
2022 жылдың 1 тоқсанында Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 24 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып (659, 84 млн. теңге), оның ішінде 19-ы аяқталды (624,59 млн. теңге), 5-еуі қаралуда (35,25 млн. теңге).
Жарияланған конкурстардың барлығы ашық конкурс тәсілімен жарияланған.
Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі ай сайын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысына жүйелі түрде мониторинг жүргізуде.
Жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталған аудан бойынша жоспарланып, орындалмаған мемлекеттік сатып алулар туралы дер кезінде кент, ауылдық округі әкімдеріне, бөлім басшыларына ескертіліп, уақытылы орындау жөнінде ұсыныстар беріліп отыр.
2018-2022 жылдары аралығында Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінде заң бұзушылық орын алған жоқ.
Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері тәртіптік, әкімшілік жауапқа тартылмаған.