Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша 2022 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде "Тренажер және стрибол алаңдарының құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржы бөлініп, құрылыс-монтаждау жұмыстары толық  аяқталып пайдалануға берілді.

Жалағаш кенті, «Ақтерек»-170 гектарға инженерлік-инфрақұрылым жүргізілу мақсатында (ауыз су, газ, жолдар, электр желілеріне) жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге қаржы бөлініп, жобалар әзірленіп сараптамадан өтті. Газ желісінің жобасы құрылыс-монтаждау жұмыстарына қаржыландыруға облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жолданды. Тас жолдар жобасы 2022 жылдың маусым айынан бастап мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Жалағаш ауданы, Аққыр елді мекеніндегі 100 орындық клуб ғимараттарының жоба-сметалық құжаттары теріс қорытынды алынып, жобалаушы есебінен қайта сараптамадан өтуде.

Мырзабай ахун елді мекеніндегі 100 орындық клуб ғимараттарының жоба-сметалық құжаттары сараптамадан өтуде.

Есет батыр, Т.Жүргенов, Ақсу, Қаракеткен, Мырзабай ахун елді мекендеріндегі тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желілеріне) жоба-сметалық құжаттар (демеушілік есебінен) әзірленуде.

Жалағаш кентіндегі орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалаушы мекеме – «Корпорация Асыл Строй» ЖШС-і.

Жалағаш кентінде емдеу мекемелеріне (100 төсек/орындық орталық аурухана, 20 төсек/орындық жұқпалы аурулар аруханасы, аусымына 250  адам қабылдайтын аудандық емхана) жаңадан кәріз жүйесі құрылысын қаржыландыру. Жобаға сараптамадан оң қорытынды алынып, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды.

Дата публикации
19 июля 2022
Дата обновления
19 июля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы