Лого

Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы бөлімінің 2022 жылы 9 айда атқарған жұмыстары туралы

Егін науқанының барысы туралы

Ауданның ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес биылғы жылы 35486,5 гектарға егiс орналастырылды.

Оның ішінде негізгі дақыл күріш - 18501 га, бидай-720 га, қант құмайы – 73 га, арпа – 42 га, соя-39 га, мақсары - 520 га, сүрлемдік жүгері-445 га, сұлы - 5 га, қант қызылшасы - 2,5 га, жаңа жоңышқа - 4903 га, ескі жоңышқа - 7186 га, картоп - 646 га, көкөніс - 1108 га және бақша өнімдері - 1296 га.

                                                                                                              №1 кесте

Р/с

Дақыл атауы

Егіс көлемі, га

Айырмасы

2022 жыл, га

2021 жыл, га

1

Күріш

18501

19800

-1299

2

Жаздық бидай

720

600

+120

3

Күздік бидай

-

90

-90

4

Арпа

42

30

+12

5

Сүрлемдік жүгері

445

147

+298

6

Мақсары

520

2200

-1680

7

Қант құмайы

73

-

+73

8

Соя

39

-

+39

9

Сұлы

5

-

+5

10

Жаңа жоңышқа

4903

3960

+943

11

Ескі жоңышқа

7186

6800

+386

12

Қант қызылшасы

2,5

 

+2,5

13

Картоп

646

500

+146

14

Көкөніс

1108

1000

+108

15

Бақша

1296

1200

+96

Барлығы

35486,5

   36327

-       840,5

 

Егінді әртараптандыру бағытында бидай 30 гектарға, жүгері 298 гектарға, арпа 12 гектарға, мал азықтық жоңышқа дақылы 1329 гектарға өткен жылдан артық орналастырылды.

Сондай-ақ, тәжірибелік мақсатта алғаш рет 73 га қант құмайы, 39 га соя, 5 га сұлы, 2,5 қант қызылшасы дақылдары орналастырылды. Бұл дақылдардан жоғары өнім алынған жағдайда алдағы уақытта көлемі арттырылатын болады.

Аудан бойынша орналастырылған 18501 га күріш толық орылып, 958 352 центнер өнім жиналды, орта өнім әр гектардан 51,8 цн/га.

/2021 жылы 19800 га күріш дақылы орналастырылып 1140480 центнер өнім жиналды, орта өнім 57,6 ц/га.

Егілген 720 гектар бидай толық жиналып 5400 центнер (орта өнім 1 га 7,5 цн, 2021 жылы орта өнім 7,0 ц/га);

42 га арпа толық жиналып 294 центнер (орта өнім 1 га 7,0 цн, 2021 жылы орта өнім 6,5 ц/га);

5 га сұлы толық жиналып 63 центнер (орта өнім 1 га 12,3 цн, 2021 жылы сұлы жоқ);

73 ша қант құмайы толық жиналып 2921 центнер (орта өнім 1 га 40,0 цн, 2021 жылы қант құмайы жоқ);

39 га соя толық жиналып 660 центнер (орта өнім 1 га 17,0 цн, 2021 жылы соя жоқ);

520 га мақсары жиналып 4420 центнер  (орта өнім 1 га 8,5 цн, 2021 жылы 8,3 ц/га);

4903 га жаңа жоңышқа толық жиналып 58346 центнер (орта өнім 1 га 11,9 цн, 2021 жылы орта өнім 12,4 ц/га);

7186 гектар ескі жоңышқадан 370777 центнер (орта өнім 1 га 29,6 ц/га, 2021 жылы орта өнім 49,3 ц/га);

Сондай-ақ, 18501 га күріштің 15894 га (85,9%) орылып, 14421 га (77,9%)  бастырылды. 1 гектардан 51,0 центнерден өнім алынып, барлығы 735474  центнер өнім жиналды /2021 жылы 19800 га күріш дақылы орналастырылып 1140480 центнер өнім жиналды, орта өнім 57,6 ц/га.

 

Мал шаруашылығы туралы

 

Аудан көлемінде барлығы 38456 бас мүйізді ірі қара, 45207 бас  уақ мал,  22502 жылқы,  733 бас түйе,  124 бас шошқа, 10934 бас құс өсірілуде.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 104,1 %, жылқы 135,6 %, түйе 102,5 %, уақ мал 100,4% , құс 102,35% орындалды.

2022 жылдың 1қыркүйегіне барлығы  2259,1 тн (тірілей салмақта) ет,  6733,2 тн сүт, 154,5 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 100,7 пайызға, сүт 101,4 пайызға, жұмыртқа 100,7 пайызға орындалды.

Бір сиырдан сауылған сүт  өткен жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға,  бір мекиеннен алынған жұмыртқа 2,1 пайызға артты.

Аудан бойынша 136 шаруашылық мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде тікелей сыбаға бағдарламасымен 116 шаруашылық айналысады.

Аудан көлеміндегі асыл тұқымды малдың үлес салмағы 2,0 пайызға жетті.

Аудан бойынша 3 шаруашылық (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Боранбай ШҚ) асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырын өсірумен,1 шаруашылық асыл тұқымды қалмақ сиырын өсірумен (Еркебұлан ФҚ),  2 шаруашылық  (Бақдаулет 57, Туған жер ШҚ)  асыл тұқымды қой малын өсірумен айналысуда. Адал ЖК осы жылы Қарағанды облысы Шет ауданы «Жандос» ШҚ-нан қосымша 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын өз қаражатымен сатып алды.

Биылғы жылы Аққұм ауылдық округінен Бақдаулет-57 ШҚ  сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында 60 бас   асыл тұқымды сиырлар әкелуді жоспарлап отыр.

 «АгроЛидер  Таң» ЖШС жанынан мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу  цехы жұмыс жасауда. Цехта тәулігіне   0,5   тонна ет өңделіп , 15 түрлі өнім дайындалып облыс көлеміндегі сауда орындарына өткізіледі. 8 адамды жұмыспен қамтып отыр.

 

Әлеуметтік маңызы бар

азық-түлік бағаларын ұстап тұруға

бағытталған шаралар туралы

 

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында азық-түлік өнімдеріне тұрақты түрде бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандағы барлық сауда орындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің 14 түрі  қымбаттаған. Атап айтқанда ақ күріш-7,5 теңгеге, ұн-44 теңгеге, рожки-127,5 теңгеге, сиыр еті-100 тг, тауық еті - 550 теңгеге, сүт-228 теңгеге, айран-170 теңгеге, ірімшік-800 теңгеге, жұмыртқа-125 теңгеге, сары май-122,5 теңге, күнбағыс майы-32,5 теңгеге, жуа-15 теңгеге, қант-195 теңгеге, тұз-10 теңгеге. 5 өнімнің бағасы арзандады (қарақұмық жармасы-13 теңгеге, нан-10 теңгеге, қырыққабат-130 теңгеге, сәбіз-20 теңгеге, картоп-35 теңгеге).

Бүгінгі күнге Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында ауданда өндірілетін және сырттан келетін 668,8 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар. Оның ішінде ұн-188 тн, күріш-110 тн, қант-64 тн, макарон-115 тн, күнбағыс майы-49 тн, тұз-53 тн, жуа-38 тн, картоп-48 тн, сәбіз-21 тн  және т.б.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттауының себебі азық-түлік өнімдері негізінен Қостанай, Петропавл, Түркістан облыстарынан, Шымкент қаласынан тасымалдануынан болып отыр. Осы кәсіпкерлердің азық-түлік өнімдерінің бағасы жоғары болуы және тасымалдаушылардың бағасымен қоса есептегенде ауданда азық-түлік өнімдерінің бағасы өсуде.

Аудандағы «Ақниет» көтерме сауда орны нан өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр ӘКК» АҚ-мен 68 тн ұн алып аудандағы нан өнімдерін дайындайтын кәсіпкерлерге (наубайханаларға) босатуда (1 сортты Роял ұны 1 килограмы 140 теңге, 50 кг 7000 теңге).

«Азық-түлік келісім шарт» корпорациясы аудандағы азық-түлік тауарларын сататын ірі және шағын дүкен иелеріне келісім-шартқа сәйкес төменгі бағада қант сататындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Осыған сәйкес, қант өнімін алуға «Ақниет» (64тн) және «Бағдат» (5тн) дүкендері қызығушылық танытып, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ұсынылып «Ақниет» сауда дүкені 64 тн қант өнімін алып арзан бағада 1 кг 490 теңгеден аудан тұрғындарына сатуда. 

Сонымен қатар, «Ақниет-2» көтерме сауда дүкені әлеуметтік бұрыш ашу жөнінде «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен меморандумға отырды. Қазіргі таңда әлеуметтік бұрыш ашылды базар бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада аудан тұрғындарына ұсынылып жатыр.

Азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Кент тұрғындарынан (Қ.Жұбатыров, Ж.Алиакбарова, Қ.Батырхан.) азық-түлік бағаларын негізсіз көтермелеп отырған үй жанынан ашылған 3 дүкенге (Сағымбай Ата, Ұлжан, Айнұр) шағым түсірді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағаларына жүргізілген аудандағы ірі және шағын сауда орталықтарына мониторинг бойынша қымбаттаған азық-түлік тауарлары анықталып Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне 5 мәрте мемлекеттік қадағалау шараларын қолдануға хаттар жолданды.

Дипломмен ауылға бағдарламасы туралы 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына 2020 жылдың қаңтар айында өзгеріс енгізіліп, “Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені, кент және ауылдық округ әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шаралары, оның ішінде тұрғын үйге және біржолғы көтерме жәрдемақығы” құжаттарды тапсыру  Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы арқылы және «Еgov.kz» сайты арқылы жүргізілуде. Мамандардың Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына және «Еgov.kz» сайтына  тапсырған өтініштері заңдылыққа сай қабылданып, аудан әкімінің қаулысына сәйкес кезекке қойылып, реттілігімен берілуде.

 Қазіргі таңда тұрғын үй несиесі 1500 АЕК (1500 АЕК-4594500 тг) құраса, көтерме жәрдемақы 100 АЕК (100АЕК-3063 тг) құрап отыр. (1 АЕК-3063 тг, АЕК-айлық есептік көрсеткіш)

Жалағаш ауданы бойынша 2010-2021 жылдар аралығында 931  маманға тұрғын үй несиесін алуға,  2 790 496,0 мың теңге қаржы берілген.

2009-2021 жылдары аралығында көтерме жәрдемақы  642 маманға 93 627 мың теңге берілді.

Биылғы жылы 72 маманға 22 202,0 мың теңге біржолғы көтерме жәрдемақы берілді.

Тұрғын үй несиесін алуға 42 маманға 192 969,0 мың теңге берілді.

Дата публикации
11 октября 2022
Дата обновления
11 октября 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы