Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық ауруханасының 2022 жылдың 6 айы бойынша атқарылған жұмыстары бойынша анықтама

Қазіргі таңда 33 211 аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана,12 дәрігерлік амбулатория,2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

 Қызмет көрсету территориясында статистикалық мәлімет бойынша 35 331 халық болса, оның РПН бағдарламасы бойынша -33 211, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 10 856, жасөспірімдер - 1741, ересектер саны – 20 614.

Кадр 

Мекемеде жалпы штат бірліктері: 684

Оның ішінде:

  • Дәрігерлер – 103,25.
  • Орта буын қызметкерлері – 319
  • Кіші буын – 118,5
  • Басқа қызметекерлер -54,25.
  • Жұмысшылар -89,0.

 Мекемеде жалпы қызметкерлер саны: 859.

Оның ішінде:

  • Дәрігерлер – 91.
  • Орта буын қызметкерлері – 439.
  • Кіші буын – 157.
  • Басқа қызметкерлер мен жұмысшылар -172.

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 91 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 27,0 %.

Оның ішінде: 53 дәрігердің біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 58,2 %.

  • жоғарғы санат – 17 дәрігер.
  • І санат – 18 дәрігер.
  • ІІ санат – 18 дәрігер.

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 439 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда, орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 131,8 %.

Орта буын медицина қызметкерлерінің 275 біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 62,6 пайыз.

  • Жоғарғы санат – 142
  • І санат – 90
  • ІІ санат – 43        

Бекітілген штат көлемінде дәрігер мамандарға қажеттілік туралы: 

Мамандықтар атауы

Жұмыс орны

(ДА,СВА атауы)

Бірлік саны

Бос тұрақты вакансия

Жалпы тәжірибелі дәрігер

Ақарық  ДА

1,0

Бос вакансия тұрақты

Жалпы тәжірибелі дәрігер

Аққыр  ДА

1,0

Бос вакансия тұрақты

Оторинолоринголог

Кент

1,0

Бос вакансия тұрақты

Офтальмолог

Кент

1,0

Бос вакансия тұрақты

Анестезиолог-реаниматолог

Кент

1,0

Бос вакансия тұрақты

Барлығы

 

5,0

5

Негізгі статистикалық көрсеткіштер

Аудан бойынша барлық  дәрігерлік қабылдау  2022 жылдың 6 айы бойынша –103 805,  1 тұрғынға шаққанда көрсеткіш 3,1 (2021 жылдың                   6 айы – 90 243– 2,6) құрады. Оның ішінде ауруы бойынша келгендер саны  2022 жылы – 39477 – 38,2%, (2021 жыл – 35 374- 33,2%).  Алдын ала тексерілу – 61 350 болып 59,1%-ды құрады (2021 жылы 44532 – 49,3%) былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 9,8 %-ға жоғарылап тұр. Жалпы дәрігерлік қабылдауға келгендер саны алдыңғы жылдың есептік кезеңімен  салыстырғанда  13562   жағдайға жоғары Оның ішінде, айтатын болсақ, алдын ала тексеру 2021 жылдың 6 айымен салыстырғанда 16818 жағдайға көбейген. Оның ішіне «Жылжымалы медициналық кешен» арқылы жүргізілген тексерулер, балалар скринингі және «ҚР акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2021 жылғы 26 тамыздағы № 92 бұйрығы бойынша жүргізілген текерулер кіреді. Үйде қаралу 2022 жылдың 6 айы бойынша - 7607 құрап (2021 жылдың 6 айы – 11767), өткен жылмен салыстырғанда – 4160 жағдайға төмендеген. Сонымен қатар, жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдауы 2022 жылы 35 476  болып 32,2% құрады (2021 жылмен салыстырғанда 38 046) Ал тар буынды мамандардың қабылдауы 68 329 болып 65,8%-ды құрап отыр. (2021 жылы 52 197 ол – 57,8%).

2022 жылдың 6 айында алғаш тіркелген аурушаңдық саны –7414 жағдай, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш –.2232,23                      (2021 жылдың 6 айында – алғаш тіркелген аурушаңдық 5882,                              100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 1744,75 құраған). Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырсақ алғаш тіркелген аурушаңдық көрсеткіші 1532  жағдайға жоғарылаған. Атап айтқанда, 2022 жылдың 6 айында алғаш рет тіркелген аурулардың ішінде:

  • І орында қанайналым жүйесінің аурулары 921 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 496 жағдайға өскен.
  • ІІ орында жүйке жүйесінің аурулары 805 жағдай тіркеліп былтырғы жылмен салыстырғанда 393 жағдайға  жоғарылап отыр.
  • ІІІ орында сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары 724 жағдай тіркеліп былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 501 жағдайға көбейген.

