Қарттарға құрмет көрсетілді.

Қарттарға құрмет көрсетілді.

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.

Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ауыл әкімі Туғанбаев Серік қазыналы қарттарды айтулы мерекелерімен құттықтады.

Ауыл әкімі ауылымыздың абыз қарияларымыздың шаңырақтарында болып, сый - құрмет көрсетті. Ауылдық әкімдік пен бірлесіп демеушілік есебінен кәсіпкер Өтенбаев Нұрмахан ауылымыздағы 80 жастан асқан 25 отбасыға 10кг ақ күріш үлестірді.

Қарттармен тілдесіп, тұшымды әңгімелерін тыңдап, қарияларды мерейлі мерекелерімен құттықтап, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, қажымас қайрат тіледі.

Көпті көрген кемеңгер қарияларымыз ауылдық әкімдік басшылығына өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.