Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының 2022 жылдың ІІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

2022 жылға аудан бюджетінен 1697397,5 мың теңге, оның ішінде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 606918,7 мың теңге, жұмыспен қамту орталығы бойынша 1090478,8 мың теңге қаржы қаралды. 2022 жылдың 1 қазанына  қаралғаны 955471,2 мың теңге, игерілгені 952847,4 мың теңге немесе 99,43%.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның орындалуы

         2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 3108 адам халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласты, о.і. 1402 адам немесе 45,1%-і Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді. (әлеуметтік жұмыс орны-38, жастар практикасы-274, қоғамдық жұмыс-874, ұрпақтар келісімі-5, алғашқы жұмыс орны-14, күміс жас-14, мемлекеттік грант-154, қысқа мерзімді оқу-29).

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру бағыты бойынша 300 жобаны қаржыландыру жоспарланса, 2022 жылдың 1 қазанына 154 жоба қолдау тауып, жоспар 51,3 пайызға орындалды. 

«Бастау бизнес» жобасы аясында 120 адам оқыту жоспарланса, 791 оқуды аяқтап, жоспар 6,6 есеге (659 пайызға) орындалды. 

Әлеуметтік жұмыс орындарына 35 адамды жолдау қажет болса, 2022 жылдың 1 қазанына 38 адам жолданып, жоспар 108,5 пайызға орындалды. 

Жастар тәжірибесі бойынша 196 адамды жолдау қажет болса, 2022 жылдың 1 қазанына 274 адам жолданып (оның ішінде 2021 жылы – 106 адам, 2022 жылы 168 адам), жоспар 85,7 пайызға орындалды. Оның ішінде 20 адам мерзімінен бұрын аяқтап, 14 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

        

Ақылы қоғамдық жұмыс орындары бойынша жоспар 540 адам болса, 2022 жылдың 1 қазанына 874 адам жолданып, жоспар 161,9 пайызға орындалды. Оның ішінде 113 адам мерзімінен бұрын аяқтап, 58 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 

Мемлекеттік қолдау шараларынсыз жоспар бойынша 800 адам жұмыспен қамтылу қажет болса, бүгінгі күнге 545 адам (68,1%) жұмысқа орналасты. 

Алғашқы жұмыс орындары бойынша жоспар 10 адам болса, 2022 жылдың 1 қазанына 14 адам жолданып, жоспар 140 пайызға орындалды. 

Ұрпақтар келісім шарты бойынша жоспар 5 адам болса, 2022 жылдың 1 қазанына 5 адам жолданып, жоспар 100 пайызға орындалды.

Күміс жас бойынша жоспар 15 адам болса, 2022 жылдың 1 қазанына 14 адам жолданып, жоспар 93,3 пайызға орындалды. 

«Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталының кіші жүйесі онлайн режимінде жұмыссыздарды кәсіби оқыту платформасы бойынша 74 адамды оқыту жоспарланса, 81 адам оқуды аяқтап, жоспар 109,4 пайызға орындалды. 

Жұмыс берушілердің өтінімі негізінде қысқа мерзімді курстарға оқыту бойынша жоспар 29 адам болса, 2022 жылдың 1 қазанына 29 адам жолданып, жоспар 100 пайызға орындалды.

Дата публикации
10 октября 2022
Дата обновления
10 октября 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы