
Жалағаш аудандық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес №128 (Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №7, Аудандық мәдениет үйі ғимараты), №129 (Жалағаш кенті, Жеңістің 50 жылдығы көшесі №20, №202 орта мектеп ғимараты), №130 (Жалағаш кенті, Қазыбек би көшесі №40, №31 мектеп-гимназия ғимараты), №132 (Жалағаш кенті, Абай көшесі №61, №246 орта мектеп ғимараты), №134 (Қаракеткен ауылы, А.Құнанбаев көшесі №26, №114 орта мектеп ғимараты), №135 (Далдабай ауылы, Д.Жалтынов көшесі №49, №115 негізгі мектеп ғимараты), №136 (Таң ауылы, Орынбай жырау көшесі №12, Ауылдық мәдениет үйі ғимараты), №138 (Бұқарбай батыр ауылы, Бұқарбай батыр көшесі №21, ауылдық мәдениет үйі ғимараты), №139 (Ақсу ауылы, Т.Елеусінов №14, №116 орта мектеп ғимараты), №140 (Аққыр ауылы, Н.Таспенов көшесі №4, №188 орта мектеп ғимараты), №141 (Жаңаталап ауылы, Ә.Қожабаев көшесі №21, №119 орта мектеп ғимараты), №142 (Мақпалкөл ауылдық округі, Т.Жүргенов ауылы, М.Нұрылдаев көшесі №38, Ауылдық мәдениет үйі ғимараты), №144 (Мәдениет ауылы, Мәдениет ауылдық клуб ғимараты), №146 (Мырзабай ахун ауылы, Ә.Жүргенбаев көшесі №28, №122 орта мектеп ғимараты), №147 (Аққұм ауылдық округі, Аққұм ауылы, Бейбітшілік көшесі №7, «А» Аққұм ауылдық клуб ғимараты), №149 (Еңбек ауылы, Т.Дәуітбаев көшесі №5, Ауылдық мәдениет үйі ғимараты), №151 (Есет батыр ауылы, К.Әбішов көшесі №26, Ауылдық мәдениет үйі ғимараты), №153 (Жалағаш кенті, А.Ізтілеуова көшесі №18, №123 мектеп-лицей ғимараты), №377 (Жалағаш кенті, Нефтебаза көшесі №1 «А», Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау изоляторының ғимараты) және №378 (Жалағаш кенті, Н.Мырзалиев көшесі №73, Жалағаш аудандық аурухана ғимараты) учаскелік сайлау комиссияларының (әрі қарай – сайлау комиссия) құрамынан шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау өтетіндігін хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, сайлау комиссиясына өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша мәслихат сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 09 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash?lang=kk сайтының “Сайлау” атты парақшасында орналастырылған. Көру, көшіріп алу : prilozhenie kaz .rar (55,0 кб).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 25 қыркүйеке дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 15: 00-ге дейін.
Жалағаш аудандық мәслихаты
Жалағаш аудандық мәслихаттың хатшысы- Г.Курманбаева.
Мәслихаттың орналасқан жері Жалағаш кенті, Әйтеке би, 14 үй.
Жауапты маман – бас маман Досмагамбетов Рустем Тулебаевич, каб. н/с, 2 қабатта, байланыс телефоны (872431)32389, ұялы телефоны 8-777-680-34-50, электрондық пошта мекенжайы maslihat.zhalagash@mail.ru