
Күнтізбелік жоспарда 2 республикалық, 8 облыстық, 77 аудандық жарыс өткізілу жоспарланған.
2022 жылдың ІІ тоқсанында барлығы 24 спорттық іс-шаралар оның ішінде; 2 облыстық жарыс, 22 аудандық және ауылдық елді мекендерде жарыстар өткізіліп, барлығы 4315 адам қатыстырылған. Облыстық жарыс ұлттық ойын асық ату, бес асықтан және гір спортынан.
Оқушылар арасында өткен облыстық ұлттық ойын асық ату мен бес асықтан ауданымыздың қыздар командасы жүлделі І орын алып, республикалық жарысқа жолдама алды.
2021 жылдың статистикалық деректердің қорытындысы бойынша ауданда 150 спорттық нысанда спорттың 26 түрімен 11985 адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Яғни бұл көрсеткіш аудан халқының 34,0 пайызын құрап отыр.