Лого

Меню

Страницы

Статья

109 -Бірыңғай байланыс орталығы

«109» БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

Қызылорда облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығы жанында «109» тәулік бойы Бірыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі-ББО-109) жұмыс істейді. Тұрғындар  «109» қысқа телефон нөміріне қоңырау шала алады. Стационарлық және мобильді нөмірлерден қоңырау шалу тегін.

ББО-109 азаматтардың коммуналдық қызметтерге және өңір азаматтарының тыныс-тіршілігі мәселелері бойынша жауапты ұйымдарға жіберілген өтініштерін тіркеу және халықтың тыныс-тіршілігіне байланысты мемлекеттік, тұрғын үй-коммуналдық және басқа да қызметтерді алуға байланысты проблемалық мәселелерді жедел анықтау және шешу үшін құрылған..

ББО-109 негізгі міндеттері:

  • азаматтардың проблемаларын шешу, мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіру және қалыптасқан өмірлік жағдай контексінде ақпарат немесе қызмет алу қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша халықтың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын жақсарту;
  • облыс әкімдігінің аппаратына халықтың сенім деңгейін арттыру;
  • мемлекеттік органдардың қызметін проактивті жұмыс әдістеріне бағдарлау және өңір азаматтарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша қызметтер көрсетумен байланысты проблемаларды шешу бойынша нақты нәтижелер беру;
  • өтініштерді қарау бөлігінде мемлекеттік органдарға операциялық жүктемені төмендету.

Сонымен қатар, ББО-109-да +7 (771) 700 01 09 телефон нөмірі бойынша «WhatsApp» мессенджері арқылы келіп түсетін және интернет кеңістігінде жарияланатын өтініштер тіркеледі. Барлық өтініштерді Ахуалдық орталықтың қызметкерлері оларды тіркеу кезеңінен бастап жауапты мемлекеттік органның орындауына дейін бақылайды.

Дата публикации
05 сентября 2022
Дата обновления
05 сентября 2022
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы