№193, №255 мектептерінде өткізілген жаңа жылдық іс -шаралар

№193, №255 мектептерінде өткізілген жаңа жылдық іс -шаралар

Төрле Жаңа жыл

Байкенже ауылдық округі, Билібай елді мекеніндегі √255 негізгі орта мектебінде "Төрле Жаңа жыл" атты мерекелік іс шара өткізілді. Мерекелік шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Балаларды қуанту мақсатында ауыл әкімі жаңа жылдық сыйлықтар тапсыруды ұйымдастырды. Жаңа жылдық сыйлықтардың демеушісі "Қызылқұм" ЖШС мекемесі. √255 негізгі орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларына мерекелік сыйлықтар түгел үлестірілді. Билібай елді мекенінің тұрғындары және мектеп әкімшілігі атынан ауыл әкімі Н. Оспанов пен "Қызылқұм" ЖШС мекемесінің басшылығына алғыс білдіреміз.

Кел, жаңа жыл төріме

Байкенже ауылдық округі, √ 193 жалпы орта мектебінде "Кел, жаңа жыл төріме" атты мерекелік іс-шара болып өтті. Шараға мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Оқу ордасының МАДТ мен 1-сынып оқушыларына жаңа жылдық сыйлықтар таратылды. Сыйлықтарға демеушілік жасаған "Байкен-U" ЖШС өндірістік мекемесі. Ауылдық округ әкімінің ұйымдастыруымен жасалған сыйлықтар балаларға үлкен қуаныш сыйлады. Жыл сайынғы жаңа жыл сыйлықтарын үлестіру, оларды ұйымдастыру ауыл әкімшілігінің дәстүрлі шарасына айналған. Сонымен бірге, барлық мерекелік және қайырымдылық шараларына үнемі үлесін қосып, демеушілік жасап отыратын іргелес орналасқан өндірістік мекемелерге ауыл тұрғындары атынан шексіз алғыс білдіреміз.