
2022 жылғы 15 маусымда Жалағаш аудандық сайлау комиссиясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен түсу туралы 2 кандидат құжаттарын тапсырды:
Ақсу ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:
1. Шилдебаев Марат Тныштыкбаевич;
2. Сығайбаев Мейрамбек Серікұлы.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша кандидаттардың оларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», ҚР Конституциялық заңында, Мемлекеттік қызмет туралы Заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұраулар салу негізінде анықтайды.
2022 жылғы 3 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерін сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну а.ж. 4-17 маусым аралығында (сағат: 18-00 ге дейін) жүзеге асырылады.