Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі бойынша 2022 жылдың ІІІ тоқсан бойынша атқарылған жұмыстары туралы

Атаулы әлеуметтік көмек: 2022 жылдың 1 қазанына 305  отбасының 1813 мүшесіне 85214,1 мың теңге тағайындалып, төленді.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакет бойынша АӘК алатын отбасының 1-3 жасқа дейінгі 132 баласына, 3-6 жас аралығындағы 154 баласына, барлығы 1-6 жасқа дейінгі 286 балаға азық-түлік жиынтығы мен тұрмыстық химия тауарлар жиынтығы тағайындалып берілді. Бұл мақсатқа 14160,6 мың теңге қаржы жұмсалды.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге жергілікті бюджеттен 5278,0 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге 28 отбасының 65 мүшесіне 722,7 мың теңге  тағайындалып, төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдерімен берілетін әлеуметтік көмектер:

2022 жылдың 9 айына жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 833 адамға 47599,8  мың теңге әлеуметтік төлемдер төленді. 

Жұмыссыздық деңгейі  және жаңа жұмыс орындарының ашылуы

2022 жылы 2420 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, есепті мерзімге 1641 жаңа жұмыс орындары ашылды (оның 647-і тұрақты).

МҮГЕДЕКТЕР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ 

Аудан бойынша мүгедектердің орталықтандырылған деректер қорына сәйкес 2022  жылдың 1 қазанына 935 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны-194.

Мүгедектерді сауықтыру  жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) негізінде жүзеге асырылады. Барлығы  568 жеке оңалту бағдарламасы  даярланды, 396-ы немесе 69,7% орындалды. 2021 жылдың ауыспалы ЖОБ қоса есептегенде 1145-і орындалды.

2022 жылдың 1 қазанына 518 мүгедектігі бар адам міндетті гигиеналық құралдармен, 25 мүгедектігі бар адам таяқпен, 18 мүгедектігі бар адам  балдақпен, 9 мүгедектігі бар адам жетек арбамен, 40 мүгедектігі бар адам кресло арбамен, 99 мүгедектігі бар адам санаторлы-курорттық жолдамамен, 46 мүгедектігі бар адам тифлотехникалық құралдармен, 10 мүгедектігі бар адам сурдотехникалық құралдармен, 111 мүгедектігі бар адам протездік ортопедиялық құралдармен  қамтамасыз етілді.

Есту кемістігі бар 5 мүгедектігі бар адамға 1 ымдау тілі маманы, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы 95 мүгедектігі бар адамдарға 95 жеке көмекші қызмет алуға өтініш білдірсе, бүгінгі күні 85-і қызмет алуда.

Ымдау тілі маманына 965,0 мың теңге, жеке көмекшілерге 61150,2 мың теңге төленді.

 «Инва такси» қызметіне 2022 жылға облыстық бюджеттен 3240,0 мың теңге қаржы қаралған. 2022 жылдың 1 қазанына осы қызмет түрін пайдаланатын мүмкіндігі шектеулі 1 топ мүгедектігі бар адамдарға 2177,7 мың теңге қаржы төленді.      

       Облыстық мүгедектерді оңалту орталығына баруға өтініш білдіргендерден  2022 жылдың 1 қазанға 28 адам жолдамамен жіберілді. Оның ішінде 3-уі зейнеткер.

       2022 жылдың 1 шілдесіне мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша қаралған қаржы 5045,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 63 мүгедек баланың ата-анасынан құжаттар қабылданып, 2996,6 мың теңге төленді.

18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың 11-і «Альтаир-Бөбек» қоғамдық қоры арқылы жартылай стационар жағдайда қызмет алуға жыл басында өтініш білдірген. Бүгінгі күні 7 балаға қызмет көрсетуде. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 11064,0 мың теңге қаралған, игерілгені 3161,0 мың теңге.

           Аудан бойынша 2022 жылдың 1 қазанына  86 мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 50 балаға үйден әлеуметтік қызмет көрсетілуде. 

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша. Есепті кезеңде бөлім бойынша 2022 жылғы 1 қазанына барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны 7853. Оның ішінде азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің   түрі бойынша 1087 азаматтық хал актілер жазбасы тіркелді. Оның ішінде: 512-і бала тууды тіркеу, 130-ы қайтыс болуды тіркеу, 124-і неке қиюды тіркеу, 14-і некені бұзу, 7-уі тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, 298-і қайталама куәлік беру, 2-уі хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру  мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетілді. 

Дата публикации
10 октября 2022
Дата обновления
10 октября 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы