
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі №123 бұйрығына сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 15 сәуірде №27595 болып тіркелген.
Ағымдағы жылдың 16 мамырдан бастап «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі базасы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімге орнатылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін еңбекші көшіп келуші жеке тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына өзі жүгінге кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын береді. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электронды көшірмелерін қоса бере отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» интеграцияланған ақпараттық жүйесінде электронды өтінімді рәсімдейді және тиісті шешім қабылдау үшін «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жолдайды. Жергілікті атқарушы орган мелекеттік көрсетілетін қызметтің көзделген талаптарына сәйкестігін тексереді. Құжаттары дұрыс болған жағдайда еңбекші көшіп келушілерге рұқсат оның өтініші бойынша өтініште көрсетілген мерзімге ұзартылады және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.