     Диспансерлеу. "Аурулардың созылмалы нысандарымен ауыратын науқастарды диспансерлеу хаттамаларын бекіту" туралы 2012 жылғы 26 желтоқсандағы №885 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.  Жалағаш ауданы бойынша «Д» есепте ЭРДБ бағдарламасы бойынша барлығы – 13 047 адам тұрады, оның ішінде ересектер - 12399, 0-17 жас аралығындағы балалар саны – 1528

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» 29 тамыздағы №666 бұйрығына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша тегін   дәрі-дәрмекпен қамту барысында 110 894 869,73 теңгеге 16584 рецепт жазылды. Қазіргі таңда бөлінген дәрі-дәрмектер 50% игерілді.

Демографиялық көрсеткіштер 

 2022 жылдың 6 айында  аудан бойынша 370 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 11,1 промильді құрады (2021 жылы 450 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 13,2 промильді құраған). Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 80 жағдайға төмендеп отыр. Сәби өлімі 2022 жылдың есептік кезеңінде  3 жағдай тіркеліп 8,1 промиль құрады, (2021 жылы 4 жағдай тіркеліп көрсеткіш- 8,8-ді құраған). 2022 жылы аудан бойынша 97 өлім жағдайы тіркелді, көрсеткіші – 2,9 құрап отыр.  (2021 жылы 109 жағдай – 3,1), өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 12 жағдайға төмендеп отыр.

№

Негізгі көрсеткіштер

2022 жыл

2021 жыл

1

Туу көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда.)

370-11,1

450-13,2

2

Өлім көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда)

97-2,9

109-3,1

3

Бала өлімі (1000 тұрғынға шаққанда.)

3-8,1

4-8,8

4

Материнская смертность   (на 100 тыс. живорож-ных)

0

0

 Өлім - жітім себептері бойынша:     

 

 

2022 жыл

2021 жыл 

1

Жалпы қайтыс болғандар саны

97-2,9

109-3,1

1.1.

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

27-27,8%

41-37,6%

1

Үйден қайтыс болғандар

68-70,1%

72-66,1%

 

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

12-44,4%

16-39,0%

2

Ауруханадан қайтыс болғандар

22-22,7%

21-19,3%

 

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

8-29,6%

10-24,4%

3

Өзгеде себептер

7-7,2.%

16-14,7%

 

Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар

7-25,9%

15-36,6%

Оның ішінде:

 

 

2022 жыл

2021 жыл

1

Жүрек қантамыр аурулары

20-60,2

30-85,4

2

Қатерлі ісік аурулары

9-27,1

8-22,8

3

Жарақаттар

4-12,0

8-22,8

4

Тыныс алу жолдары

10-30,1

9-25,6

5

Жұқпалы аурулары (КГЛ)

1-3,0

0

6

Туберкулез

1-3,0

0

7

Ас қорыту ағзалары

13-39,1

6-17,1

8

Несеп жолдары

3-9,0

3-8,5

9

Ішкі секреция жүйесі

2-6,0

3-8,5

10

Жүйке жүйесі аурулары

7-21,1

4-11,4

11

Кәрілік

18-54,2

16-45,6

12

Короновирусты инфекция

0

3-8,5

13

Тағы басқа

9-27,1

19,54,1

Өлім жітім көрсеткішін назология бойынша талдайтын болсақ:

      1-ші орында: Жүрек қантамыр аурулары  бойынша қайтыс

болғандар саны 2022 жыл бойынша 20 – 60,2 (2021 жыл – 30 - 85,4). Өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш 10 – 20,2%-ға төмендеген.

     2- ші орында: Кәріліктен қайтыс болғандар саны – 18 – 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 54,2, (2021 жылы – 16 - 45,6). Былтырғы жылмен салыстырғанда 8,6 жағдайға өскен.

     3- ші орында: Асқорыту жолдары бойынша қайтыс  болғандар саны 2022 жылы – 13 - 39,1. (2021 жыл 6-17,1). Есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш 7 жағдайға  22,0 пайызға жоғарылаған.

Скрининг бағдарламасы бойынша 

ҚРДСМ-ң Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп қарауды жүргізу ережесін бекіткен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 30.10.2020 жылғы 174/2020 бұйрығына сәйкес алдын ала (скрининг) тексеру жұмыстары жүргізілді. 

Қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау – 2022 ж. жоспарланғаны-2390; орындалғаны-2182- 91,2% Анықталғаны-148-6,7% «Д» есепке алынғаны- 148-100%.

(2021 ж. жоспарланғаны-2833; орындалғаны1483- 52,3%. Анықталғаны-93-63%  «Д» есепке алынғаны- 92-98,9%)

Қант диабеті ауруларын ерте анықтау-2022 ж. жоспарланғаны-2390; орындалғаны-2182-91,2%; Анықталғаны-19-0,8%; «Д» есепке алынғаны - 19-100%.

(2021 ж. жоспарланғаны-2833; орындалғаны-1483- 52,3%. Анықталғаны-8-5,0% «Д» есепке алынғаны- 8-100%).

Глаукома ауруын ерте анықтау-2022 ж.  жоспарланғаны-2390; орындалғаны-2182-91,2%. Анықталғаны-10-0,4% «Д» есепке алынғаны-10-100%.

(2021 ж. жоспарланғаны-2833; орындалғаны-1483- 52,3%  Анықталғаны-6-04% «Д» есепке алынғаны- 3-50%)

Сүт безі қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2022 ж. жоспарланғаны-1050, орындағаны-1059-100,6%, анықталғаны-46-4,3%. «Д» есепке алынғаны-46-100%,1-қатерлі ісікпен алынды.

(2021 ж жоспарланғаны-1786; орындалғаны-957- 53,5%. Анықталғаны-105-10,9% «Д» есепке алынғаны- 105-100%. 1-қатерлі ісікпен алынды)

Жатыр мойны қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2022 ж. жоспарланғаны-903; орындалғаны-862-95,4%, анықталған ісік алды ауруы-27-31%. «Д»есепке алынғаны-27-100% Рак-0

(2021 ж.  жоспарланғаны-1403; орындалғаны-847- 60,3%. Анықталған ісік алды ауруы-40-4,7% «Д» есепке алынғаны-40-100%; Рак-0)

Тік және тоқ ішек ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2022 ж. жоспарланғаны-1030; орындалғаны-1030-100%, анықталған ісік алды ауруы-1-0,1%;«Д»есепке алынғаны-1-100%

 (2021 ж жоспарланғаны-1728; орындалғаны-915-53,0%, оң мәнді шыққаны 8, ары қарай ООО колоноскопиялық тексеруден  өткені-6. Анықталған ісік алды ауруы-1. Д есепке алынғаны1;

Суицид. 

Суицидтің алдын-алу жол картасы бағдарламасы аясында тәуекел тобы жасақталып тексерулерден өткізілуде. Осы маңызды бағыт бойынша Жалағаш  аудандық  ауруханасында  4  психолог, 11 әлеуметтік қызметкер  қызмет  атқарады. Тауекел топтағы пациенттерге психолог кеңесі беріліп, психокоррекциялық жұмыстар (кеңес беру, түсіндірме жұмыстары, өзіндік бағалауын көтеру, өмірге деген құштарлығын арттыру) жүргізілуде. Күйзелістің алдын-алу тақырыбында халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары күшейтілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 02.02.2015 жылғы №84 бұйрығына сәйкес психолог мамандар  суицидтің  алдын - алуға жалпы 6-айда  халық арасындағы барлығы 1 акция өткізіліп, 62 тұрғын қамтылған, сонымен қатар 2 семинар ұйымдастырылып 158 тұрғын қамтылған, 2 тренинг өткізіліп 37 тұрғын қамтылған.

2022 жылы  өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне барған- 2  жағдай тіркелсе, оның ішінде   аяқталған жоқ,  2 аяқталмаған суицид жағдайы орын алды. Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу бойынша  жағдай  тіркелмеді. (2021 жылы өзіне-өзі қол жұмсау әрекетімен жағдай тіркелмеген)

