
2022 жылғы 17 маусым күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Жалағаш ауданы бойынша Ақсу, Жаңаталап ауылдық округі әкімдерін сайлау жөнінде құрылған екі сайлау округінде барлығы 9 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 1-уі (7%) – саяси партиядан, 8-і (93%)- өзін өзі ұсыну жолымен.
«AMANAT» партиясы 1 кандидат ұсынды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 4,5- адамды құрады.
Ағымдағы жылғы 17 маусымдағы жағдай бойынша бір округте кемінде екі адам ұсынылды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін белгілеу және оларды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, аталған іс-шаралар 2022 жылғы 22 маусым сағат 18-00 де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады. жарияланады.