
Аудан аумағында республикалық маңызы бар 50 шақырым, облыстық маңызы бар 60,6 шақырым, аудандық маңызы бар 123,5 шақырым барлығы 234,1 шақырым автомобиль жолдары бар.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 115 шақырымы немесе 93,1% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, 8,5 шақырымы немесе 6,9% қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Үстіміздегі жылы жалпы жоба құны 196,5 млн. теңге құрайтын Бұқарбай батыр ауылына кіре беріс автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 98,3 млн. теңге, ҚР Ұлттық қорынан 98,2 млн теңге қаралып, 6,33 шақырым жолға асфальт төселді. Жөндеу жұмыстар толығымен аяқталды. (Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС).
Сонымен қатар,
Ақсу елді мекеніне кіре беріс (2,3 шқ) аудандық маңызы бар автомобиль жолының 76,7 млн. теңге құрайтын орташа жөндеу жобасын,
Жаңадария елді мекеніне кіре беріс (17,1 шқ) аудандық маңызы бар автомобиль жолының 392,1 млн. теңге құрайтын орташа жөндеу жобасын,
Аққыр елді мекеніне кіре беріс (20,6 шқ) аудандық маңызы бар автомобиль жолының 664,8 млн. теңге құрайтын күрделі жөндеу жобасын республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім тапсырылған болатын. Осы жобалар ішінен Жаңадария елді мекеніне кіре беріс (17,1 шқ) аудандық маңызы бар автомобиль жолының 392,1 млн. теңге құрайтын орташа жөндеу жұмыстарын бастау үшін биылғы жылға республикалық бюджеттен 100,0 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме: «Ақтоған» ЖШС.
Аудан бойынша ұзындығы 232,4 шақырым 218 көше бар. Оның ішінде Жалағаш кентінде 75 көше ұзындығы 88,8 шақырым, ауылдық елді мекендерде 143 көше ұзындығы 143,5 шақырым.
Биылғы жылы, «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 351,3 млн теңге есебінен төмендегі жұмыстар жүргізілуде. Мырзабай ахун ауылындағы 2 көшені күрделі жөндеуге 131,5 млн теңге қаралып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары аяқталды. (жалпы құны 138,6 млн. теңге ұзындығы 3,88 шқ). Мердігер мекеме: «Строй модуль Астана» ЖШС;
Еңбек ауылындағы 3 көшені күрделі жөндеуге 110,6 млн теңге қаралды. Бүгінгі күнге 2 көшенің жұмыстары аяқталса, 1 көше асфальт төсеміне дайындалуда. (жалпы құны 116,5 млн. теңге, ұзындығы 3,71 шқ). Мердігер мекеме: «Құрылыс-Көлік Компаниясы» ЖШС;
Шаменов ауылындағы 9 көшені орташа жөндеуге 113,5 млн теңге қаралды. Қазіргі таңда 4 көшенің жұмыстары аяқталды. 5 көше асфальт төсеміне дайындалуда (жалпы құны 121,7 млн. теңге, ұзындығы 3,74 шқ). Мердігер мекеме: «Компания Бауыржан Құрылыс» ЖШС.
Сондай - ақ, облыстық бюджеттен 72,0 млн теңге қаржы бөлінді.
Бөлінген қаржы есебінен Аққыр ауылындағы 1 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (жалпы құны 31,2 млн. теңге, ұзындығы 0,96 шқ). Мердігер мекеме: «Құрылыс-Көлік Компаниясы» ЖШС;
Сонымен қатар, Жаңадария ауылындағы 1 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді (жалпы құны 41,0 млн. теңге, ұзындығы 1,2 шқ) . Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС.
2021 жылы Есет батыр ауылы бағытындағы оңтүстік коллектор көпірін қайта жаңғырту жұмыстарын бастау үшін ұлттық қордан 59,7 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. (жоба құны 149,5 млн. теңге).
2022 жылы көпірді жаңғырту жұмыстарын толық аяқтау үшін, облыстық бюджеттен 74,7 млн.теңге қаралып, қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
2021 жылы Ақсу елді мекенін орталықтандырылған газ желісімен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 9,2 млн теңге бөлінген болатын. Жобалаушы мекеме «Прикаспийское управление строительства Шымкент» жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 545,250 млн теңгені құрады. Жобаны бюджеттен қаржыландыру үшін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
М.Шаменов елді мекенін орталықтандырылған газ желісімен қамтамаыз етуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін 2022 жылы аудандық бюджеттен 7,6 млн теңге қаржы қаралды. Жобалау мекеме «Жамбылагрогазпроект» ЖШС-мен жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуге жолданды. Сараптамаға дейінгі жоба құны 660,9 млн теңгені құрайды.
Үстіміздегі жылы Жалағаш кентіндегі бірқатар бюджеттік, әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерін әзірленген жобалау-сметалық құжаттарға сәйкес газ отынына көшіруге бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда:
1) Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінің (жоба құны 23,3 млн теңге) жылу жүйесін газ отынына көшіруге облыстық бюджеттен 23,2 млн теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекеме «Теплоэнергострой» ЖШС-мен құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
2) Мәдениет және өнерді дамыту орталығы мекемесінің (жоба құны 27,3 млн теңге) жылу жүйесін газ отынына көшіруге облыстық бюджеттен 27,3 млн теңге қаржы бөлінді. Мердігер мекеме «Теплоэнергострой» ЖШС-мен құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
3) Аудандық қаржы бөлімінің (жоба құны 29,6 млн теңге) жылу жүйесін газ отынына көшіруге облыстық бюджеттен 29,6 млн теңге қаржы қаралды. Мердігер мекеме «Azia Stroy KZ» ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
4) «Күншуақ», «Ақмаржан» балабақшалары, №19 санаториялық балабақшаның (жоба құны 55,5 млн теңге) жылу жүйелерін газ отынына көшіруге ҚР Ұлттық қорынан 49,9 млн теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Azia Stroy KZ» ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Жалағаш ауданы, М.Шаменов ауылына кіре беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолын жарықтандыру жұмыстарына (жоба құны 17,198 млн теңге) биылғы жылы облыстық бюджеттен 17,198 млн теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Пульс» ЖШС-мен жұмыстар толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.
2022 жылы республикалық бюджеттен Жалағаш кентіндегі 5 көппәтерлі тұрғын үйлерді (Қазыбек би көшесі №38, 50, Желтоқсан көшесі №2, М.Шаменов көшесі №76, 78) күрделі жөндеу жұмыстарына 36,037 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күнге мердігер мекеме «Жалағаш сервис» ЖШС-мен күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.