Емдеуге жатқызу бюросы бойынша 

2022  жылдың  6 айлық  бойынша ауруханаға емханадан жоспарлы түрде портал арқылы 4729  науқас жатқызылған. (2021 жылдың 6 айында -4172). Тәуліктік стационарға -1589 (2021 ж-1563), күндізгі стационарға- 3140 (2021 ж – 2609). Сонымен қатар шеттетілген науқастар саны -2022 жыл 6 айында -80.  (2021 жылдың 6 айлық есептіік кезеңінде 100 шеттетілген науқас тіркелген). Шеттетілген науқастардың себебі бойынша 29 жағдай жазбаша түрде бас тартқан,  шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны –36, Госпитализацияға жоспарланған ауруханаға жатқызуға қарсы көрсеткіштер-7, Науқастың ауруханаға жатқызылмауы-1, Ауруханаға көмек көрсететін көрсеткіштердің болмауы-10  Науқас туралы мәліметтерді Порталға енгізу кезінде қате енгізу-1, Госпитализация процедурасына тәуелді емес жағдайлар-1

 (2021 жылдың 6 айында  шеттетілген 100,  ауруханадан жатудан жазбаша бас тартуы -27, ауруханаға жедел жатқызу-68, ауруханаға көрсетілімінің болмауы-1. Ауруханаға  жатуға келмеуі-1, ауруханаға қарсы көрсетілімнің болуы-2 ).

Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі

Ішкі аудит бөліміне тіркелген арыз-шағымдар мен жүгінулердің жалпы саны- 8(2021ж-9), оның 8 жазбаша (2021ж-9 жазбаша). Негізді деп танылған арыз-0 (2020ж-0), ішінара негізді-1 (2021ж-1).

CALL  орталыққа 2022 жылдың 6 айлық қорытындысымен 5 жүгіну (ауызша-5), (2021ж – 17), Сенім телефонына түскен жүгінулер – 7, (2021ж – 11), сенім жәшігіне түскен шағым – 0, алғыс айту -0, (2021 ж – 0 шағым, алғыс айту-20). ҚРДСМ-не-1 (2021ж-0), Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті Қызылорда филиалына-1 (2021-1), ОДСБ-3 (2021ж-2),  аудан әкіміне - 2 (2021ж-0), облыс әкіміне – 0 (2021ж-0), Нұр Отан – 0 (2021ж-0).                   

Жүгінулердің құрылымы бойынша: медициналық көмектің сапасына 2022ж - 6 (2021ж-2), тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету-0 (2021ж - 2), науқастарды қабылдаудағы кемшіліктер-0 (2021ж-0), басқалары-6 (2021ж-3). Барлық өтініш өз мерзімінде орындалып, шешімін тапты. Тұрғындар тарапынан арыз-шағымды азайту бағытындағы қабылданған жол картасы аясында бас дәрігер мен орынбасарлардың жеке қабылдаулары ұйымдастырылған, көтерілген мәселелер «қәзір және осы мезетте» принципімен шешіледі.

Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметімен бастапқы медициналық көмек деңгейінде 15 пайыз және стационарлық көмек алушылардың 15 пайызына тоқсан сайын қанағаттану деңгейіне сауалнамалар жүргізіліп отырды. Қорытындылары мекеме басшылығына беріліп отырды.

Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметімен 2022 жылдың 6 айы бойынша 17аудит отырысы болды, тақырыптары: арыз-шағымдар, 0-5 жас аралығындағы үйдегі бала өлімі; стац.кейінгі науқастарды бақылау, онкоасқыну сатысында анықталғандарды талдау, алғаш мүгедектікке шығу, жүктілікті бақылау кезінде дәрігерлердің жіберген кемшіліктері бойынша, тәуліктік стационар және күндізгі стационар бойынша жіберілген ақауларды талдау, ауруханаға жатқызу порталы бойынша, еңбекке жарамды жастағылардың үйде қайтыс болғандарды талдау ; ДКПН нәтижелері бойынша талдау.                                                                                                                                                                                  Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер 

Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру; Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында енгізілген «Эффективті перинаталды  технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламалары әрі қарай жалғастыру; Пилоттық патронаждық қызметтің жұмысын жандандыру; Сәби өлімін болдырмау және алдын алуға бағытталған қысқамерзімді  жоспармен жұмыс жасау;

Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;

Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған Меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларын жоғары нәтижелерге жеткізу;

  • Аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, аурудың алдын алу шараларын жүргізу, ол үшін сала аралық қызметтерді жандандыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау жұмыстарын жалғастыру;
  • Цифрлы Қазақстан бағытында мекеме жұмысын толығымен біріктірілген ақпараттандыру жүйесіне енгізу арқылы қағазсыз мекеме принципімен жұмыс жасауды жандандыру;
  • МӘМС жүйесі бойынша халықты ақпараттандыру жұмыстарын жандандыру;
Дата публикации
15 июля 2022
Дата обновления
15 июля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы