
2022 жылғы 15 шілде күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Жалағаш ауданы бойынша М.Шәменов ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды, олардың барлығы (100%)- өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адам құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2022 жылғы 20 шілдеде сағат 18-00 де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.