
Егін науқанының барысы туралы
Ауданның ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес биылғы жылы 35486,5 гектарға егiс орналастырылды.
Оның ішінде негізгі дақыл күріш - 18501 га, бидай-720 га, қант құмайы – 73 га, арпа – 42 га, соя-39 га, мақсары - 520 га, сүрлемдік жүгері-445 га, сұлы - 5 га, қант қызылшасы - 2,5 га, жаңа жоңышқа - 4903 га, ескі жоңышқа - 7186 га, картоп - 646 га, көкөніс - 1108 га және бақша өнімдері - 1296 га.
№1 кесте
|
Р/с |
Дақыл атауы |
Егіс көлемі, га |
Айырмасы |
|
|
2022 жыл, га |
2021 жыл, га |
|||
|
1 |
Күріш |
18501 |
19800 |
-1299 |
|
2 |
Жаздық бидай |
720 |
600 |
+120 |
|
3 |
Күздік бидай |
- |
90 |
-90 |
|
4 |
Арпа |
42 |
30 |
+12 |
|
5 |
Сүрлемдік жүгері |
445 |
147 |
+298 |
|
6 |
Мақсары |
520 |
2200 |
-1680 |
|
7 |
Қант құмайы |
73 |
- |
+73 |
|
8 |
Соя |
39 |
- |
+39 |
|
9 |
Сұлы |
5 |
- |
+5 |
|
10 |
Жаңа жоңышқа |
4903 |
3960 |
+943 |
|
11 |
Ескі жоңышқа |
7186 |
6800 |
+386 |
|
12 |
Қант қызылшасы |
2,5 |
|
+2,5 |
|
13 |
Картоп |
646 |
500 |
+146 |
|
14 |
Көкөніс |
1108 |
1000 |
+108 |
|
15 |
Бақша |
1296 |
1200 |
+96 |
|
Барлығы |
35486,5 |
36327 |
- 840,5 |
|
Егінді әртараптандыру бағытында бидай 30 гектарға, жүгері 298 гектарға, арпа 12 гектарға, мал азықтық жоңышқа дақылы 1329 гектарға өткен жылдан артық орналастырылды.
Сондай-ақ, тәжірибелік мақсатта алғаш рет 73 га қант құмайы, 39 га соя, 5 га сұлы, 2,5 қант қызылшасы дақылдары орналастырылды. Бұл дақылдардан жоғары өнім алынған жағдайда алдағы уақытта көлемі арттырылатын болады.
Сонымен қатар, ауданда азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында шаруашылықтардың егістік алқаптарынан жерлер дайындалып картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 250 га жерлер дайындалып, картоп, көкөніс, бақша дақылдары орналастырылып, күтімге алынды.Оның ішінде картоп - 146 га, көкөніс - 8 га, бақша дақылдары - 96 га.
|
Р/с |
Дақыл атауы |
Жоспар, га |
Облыс әкімінің тапсырмасы, га |
Барлығы, га |
Орындалуы, га |
|
1 |
Картоп |
500 |
146 |
646 |
538 |
|
2 |
Көкөніс |
1100 |
8 |
1108 |
1108 |
|
3 |
Бақша |
1200 |
96 |
1296 |
1010 |
Аудан шаруашылықтары егінді әртараптандыру бағытында техника жаңарту жұмыстарын үнемі жүргізуде. Биылғы жылы 14 дана ауыл шаруашылығы техникаларын 265,7 млн теңгеге сатып алды.
Мал шаруашылығы туралы
Аудан көлемінде барлығы 37769 бас мүйізді ірі қара, 48573 бас уақ мал, 19192 жылқы, 736 бас түйе, 273 бас шошқа, 9748 бас құс өсірілуде.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 101,1 %, жылқы 128,8 %, түйе 113,8 %, уақ мал 92,8% , құс 103,1 % орындалды.
2022 жылдың 1 мамырына барлығы 1037,7 тн (тірілей салмақта) ет, 2544,2 тн сүт, 72,7 мың дана жұмыртқа өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда ет 100,8 пайызға, сүт 101,6 пайызға, жұмыртқа 101,1 пайызға орындалды.
Бір сиырдан сауылған сүт өткен жылмен салыстырғанда 1,1 пайызға, бір мекиеннен алынған жұмыртқа 2,1 пайызға артты.
Аудан бойынша 136 шаруашылық мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде тікелей сыбаға бағдарламасымен 116 шаруашылық айналысады.
