
2018 жылғы 15 ақпан күні Жалағаш ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаевтың төрағалығымен Жалағаш ауданының әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысында төрт мәселе қаралды:
Бірінші. Жалағаш ауданы бойынша есірткі бизнесінің алдын алуда атқарылып жатқан шаралар туралы.
Баяндамашы: Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Н.Ибраев
Қосымша баяндамашылар: Жалағаш аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құрманбаева, Амбулаториялық емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Ә.Бекбергенова
Екінші. Мәдениет, Аққұм ауылдық округі бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы.
Баяндамашылар: Мәдениет, Аққұм ауылдық округі әкімдері
Үшінші. Жалағаш ауданы бойынша 2018 жылдың қаңтар айындағы қылмыстық ахуалдың күрт өсуі, оның алдын алу шаралары және аудан прокурорының 12.02.2018 жылғы ұсыныс хатын қарау туралы
Баяндамашы: Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің жергіліікті полиция қызметінің бастығы М.Өсер
Төртінші. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы.
Баяндамашы: Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ғ.Жанашев
Комиссия отырысына кент, ауылдық округі әкімдері, аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы орган басшылары, орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры қатысты.