БАЙКЕНЖЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУІ

БАЙКЕНЖЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ  ӘКІМІНІҢ ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУІ

Байкенже ауылдық округінің әкімі Н. А. Оспановтың 2023 жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға атқарылатын жұмыстың жоспарлары туралы есептік баяндалып, әкім аппаратының жұмыстарының оң нәтижелерін атап өтілді.  2023 жылы мүлік, жер, көлік және табыс салықтарының орындалуы жалпы көрсеткіші 162,5 пайызды құрады. Байкенже ауылдық округі бойынша Ә. Мұстиярұлы, А. Дүйсенұлы,                        Ә. Еламанұлы, Б. Байдалиев, О. Жарылқапұлы  көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аяқсу мәселесін шешу мақсатында Дөңбай каналы қазылды сонымен қатар Байкенже ауылынан 150 орынды жаңа мектептің құрылысы басталды.  

Жиналыс соңында Жергілікті қоғамдастық төрағасы  С. Бекназаров және ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Серкінбайұлы: жиналысқа қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, ауылдық округ әкімі Н. Оспановтың 2023 жылы атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп жиналысты қорытындылады.