Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің 2022 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Жалағаш ауданы бойынша 2022 жылдың 1 шілдесіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2571 бірлікті құрады. Оның ішінде, 2379 субъектісі немесе 92,5 пайызы нақты жұмыс жасап отыр. Ал, тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны-192.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2022 жылдың 1 шілдесіне                8 млрд 247,0 млн теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдерін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 184,4 пайызға жоғары орындалып отыр. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің көлемі                        5 млрд 174,0 млн теңгені құрап, 172,3 пайызға жоғары орындалды.

Сонымен қатар, аудан бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі           6 айда 882,8 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,1 пайызға орындалып отыр.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2022 жылдың                     6 айында 3 млрд 891,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,3 пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың қорытындысымен бюджет қаражаты есебінен                  2 млрд 365,1 млн теңге және меншікті қаражат есебінен 3 млрд 234,9 млн теңгеге жалпы көлемі 5 млрд 600,0 млн теңгеге инвестиция тарту жоспарлануда.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әр қарай дамыту бағытында аудан бойынша жыл басынан 82 жоба 2 млрд 60,1 млн. теңгеге қаржыландырылып, 108 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Анықтама ретінде:

2022-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банк арқылы несиенің пайыздық ставкасын субсидиялау бағыты бойынша 11 жоба 968,5 млн. теңгеге және мемлекеттік грант беру бағдарламасы бойынша 1 жоба 1,2 млн. теңгеге қаржыландырылды.

 «Атамекен Қызылорда» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 26 жоба 93,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Агро Несие Корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалының жеке қаражаты есебінен 7 жоба 70,4 млн теңгеге.

«Қызылорда» Өңірлік инвестциялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 9 жоба 37,6 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Агробизнес» бағдарламасы аясында «Ауыл» несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы 13 жоба 544,7 млн теңгеге, «Сырдария-1» несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы 5 жоба 158,7 млн теңгеге қаржыландырылды.

«Каз Агро Қаржы» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 10 шаруа қожалығы 186,0 млн.теңгеге қаржыландырылып, ауыл шаруашылығы техникалары лизингке алынды.

Қазіргі таңда, 1 079,6 млн. теңгеңнің  51 жобасы микроқаржы ұйымдарымен екінші деңгейлі банктердің қарауына ұсынылды. 

Анықтама ретінде:

 Ұлттық жоба шеңберінде «Еуразиялық Банк» АҚ-ның облыстық филиалында жеке балабақша құрылысын жүргізу үшін жеке кәсіпкер Б.Айбекованың жобасы 100,0 млн. теңге;

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Атамекен Қызылорда» микроқаржы ұйымы» ЖШС-не 5 жоба 21,0 млн. теңге;

«Агробизнес» бағдарламасы аясында «Ауыл» және «Сырдария-1» несие серіктестіктерінің қарауында құны 507,1 млн. теңгені құрайтын 18 жоба;

«Агро Несие Корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалында мал шаруашылғын дамыту бағытында жалпы құны 399,5 млн. теңгені құрайтын 13 жоба;  

 «Микробизнес Қызылорда» өңірлік бағдарламасы аясында құны 52,0 млн. теңгені құрайтын 14 жоба.

Жыл басынан бері аудан бойынша 396 млн. теңгенің 15 жобасы іске қосылды.

Анықтама ретінде:

1) жеке кәсіпкер Н.Абилкановтың жиһаз құрастыру цехы, жоба құны 10,0 млн теңге (2 адам);

2) жеке кәсіпкер Н.Ғабиденқызының жеке балабақшасы, жоба құны 75,0 млн теңге (15 адам);

3) «Светофор» сауда орталығы, жоба құны 75,0 млн теңге (14 адам);

4) жеке кәсіпкер Р.Керейтбайдың күріш қалдығынан мал азығын дайындау цехы, жоба құны 10,0 млн теңге (2 адам);

5) жеке кәсіпкер К.Жылбектің жүннен жасалған бұйымдар шығару (көрпе, көрпеше т.б) цехы, жоба құны 5,0 млн теңге (1 адам);

6) жеке кәсіпкер Д.Тілемісовтың пластикалық есік терезе және жалюз құрастыру цехы, жоба құны 6,0 млн теңге (2 адам);

7) жеке кәсіпкер О.Ильясовтың бетон бұйымдарын өндіру цехы, жоба құны 5,0 млн теңге (3 адам);

