
Ақсу сайлау округі бойынша:
Орналасқан жері: Ақсу ауылдық округі, Ақсу ауылы, Тұршабек Елеусінов көшесі №14, “Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің “№116 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Ақсу ауылы, Қорғанша, Бостай, Ахметбаза елді мекендері.
Жаңаталап сайлау округі бойынша:
Орналасқан жері: Жаңаталап ауылдық округі, Жаңаталап ауылы, Әбжәлел Қожабаев көшесі №21, “Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің “№119 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: Жаңаталап ауылы.
Ескертпе: Учаске шекаралары “Жалағаш ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы” Жалағаш ауданы әкімінің 2018 жылғы 7 қарашадағы №18 шешімімен бекітілген.