Лого

Меню

Страницы

Статья

Тұтынушыға 305 000 теңге тұратын ұялы телефонның ақшасы қайтарылды.

Қызылорда облысының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) «жедел желі» телефоны арқылы Қызылорда  қаласының тұрғыны азамат Б. тұтынушы құқығы бойынша сұрақпен жүгінді.

Бұған дейін, тұтынушы Қызылорда қаласында орналасқан сауда үйінен жалпы сомасы 513 000 теңгеге тауарлар сатып алған. Тауарды сатып алған үшін 60 000 теңге бонус түскен. Түскен бонусқа  245 000 теңге қосып  305 000 теңгеге ұялы телефон сатып алған болатын. Ұялы телефон кепілдік мерзімі уақытында ақау бере бастады. Сараптама қорытындысы бойынша «Жарамсыз» болып танылды.

Алайда, сауда үйінің қызметкерлері тек қана төленген 245 000 теңгені қайтаратындығын, ал қалған 60 000 теңге бонустың ақшасын қайтармайтындығын айтқан болатын.

Тұтынушы наразылығымен Департаментке хабарласуға мәжбүр болды.           

Департамент қызметкерлері Қазақстан аумағында тұтынушылардың құқығы мен құқықтық мүдделері "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-Заң) аясында қорғалатыны жөнінде түсіндірді.

Департамент тарапынан тұтынушыға жазбаша шағым жазып беруге көмек көрсетілді.

Сауда үйінің қызметкерлеріне сатушының сапасыз смартфонды айырбастау немесе қайтару жөніндегі міндеттері түсіндірілді. Сауда үйі наразылықты қарап, тұтынушыға смартфонның ақшасын 305 000 теңгені толығымен қайтаруды ұсынды.

Осылайша, Департаменттің көмегімен тұтынушының құқықтары қалпына келтірілді. Тұтынушылардың құқықтары «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен қорғалғанын естеріңізге саламыз. Қызмет көрсетушілер мен сатушылардан заң талаптарын сақтауды сұраймыз.

Дата публикации
21 июля 2022
Дата обновления
21 июля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы