Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2022 жылдың ІІІ тоқсанында атқырған жұмыстары

САЛАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Жалағаш ауданының мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерінің желісін 6 аудандық және 31 ауылдық мәдениет ұйымдары құрайды. Соның ішінде 7 мәдениет Үйі, 9  клуб,  18 кітапхана,  тарихи-өлкетану мұражайы, мәдениет және өнерді дамыту орталығы,  Бұқарбай батыр атындағы тарихи үй аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді.

Сала бойынша 4 халықтық ұжым жұмыс жасайды. (Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанында «Алтын-Арай» халық ән-би ансамблі, Халық театры, «Арай» мәдени үгіт тобы, Есет батыр ауылдық мәдениет үйі жанында «Қызғалдақтар» халық ән-би ансамблі). 

МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАР

Ауданның мәдениет саласы бойынша 2022 жылдың ІІІ тоқсанында  1390  мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, 112 006 көрермен қамтылған. Оның ішінде онлайн режимінде 267 шара өткізіліп, 22257 қаралым болған. 

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2022 жылдың даталы күндері мен атаулы мерейтойларын атап өту мақсатында салалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспары  ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы, КСРО халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығы, жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы, Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығы, жергілікті қаламгер Ахмет Тілеулиевтің 75 жылдығы, сонымен бірге даңқты қолбасшы, ұлт батыры Бұқарбай Естекбайұлының 210 жылдығы, Нысанбай жыраудың 200 жылдығына арналған ауқымды мәдени-көпшілік шараларды қамтиды.

Атап айтқанда даңқты қолбасшы, ұлт батыры Бұқарбай Естекбайұлының 210 жылдығына орай батырдың ерліктерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Батырды ұмытпау тарихымызды ұлықтау» атты аудандық байқау, мәдениет ауылдық кітапханасында «Бұқарбай батыр және оның заманы» атты буктрейлер сағаты, шығыс жастарының ұйымдастырушысы Ғани Мұратбаевтың  120 жылдығына «Жалындап өскен жас ғұмыр» атты кітап көрмесі және жергілікті ақын Жақсыбай Сарбалаевтың 80 жасына орай «Жыр жұлдыз» атты жыр кеші ұйымдастырылып өткізілді.

Ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған шаралар легі аудандық кітапханада «Ұлтымыздың ұлы ұстазы» тақырыбында виртуалды көрмемен бастау алса, Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Ахмет Байтұрсынұлы, ғибратты ғұмыр» атты деректі фильм көрсетілімі жас көрермен назарына ұсынылды сонымен бірге Мәдениет ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Қазақ халқының рухани көсемі» атты онлайн облыстық байқауы, Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет үйінде жастарға арналған «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты көркемсөз оқу сайыстары,  ұйымдастырылып өткізіліп ұлт ұстазын ұлықтауға арналған шаралар осылайша жалғасын тапты.

Жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы аясында  ауданның жас таланттарын шыңдау мақсатында мәдениет және өнерді дамыту орталығы жанындағы «Қыл қалам» үйірмесінің қатысушылары салған суреттерінен құралған көрме ұйымдастырылса, жергілікті қаламгер Ахмет Тілеулиевтің 75 жылдығына арналған «Қаламы қарымды қаламгер» атты еске алу кеші  ұйымдастырылып өткізілді.

Сонымен қатар Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанындағы «Алтын-Арай» халық ән-би ансамблінің «Сағындырған әндер» ретро ән кеші өткізілсе, Есет батыр ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Қызғалдақтар»  халық ән-би ансамблінің ұйымдастыруымен КСРО халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Сол бір кеш» атты концерті өткілсе, Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ғажайып сырлы үн» атты ретро ән кеші көрермен назарына ұсынылды.

Наурыз мейрамын мерекелеуді форматтау, аудан халқының мерекелік концерттерді тамашалауына қолжетімділіктерін арттыру мақсатында 15-19 наурыз күндері «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» тақырыбында ұлттық салт-дәстүр, әдет ғұрыптар байқауы өткізіліп, әр ауылдық округ ежелден келе жатқан ұлттық өнеріміз бен салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып сахналады. 

Сонымен бірге 21 наурыз күні кент орталығында «Жаңа күннің жаршысы – Әз Наурыз» атты Наурыз мерекесіне арналған театрландырылған қойылым мен мерекелік концерт аудан халқының назарына ұсынылды.

Елорда күніне орай Жалағаш кентіндегі орталық алаңда «Елімнің жүрегі – Елорда!» атты мерекелік концерт өткізілсе, Халықаралық жастар күніне арналған «Алтын-Арай» халық ән-би ансамблінің «Жалынды жастар – ел болашағы» атты мерекелік концерті өткізілді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата Заңым-алтын тұғырым» атты мерекелік салтанатты жиын ұйымдастырылып думанды іс-шараларда аудан өнерпаздары ән мен жырдан шашу-шашып келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ кәсіби мерекелер қатарына жататын көлік қызметкерлері, құрылысшылар, ұстаздар  күндеріне орай өткізілген мерекелік шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Қазақстан Халқы Тілдері күні мерекесі және Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-лингвист Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тілім менің – қасиетім жырымдағы» атты бейнебаянды фейзбук желісі арқылы көрермен назарына ұсынылды.

Өткізілген барлық мәдени көпшілік іс-шаралар қоғамның топтасуына, отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға, ұлттық мәдени-рухани құндылықтарымызды насихаттауға бағытталды.

МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ МЕН КЛУБ КӘСІПОРЫНДАРЫ

Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, ұлттық фольклордың дәстүрлі жанрларын дамыту, насихаттау, ұлттық өнерімізді жастардың бойына сіңіру, жас таланттарды табу, бос уақыттарын тиімді пайдалану, олардың өнерін шыңдау және насихаттау мақсатында аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығы мен Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйлері жанынан құрылған әр түрлі жанрдағы үйірмелер жұмыс жасап, үйірме мүшелері мәдени көпшілік іс-шаралар мен байқауларға қатыстырылуда.

Өздеріңізге белгілі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялаған болатын.

Осыған орай балалар шығармашылығын дамытуға арналған Жалағаш ауданының мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында әр түрлі жанрдағы барлығы 91 үйірме жұмыс жасайды. Оған қатысушылар саны 1038-ді құрайды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда үйірмелер саны 3-ке, қатысушылар саны 10 балаға артқанын көрсетеді (2021 жылдың 2 тоқсанында үйірмелер саны 88, қатысушылар саны 1028)

Қосымша жыл басынан бері балаларға арналған Жаңаталап клубы жанынан «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесі ашылып жұмыс жасауда.

         Үйірмелер саны

Қатысушылар саны

2021 жылдың ІІІ тоқсаны

2022 жылдың ІІІ тоқсаны

2021 жылдың ІІІ тоқсаны

2022 жылдың ІІІ тоқсаны

88

91

1028

1038

Үйірме мүшелері мәдени көпшілік іс-шаралар мен республикалық, облыстық байқау – конкурстарға қатыстырылып жүлделі орындар иеленуде. 

         Атап айтқанда ауданның мәдениет мекемелері 2022  жылдың 9 айында 13 аудандық байқау өткізіп, 669 өнерпаз қатыстырды. Нәтижесінде: аудандық байқаудан бас жүлде – 9; I орын - 13; II орын – 20; III орын – 28;        

         Сонымен бірге облыстық деңгейде өткен  40 байқауға 262 өнерпаз қатысып, бас жүлде - 4; I орын -9; II орын –13; III орын–17 иеленсе, республикалық деңгейде өткен 10 байқауға 73 өнерпаз қатысып нәтижесінде бас жүлде –5; I орын -5; II орын – 1 иеленді.

         Сондай-ақ халықаралық деңгейде өткізілген 5 байқауға 59 өнерпаз қатысып бас жүлде-3; I орын - 7; III орын -1 иеленіп аудан абыройын асқақтатты.         

Ауданда республикалық, облыстық деңгейдегі эстрада әншілері мен шығармашылық ұжымдардың еліміздің барлық өңірлеріне гастрольдік сапарларға  кедергісіз шығуы жолға қойылған.

         Мәдени-көпшілік жұмыстарды жүргізудің тұрғындарға мәдени қызмет көрсету мәселесінің, соның ішінде тиісті мәдениет мекемелері жоқ елді мекендерге, ауыл ұжымдарына мәдени қызмет көрсету бағытында № 1-ші, 2-ші мәдени – демалыс кешен қызметкерлері  елді мекен тұрғындарына мәдени қызмет көрсетіп келеді.

КІТАПХАНА ІСІ

          Ауданда барлығы 18 мемлекеттік  кітапхана бар. Оның ішінде 15-і елді мекендерде тұратын оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне 2022 жылдың 9 айында мемлекеттік тапсырыстан 366 дана кітап  келіп түсті.

Қазіргі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры 371 693 дана кітапты құрайды, оның 227 977-і қазақ тіліндегі кітаптар.

Негізгі сандық көрсеткіштер

№

Көрсеткіштер

2021 жылдың ІІІ тоқсанында орындалуы

2022 жылдың ІІІ тоқсанында орындалуы

1

Кітап қоры

367868

371693

2

Оқырмандар саны

13942

13962

3

Кітап берілімі

266282

266318

Кітапханаларда ақпарттық технологияларды ендіру және дамыту бағытында РАБИС бағдарламасының электронды каталогына барлығы 121 091 дана кітап, 7229мақала енгізілді.

Санды форматқа көшірілген кітаптар саны - 898 дана, бет саны – 186 922

         Сонымен қатар оқырмандарға жергілікті баспадан шығатын басылымды сандық форматқа көшіру, виртуалды  анықтама, веб-сайт арқылы кітапхана сайтына кіріп қордағы әдебиеттер мен іс - шараларды қашықтықтан оқып отыруға мүмкіндік жасалған.

Дата публикации
10 октября 2022
Дата обновления
10 октября 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы