

Жалағаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі
1963 жылы Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында туылған. Білімі жоғары, мамандығы құрылыс инженері, қаржыгер, экономика және бизнес.
Еңбек жолын 1979 жылы Жалағаш ауданы, Мәдениет совхозында жұмысшы болып бастаған.
1979-1981 ж.ж.- Жалағаш ауданы - Мәдениет совхозында жұмысшы, механизатор;
24.08.1981 - 04.07.1986 жылдары - Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтының филиалы Қызылорда қаласы, студент.
04.09.1986 - 04.11.1986 жылдары - Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Мәдениет совхозында диспетчер.
04.11.1986 - 16.09.1987 жылдары - Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Мәдениет совхозында аға құрылысшы.
16.09.1987 - 15.10.1989 жылдары - Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Мәдениет совхозында құрылыс мастері.
15.10.1989 - 01.07.1991 жылдары - Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Мәдениет совхозында есепші.
01.07.1991 - 20.02.1995 жылдары - Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Мәдениет совхозында бас есепшінің орынбасары.
.20.02.1995 - 22.02.1996 жылдары - Жалағаш ауданы бойынша салық инспекциясында І дәрежелі салық инспекторы.
22.02.1996 - 17.11.1997 жылдары - Жалағаш ауданы бойынша салық инспекциясында аға салық инспекторы.
17.11.1997 - 27.02.1998 жылдары - Жалағаш ауданы әкімі аппаратының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бөлімі-бизнес орталығының директоры.
27.02.1998 - 31.07.1998 жылдары - Жалағаш ауданы әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлікті қолдау секторында сектор меңгеруші.
31.07.1998 - 30.12.1999 жылдары - Жалағаш аудандық ауыл шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары.
29.12.1999 - 01.04.2002 жылдары - Жалағаш аудандық экономика бөлімінің меңгерушісі.
01.04.2002 - 31.12.2004 жылдары - Жалағаш аудандық экономика және кіші кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің меңгерушісі.
05.01.2005 - 03.02.2006 жылдары - Жалағаш ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
03.02.2006 - 12.08.2009 жылдары - Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы.
12.08.2009 - 04.06.2010 жылдары Жалағаш аудандық құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы.
23.08.2010 - 23.12.2010 жылдары - “Қызылорда – Агросервис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экономист.
23.12.2010 - 04.01.2012 жылдары - “Жалағаш аудандық Мәдениет үйлері мен клубтар” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.
04.01.2012 - 18.09.2013 жылдары - “Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” мемлекеттік мекемесінде статист.
18.09.2013 - 22.10.2013 жылдары - “Жалағаш кенті әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде кенті әкімінің орынбасары міндетін уақытша атқарушы.
22.10.2013 - 16.04.2018 жылдары - “Жалағаш кенті әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде кенті әкімінің орынбасары.
16.04.2018 - 26.07.2018 жылдары - “Жалағаш кенті әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кент әкімінің міндетін атқарушы.
26.07.2018 - 01.04.2019 жылдары - “Жалағаш кенті әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кент әкімі.
15.04.2019 - 05.12.2019 жылдары -“Жалағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.
09.01.2020 - 13.03.2020 жылдары -“Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Бөлім басшысының орынбасарының міндетін уақытша атқарушы.
13.03.2020 - 05.01.2022 жылдары -“Жалағаш аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысының орынбасары.
02.02.2022 жылдан бастап “Жалағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сектор меңгерушісі.