8) жеке кәсіпкер Р.Серитхановтың көлік жуу орталығы, жоба құны 15,0 млн теңге (2 адам);

9) жеке кәсіпкер Н.Алтынбектің кілем жуу орталығы, жоба құны 5,0 млн теңге (2 адам);

10) жеке кәсіпкер А.Әмірғалиеваның жеке балабақшасы, жоба құны 10,0 млн теңге (8 адам);

11) жеке кәсіпкер С.Шайхысламның печенье өндіру цехы, жоба құны 6,0 млн теңге (2 адам);

12) жеке кәсіпкер М. Әбіловтың эковата өндіру цехы, жоба құны 10,0 млн теңге (3 адам);

13) жеке кәсіпкер Е. Базарбайұлының сауда орталығы, жоба құны 150,0 млн теңге (12 адам);

14) жеке кәсіпкер Е. Жұмабектің шлакоблок өндіру цехы, жоба құны 8,0 млн теңге (3 адам);

15) жеке кәсіпкер Ж. Сламшаның жиһаз құрастыру цехы, жоба құны 6,0 млн теңге (2 адам).

Аудан бойынша жыл аяғына дейін 809,5млн. теңгеге 22 жоба ашу жоспарлануда.

Анықтама ретінде:

  • жеке кәсіпкер Н.Жусуповтың наубайханасы, жоба құны 10,0 млн теңге (3 адам);
  • жеке кәсіпкер Д.Алпысовтың жылыжай кешені, жоба құны 3,0 млн теңге (2 адам);
  • жеке кәсіпкер А.Үмбетованың көзілдірік жасау және жөндеу орталығы, жоба құны 6,0 млн теңге (1 адам);
  • жеке кәсіпкер Р. Керейтбай мал азығын дайындау, жоба құны 5,0 млн теңге (2 адам);
  • жеке кәсіпкер Д.Құдабаевтың аяқ киім тігу цехы, жоба құны 10,0 млн теңге (1 адам);
  • жеке кәсіпкер М.Бейсенбаеваның наубайханасы, жоба құны 15,0 млн теңге (2 адам);
  • «Бағдаулет 57» ФҚ-ның сүт өнімдерін өндіру фермасы, жоба құны 100,0 млн теңге (5 адам);
  • жеке кәсіпкер А.Ермекбаевтың антифриз өндіру цехы, жоба құны 7,5 млн. теңге (2 адам);
  • жеке кәсіпкер Б.Айбекованың жеке балабақшасы, жоба құны 100,0 млн теңге (15 адам);
  • жеке кәсіпкер К. Тюрешованың сауда орталығы, жоба құны 100,0 млн. теңге (6 адам);
  • жеке кәсіпкер И.Кузековтың жеке балабақшасы, жоба құны 14,0 млн теңге (7 адам);
  • «Баба» ШҚ-ның ешкі сүтін өңдеу цехы, жоба құны 20,0 млн теңге (4 адам);
  • «Сыздық» ШҚ-ның күріш ақтау және жем өндіру зауыты, жоба құны 100,0 млн теңге (6 адам);
  • жеке кәсіпкер М.Шахановтың шеге өндіру цехы, жоба құны 5,0 млн теңге (2 адам)
  • «ІТ Сенім» ЖШС-нің медециналық орталығы, жоба құны 80,0 млн теңге (8 адам);
  • жеке кәсіпкер Е.Дауылбаевтың қоғамдық моншасы, жоба құны 10,0 млн теңге (3 адам);
  • жеке кәсіпкер Ж.Карбоздың мал азығын дайындау цехы, жоба құны 3,0 млн теңге (2 адам);
  • жеке кәсіпкер Е.Дастановтың күріш ақтау және жем шығару зауыты, жоба құны 50,0 млн теңге (7 адам);
  • жеке кәсіпкер Б.Байкушеровтың техникалық қызмет көрсету орталығы, жоба құны 30,0 млн. теңге (3 адам);
  • жеке кәсіпкер С.Кимның сауда орталығы, жоба құны 75,0 млн. теңге (3 адам);
  • жеке кәсіпкер Ш.Серіковтың 1000 басқа арналған құс фермасы, жоба құны 30,0 млн. теңге (4 адам).
  • Жеке кәсіпкер А.Аекееваның мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы, жоба құны 42,0 млн. теңге (8 адам)

 

 

 

Дата публикации
25 июля 2022
Дата обновления
25 июля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы