
Ауылдық округ бойынша 292 отбасы бар. Қаракеткен-223, Далдабай елді мекенінде-69. Есепте-1550 жан тұрады. Оның ішінде: Қаракеткен-1125, Далдабай елді мекенінде-425. Осы халықтың 448 тұрақты жұмыспен қамтылғандар.
Ауылдық округте 2 мектеп: №114 орта мектеп және №115 негізгі мектеп, 150 орындық 2 клуб бар 1 фельдшерлік акушерлік пункт, 1 аурухана және Далдабай елді мекенінде 1 медпункт жұмыс жасайды.
176 нүктелік АТС, оның ішінде интернет байланысына қосылғандар -128, 1 почта бөлімшесі, 1 тірек пункті бар. Ауыл тұрғындарының жеке меншігінде 2018 жылдың қорытындысымен мүйізді ірі қара–2821 бас, қой-2317 бас, ешкі-1431бас, жылқы – 953 бас, түйе-8 бас, құс-340, шошқа-27 бас тіркеліп есепке алынған.
Әлеуметтік сала
Ауыл округі бойынша 2018 жылы 11 отбасы атаулы әлеуметтік көмекке құжат өткізіп 1 млн 765 мың қаржы алды.
2018 жылы жұмыссыз ретінде 21 адам тіркеліп, оның 21-і ақылы негізді қоғамдық жұмысқа, 2-і жастар практикасына, 8-і уақытша жұмысқа, 10-ы тұрақты жұмысқа орналасты.
Көркейту-көгалдандыру және тазалық жұмыстары
Көркейту-көгалдандыруға 258 мың теңге қаржы қаралып оның, 78 мыңы билборд жаңалауға жұмсалды. Санитарияға 255 мың теңге бөлініп ауыл ішіндегі күл қоқыстар тазартылды.
Кәсіпкерлік саласы
Қаракеткен ауылдық округі бойынша 2018 жылдың 01 желтоқсанына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 58 бірлікті құрап отыр. (4-заңды тұлға, 31-шаруа (фермер) қожалықтары, 23-дара кәсіпкерлер)
Оның ішінен, 55 кәсіпкерлік субъектісі немесе 94,8 пайызы нақты жұмыс жасап тұр. Тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны-3.
Бүгінгі күнге Қаракеткен ауылдық округі бойынша тоқтап тұрған 3 кәсіпкерлік субъектісінің 1 жабылды. Қалған 2 кәсіпкерлік субъектінің жұмысын жалғастыру немесе заңға сәйкес жабу бағытында кірістер басқармасымен тиісті жұмыстар жүргізілуде.
2018 жылдың қортындысына сәйкес жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 55 бірлікті құрап, 96,5 пайызы жұмыс жасап тұр.
«2018-2020 жылдар Қызылорда облысында Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылдары» деп жариялануына байланысты облыста қабылдаған «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» жол картасы аясында үстіміздегі жылы Қаракеткен ауылдық округіне 2018 жылы 11 кәсіпкерлік субъектісін ашуға жоспар қойылған болатын. Бүгінгі күнге 13 кәсіпкерлік субъектісі мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеліп, жоспар 118,2 пайызға орындалып отыр.
2018 жылы Қаракеткен ауылдық округі бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 9 кәсіпкер 32,0 млн теңгеге қаржыландырылды.
Атап айтқанда:
«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламаның гранттар беру бағыты бойынша 1 жоба 700 мың теңгенің грантына ие болды.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 6 жоба 20,7 млн теңгеге қаржыландырылды.
«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының «Микробизнес - Қызылорда» бағдарламасы аясында Азмаханова Гулхан 8 миллион теңге несие алды, қазіргі таңда 47 бас жылқы малын алды.
«Сырдария-1» несие серіктестігі арқылы мал шаруашылығы бағытында 1 жоба 2,6 млн теңгеге қаржыландырылды.
«Zhas Project» жастарға арналған жобасы бойынша ауыл тұрғыны Аширалиева Фариза 1 миллион теңге грант жеңіп алып ауыл жастарына өнер үйірмесін ашты.
2018 жылы басталған «Бастау Бизнес» жобасы аясында Қаракеткен ауылдық округі бойынша жұмыссыз 4 ауыл тұрғыны оқу курсын аяқтап, барлығы облыстық байқау кеңесінде жобаларын қорғап шықты. Сонымен қатар, «Бизнес Кеңесші» жобасы аясында өткізілген қысқа мерзімді оқу курсына 1 азамат қатысып, сертификат алды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында салық салу базасын ұлғайту мақсатында арнайы іс шара жоспары жасалып, бекітілген болатын.
Іс шараға сәйкес Қаракеткен ауылдық округі бойынша 2 дүкеннің нысаналы мақсатын өзгерту, 2 дүкенге алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуға лицензия алу және 1 кәсіпкерлік мақсаттағы ғимаратты бағалату қажет болса, бүгінгі күнге бұл жұмыстар толық аяқталып, іс шара 100 пайызға орындалып отыр.
Білім саласы
Қаракеткен ауылындағы № 114 орта мектебінде 209 оқушы білім алып, 45 мұғалім, 47 тех қызметкер.2018 жылы № 114 орта мектептен 12 оқушы бітіріп, ҰБТ-ға 11 мектеп бітіруші қатысып, орташа бал 98,4 балды құрап, аудан бойынша 2 орынға ие болды. Олардың 12-де жоғары оқу орындарына түсіп білім алуда.
№114 орта мектептің жанынан ашылған шағын орталықта 15 бала тәрбиеленуде. Қызметкерлер саны-8.
Далдабай елді мекеніндегі №115 негізгі мектепте 94 оқушы білім алып, 30 мұғалім, 34 тех.қызметкер жұмыс атқаруда.
№ 115 негізгі мектеп жанынан ашылған шағын орталықта 16 бала тәрбиеленуде, 6 қызметкер жұмыс атқаруда.
«Қарақат» жеке балабақшасында 50 бала тәрбиеленуде.
Денсаулық сақтау саласы
Қаракеткен ауыл орталығында күндізгі бөлімде фельдшерлік-акушеркілік пункті, бір бөлігі аурухана болып халыққа қызмет көрсетуде. Қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, науқастардың емделуіне толық жағдай жасалған. Жоғары білімді 1 дәрігер, 13 медбике, 16 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Бір жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген. 2018 жылы күндізгі бөлімде 81 адам, ауруханада 234 адам ем қабылдады.
Далдабай ауылында 1 фельдшерлік пункт жұмыс атқаруда.
Мәдениет саласы
Ауылдық округі бойынша 100 орындық 1 клуб үйі, Далдабай елді мекені бойынша 50 орындық 1 клуб үйі, округ бойынша 2 клуб үйі халыққа қызмет етеді.
Ауылдық округ бойынша 2 кітапхана бар, олар клуб үйлерінде орналасқан. Ауылдық округ бойынша 22 300 дана кітап қоры бар. Ауылдық клубтарда әр түрлі шаралар, кештер, кездесулер, көркемөнерпаздар концерті өткізіліп тұрады. Қаракеткен ауылдық клубында 3 үйірме қалыпты жұмыс жасайды. Үйірмелерге 49 ауыл өнерпаздары қатысады. 2018 жылы 39 іс-шара ұйымдастырылып, 5800 адам қатысты. Далдабай ауылдық клубында–3 үйірме жұмыс жасауда. Үйірмелерге 30 ауыл өнерпаздары қатысады. 2018 жылы 38 іс-шара ұйымдастырылып, 3204 адам қатысты.
Спорт саласы
Аудандық спорт мектебінің ауылдан ашылған филиалында күрестің дзюдо және бокс түрінен мектептің спорт залында спорт секциясы жұмыс жасайды. Қазіргі уақытта 60 бала секцияларға қатысады.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы 1 спорт нұсқаушы жұмыс атқарады. Айына спорттың 5 түрінен үйірме жұмыстары жүргізіледі. 2018 жылы ауыл спортшылары аудандық спартакиадан ерлер командасы 3 орынды иеленсе әйелдер командасы 1 орынды иеленді.
Шағын футболдан «Қаракеткен» құрамасы Қызылорда облыстық әуесқой лигасында өнер көрсетіп жүр.
Почта – байланыс саласы
Ауылдық округі бойынша 1 почта қызметкері, 1 АТС қызметі халыққа қызмет жасайды. Елді мекендегі жеке үйлерге, мектеп, мекемелердің интернет жүйесіне толық және қиындықсыз қосылуына мүмкіндіктер алды.
Салық базасы
2018 жылы жергілікті салықтардың орындалуы бойынша барлығы 816 мың 554 теңге жиналып, бюджетке өткізіліп, салық 100 пайызға орындалды.
Атқарылған жұмыстар
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде биылғы жылы Далдабай елді мекенінің орталық көшесіне 400 метр жерге тас төселіп, ағымдағы жөндеуден өтті.
Қаракеткен ауылдық округі ауыз сумен қамтылған. Далдабай елді мекеніне ауызсу жүргізудің жоба сметалық құжаттары дайын, бюджеттік өтінім тапсырылды.