
2022 жылы осы кезге дейін Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы 60 мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып (1 330,07 млн. теңге), оның ішінде 36-сы аяқталды (707,21 млн. теңге), 7-еуінен бас тартылды (87,22 млн. теңге), 7-еуі қаралуда (48,98 млн. теңге), 10-ынан өтінім қабылдануда (486,66 млн. теңге). Аяқталғанынан үнемделген қаржы 50,17 млн. теңге.
Жарияланған конкурстардың 59-ы ашық конкурс тәсілімен (1 329,81 млн. теңге , 1-еуі біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс (0,26 млн. теңге) өткізілуде.
Конкурстардың cатып алу мәнінің түрі:
1) 36-сы жұмыс (1 219,57 млн. теңге);
2) 24-і қызмет (110,5 млн. теңге).
Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі ай сайын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысына жүйелі түрде мониторинг жүргізуде.
Жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталған аудан бойынша баға ұсыныстарын сұрату және бір көзден алу тәсілімен жоспарланып, орындалмаған мемлекеттік сатып алулар туралы дер кезінде кент, ауылдық округі әкімдеріне, бөлім басшыларына ескертіліп, уақытылы орындау жөнінде ұсыныстар беріліп отыр.