын»деген жауапты таңдаса, «Жазасын өтеп шыққан» деген жауапты 2 жас таңдаған (барлығы пробациялық тізімде тұрған жастар).
Өткен жылы жастар арасында уақытты тиімді өткізу мақсатында«Тарихымды танып білгім келеді» тақырыбында экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында жастар Жаңақорған ауданындағы көне орындар «Хорасан Ата»,«Төлегетай», «Ақтас», кесенелері мен «Сығанақ», «Сауран» қалашықтарының тарихына қанығып, мол мағұлмат алып қайтты.
Сонымен қатар Сығанақ тарихи қалашығында«Туған жерге туыңды тік» атты велошеру өткізілді.
Жоғарыда аталған іс-шаралардың жалғасы ретінде жыл басында өткізілген кеңес отырысында 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Бұдан бөлек, облыс әкімінің орынбасары С.Ахметтің төрағалығымен өткен мәжілісте «Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері» бойынша аула аралап 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың әлеуметтік статусын анықтау және NEET санатындағы жастар базасын қалыптастырусонымен қатар жұмыссыз жастарды анықтау мақсатында Жаңақорған кенті бойынша Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп көшелерді аралап 4353 жастан сауалнама алынып, оның ішінен 317 NEET санатындағы жастар анықталды.
Жұмыссыз жастар мен олардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Жастар ресурстық орталығымен бірлесіпбірқатар әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.
Атап айтсақ, жастарға өмірге қажетті дағдыларды үйрету мақсатында«SMM дағдылары», «Таргет», «Мобилография»қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру.
Жастарға өмірге қажетті дағдыларды үйрету сабақтарына жалпы саны 30-дан кем емес жұмыссыз (NEET санатындағы) жастар мен пробациялық қызмет тізіміндегі жастардың қатысуы қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен қатар, жастар арасында «Балық берме, қармақ бер» жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Мұнда кәсіби деңгейдегі мастерлермен келісе отырып, әлеуметтік осал топтарды тарту арқылы «Тігін тігу», «Кондитер» мастер-класстарын ұйымдастыру көзделіп отыр.
Аталған мастер-класстарға жалпы саны 20-дан кем емес жұмыссыз (NEET санатындағы) жастарды қатыстыруға ықпал жасалатын болады.
Алдағы уақытта Жаңақорған кентіндегі 1 өндіріс орны мен 1 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарны және тәжірибелі кәсіпкерлермен танысу үшін экскурсия ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Аталған экскурсияларға жалпы саны 15-тен кем емес NEET санатындағы жұмыссыз жастардың қатысуына Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп жұмыстаржасауды жоспарлап отырмыз.
Айта кететін бір жайт, осыған дейін кент әкімі аппаратында арнайы жастар ісі жөніндегі жауапты маманның болмауына байланысты бұл жұмыстар кент әкімі аппаратының әлеуметтік қызметкеріне жүктеліп келген болатын.
Бүгінгі таңда кент әкімі аппаратына жаңа штат беріліп, нақты жастар ісі жөніндегі жұмыстармен айналысатын маман алынды. Алдағы уақытта жоғарыда аталған жұмыстар өз дәрежесінде жүргізілетін болады.