Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2022 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы мәлімет
Жалағаш ауданы, Мәдениет, Аққұм елді мекендерінде су тарату жүйесін аула ішілік су тарату желісін кеңейту, тұтынушыларға су тарату желісінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем-құрылыс» ЖШС-і.
Жалағаш кенті «Ақтерек» учаскесіне су ұңғымалары және су жинау-тарату кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем-құрылыс» ЖШС-і.
Жалағаш кентіндегі аудандық қаржы бөліміне қазандық ғимараты құрылысын салу және оны табиғи газға қосумен жылу жүйесіне жалғау» жұмыстарының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме «Asia Stroy KZ» ЖШС-і.
«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті «Ақтерек» учаскесі 170 гектараға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электрмен жабдықтау желілері)» құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыстың аяқталу мерзімі – 2022-2023жж өтпелі. Мердігер мекеме – "СӘТ-СЕРВИС" ЖШС.
«Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті «Ақтерек» учаскесі 170 гектараға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (сумен жабдықтау жүйесі)» құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2022-2023 жж өтпелі. Мердігер мекеме – "СӘТ-СЕРВИС" ЖШС.
Ақсу, Қаракеткен, Мырзабай ахун елді мекендеріндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желілеріне) жоба-сметалық құжаттар (демеушілік есебінен) әзірленіп, Қызылорда обылысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.
Есет батыр, Т.Жүргенов, елді мекендеріндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желілеріне) жоба-сметалық құжаттар (демеушілік есебінен) әзірленуде.