«Сыбаға» бағдарламасымен 2011-2022 жыл аралығында аудан бойынша қаржы институттары арқылы барлығы 812,0 млн тенге несие алынды. Оның ішінде мүйізді ірі қара алуға 569 млн, жылқы алуға 123 млн, қой малына 120 млн тенге. Алынған несиеге барлығы 3225 бас мүйізді ірі қара мен 463 бас жылқы, 3174 бас қой малы сатып алынды.
Аудан көлеміндегі асыл тұқымды малдың үлес салмағы 2,0 пайызға жетті.
Аудан бойынша 4 шаруашылық (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Еркебұлан ФҚ, Боранбай ШҚ) асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын өсірумен, 2 шаруашылық (Бақдаулет 57, Туған жер ШҚ) қой малын өсірумен айналысуда.
Биылғы жылы Аққұм ауылдық округінен Бақдаулет-57 ШҚ сүт тауарлы фермасын ашу мақсатында 100 бас асыл тұқымды сиырлар әкелуді жоспарлап отыр. Ферма құрылысы жұмыстары жалғасуда.
«Сарғасқа жылқы» фермер қожалығы 2024 жылы сүт тауарлы фермасын ашуды жоспарлап отыр. Ферма құрылысы ағымдағы жылы басталады.
Әлеуметтік маңызы бар
азық-түлік бағаларын ұстап тұруға
бағытталған шаралар туралы
Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында алып-сатарлықтың өсуіне жол берілмеу жұмыстарына бақылау жүргізіліп келеді.
Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандағы барлық сауда орындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Бүгінгі күнге 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің бағалары төмендегідей:
ақ күріш-240 теңге, ұн-188 теңге, қарақұмық жармасы-575 теңге, нан-85 теңге, рожки-305 теңге, сиыр еті-1900 теңге, тауық еті-1215 теңге, сүт-347 теңге, айран-340 теңге, сүзбе-1150 теңге, жұмыртқа-285 теңге, сары май-815 теңге, күнбағыс майы-800 теңге, қырыққабат-175 теңге, жуа-235 теңге, сәбіз-250 теңге, картоп-260 теңге, қант-585 теңге, тұз-50 теңге.
Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында ауданда өндірілетін және сырттан келетін 662,7 тн азық-түлік өнімдерінің қоры бар.
Анықтама үшін: ұн-208 тн, күріш-80 тн, қант-19,5 тн, макарон-114 тн, күнбағыс майы-60 тн, тұз-45 тн, жуа-30 тн және т.б. халыққа ұсынылатын өнім қоры бар.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 05 маусым күні кент орталығында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында азық-түлік өнімдері базар бағасынан 10-15 пайызға төмен сатылды.
Дипломмен ауылға бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына 2020 жылдың қаңтар айында өзгеріс енгізіліп, “Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені, кент және ауылдық округ әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шаралары, оның ішінде тұрғын үйге және біржолғы көтерме жәрдемақығы” құжаттарды тапсыру Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы арқылы және «Еgov.kz» сайты арқылы жүргізілуде. Мамандардың Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына және «Еgov.kz» сайтына тапсырған өтініштері заңдылыққа сай қабылданып, аудан әкімінің қаулысына сәйкес кезекке қойылып, реттілігімен берілуде.
Қазіргі таңда тұрғын үй несиесі 1500 АЕК (1500 АЕК-4594500 тг) құраса, көтерме жәрдемақы 100 АЕК (100АЕК-3063 тг) құрап отыр. (1 АЕК-3063 тг, АЕК-айлық есептік көрсеткіш)
Жалағаш ауданы бойынша 2010-2021 жылдар аралығында 931 маманға тұрғын үй несиесін алуға, 2 790 496,0 мың теңге қаржы берілген.
2009-2021 жылдары аралығында көтерме жәрдемақы 642 маманға 93 627 мың теңге берілді.
Биылғы жылы 72 маманға 22 202,0 мың теңге біржолғы көтерме жәрдемақы берілді.
Тұрғын үй несиесін алуға 42 маманға 192 969,0 мың теңге беру жоспарлануда.
Қазіргі таңда тұрғын үй несиесі бойынша 79 маман кезекке қойылған, оның ішінде 2021 жылы құжат тапсырғандары 36 маман, 2022 жылы құжат тапсырғандары 43 маман.
Көтерме жәрдемақы бойынша барлық кезекте тұрғандар саны 250 маман, оның ішінде 2020 жылы құжат тапсырғандары 61, 2021 жылы құжат тапсырғандары 118, 2022 жылы құжат тапсырғандары 71.