Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2022 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

  1. Автомобиль жолдары саласы бойынша

         Аудан аумағында республикалық маңызы бар 50 шақырым, облыстық маңызы бар 60,6 шақырым, аудандық маңызы бар 123,5 шақырым барлығы 234,1 шақырым автомобиль жолдары бар.

         Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 109,9 шақырымы немесе 89%   жақсы және қанағаттанарлық жағдайда,  13,6 шақырымы немесе 11% қанағаттанарлықсыз жағдайда.

         Үстіміздегі жылы жалпы жоба құны 196,5 млн. теңге құрайтын Бұқарбай батыр ауылына кіре беріс автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына  облыстық бюджеттен 98,3 млн. теңге, ҚР Ұлттық қорынан 98,2 млн теңге қаралып,  6,33 шақырым жолға асфальт төселді. Жөндеу жұмыстар толығымен аяқталды. (Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС).

         Сонымен қатар,

         Ақсу елді мекеніне кіре беріс (2,3 шқ) аудандық маңызы бар  автомобиль жолының 76,7 млн. теңге құрайтын орташа жөндеу жобасын,

         Жаңадария елді мекеніне кіре беріс (17,1 шқ) аудандық маңызы бар  автомобиль жолының 392,1 млн. теңге құрайтын орташа жөндеу жобасын,

         Аққыр елді мекеніне кіре беріс (20,6 шқ) аудандық маңызы бар  автомобиль жолының 664,8 млн. теңге құрайтын күрделі жөндеу жобасын республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім тапсырылған болатын. Осы жобалар ішінен Жаңадария елді мекеніне кіре беріс (17,1 шқ) аудандық маңызы бар  автомобиль жолының 392,1 млн. теңге құрайтын орташа жөндеу жұмыстарын бастау үшін биылғы жылға республикалық бюджеттен 100,0 млн теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Ақтоған» ЖШС жеңімпаз болып танылды.

         Аудан бойынша ұзындығы 232,4 шақырым 218 көше бар. Оның ішінде Жалағаш кентінде 75 көше ұзындығы 88,8 шақырым, ауылдық елді мекендерде 143 көше ұзындығы 143,5 шақырым.

         Биылғы жылы, «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 351,3 млн теңге қаржы есебінен

         Мырзабай ахун ауылындағы 2 көшеге (жалпы құны 124,7 млн. теңге ұзындығы 3,88 шқ). Мердігер мекеме: «Строй модуль Астана» ЖШС;

         Еңбек ауылындағы 3 көшеге (жалпы құны 104,9 млн. теңге, ұзындығы 3,71 шқ) күрделі жөндеу. Мердігер мекеме: «Құрылыс-Көлік Компаниясы» ЖШС;

         Шаменов ауылындағы 8 көшеге (жалпы құны 121,7 млн. теңге, ұзындығы 3,74 шқ) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме: «Компания Бауыржан Құрылыс» ЖШС.

         Сондай - ақ, облыстық бюджеттен бөлінген 72,0 млн теңге қаржы есебінен

         Аққыр ауылындағы 1 көшеге (жалпы құны 31,2 млн. теңге, ұзындығы 0,96 шқ). Мердігер мекеме: «Құрылыс-Көлік Компаниясы» ЖШС;

         Жаңадария ауылындағы 1 көшеге (жалпы құны 41,0 млн. теңге, ұзындығы 1,2 шқ) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС.         

         2021 жылы Есет батыр ауылы бағытындағы оңтүстік коллектор көпірін қайта жаңғырту жұмыстарын бастау үшін ұлттық қордан 59,7 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. (жоба құны 149,5 млн. теңге).

         2022 жылы көпірді жаңғырту жұмыстарын толық аяқтау үшін, облыстық бюджеттен 79,6 млн.теңге қаралып, қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.  

  1. Газдандыру бойынша 

         2021 жылы Ақсу елді мекенін орталықтандырылған газ желісімен қамтамасыз етуге  жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 9,2 млн теңге бөлінген болатын. Жобалаушы мекеме  «Прикаспийское управление строительства Шымкент» жобалау-сметалық құжаттар әзірленді. Бүгінгі күнге мемлекеттік сараптамадан өту үшін құжаттар дайындалуда. Сараптамаға дейінгі жоба құны 608,0 млн теңгені құрайды.

М.Шаменов елді мекенін орталықтандырылған газ желісімен қамтамаыз етуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін 2022 жылы аудандық бюджеттен 7,6 млн теңге қаржы қаралды. Мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен жеңімпаз болып танылған «Жамбылагрогазпроект» ЖШС-мен келісім-шарт 04.05.2022 жасалды. Жобалаушы мекемесімен жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу  жұмыстары жүріп жатыр.

Үстіміздегі жылы Жалағаш кентіндегі бірқатар бюджеттік, әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерін әзірленген жобалау-сметалық құжаттарға сәйкес газ отынына көшіруге бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 Атап айтқанда:

1) Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінің  (жоба құны 23,3 млн теңге) жылу жүйесін газ отынына көшіруге облыстық бюджеттен 23,2 млн теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде.

2) Мәдениет және өнерді дамыту орталығы мекемесінің  (жоба құны 27,3 млн теңге) жылу жүйесін газ отынына көшіруге облыстық бюджеттен  27,3 млн теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде.      

3)  Аудандық қаржы бөлімінің (жоба құны 29,6 млн теңге) жылу жүйесін газ отынына көшіруге облыстық бюджеттен 29,6 млн теңге қаржы қаралды. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде.

4) «Күншуақ», «Ақмаржан» балабақшалары, №19 санаториялық балабақшаның  (жоба құны 55,5 млн теңге) жылу жүйелерін газ отынына көшіруге ҚР Ұлттық қорынан 49,9 млн теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде.

  1. Жолдарды жарықтандыру бойынша 

Жалағаш ауданы, М.Шаменов ауылына кіре беріс аудандық маңызы бар автомобиль жолын жарықтандыру жұмыстарына (жоба құны 17,198 млн теңге) биылғы жылы облыстық бюджеттен 17,198 млн теңге бөлінді.  Мемлекеттік сатып алу рәсімдері  өтуде. 

  1. Көпәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары бойынша

2022 жылы  республикалық бюджеттен Жалағаш кентіндегі  5 көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарына 36,037 млн теңге бөлінді.  Бүгінгі күнге М.Шаменов көшесі №76,  Желтоқсан көшесі №2 мекенжайындағы тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
15 июля 2022
Дата обновления
15 июля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы