Лого

Меню

Страницы

Статья

Дүкенге мерзімі өткен тауарды түбіртексіз қайтару туралы

Кез келген тауарды қайтару үшін сауданы растайтын құжат қажет. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 18-бабына сәйкес тұтынушы сатушыдан (өндірушіден, атқарушыдан) тауарды сатып алғандығын растайтын құжат – кассалық немесе тауарлық чек, сауда түбіртегін немесе ақшаны алғандығы жөнінде қолхат талап етуге құқылы.

Аталған Занның 18-бабына сәйкес лайықсыз сападағы тауарды қайтару кезінде тұтынушыда тауардың сатып алғандығын растайтын құжаттың жоқтығы оның тауарды сатып алғандығын дәлелдейтін фото – видео материалдарды пайдалану және куәгерлерді тарту құқығынан айырмайды. Тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жағдайларды ескермегенде, дүкеннің фото және бейнежазбаларын пайдалануға құқылы (Заңның 24-бабы).

Занның 30 бабы 1-1 тармағына сәйкес, сатушы (өндіруші) мерзімі өткен, өнімнің техникалық регламент белгілеген талаптарына, нормативтік құжаттарына сай келмейтін, сонымен қатар зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарды оның қолданылғандығына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбасының, затбелгісінің сақталмағандығына қарамастан, тауар сатып алынған  мерзімнен  30 күн ішінде айырбастауға немесе сатып алынған тауар соммасын қайтаруға міндетті.  

Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

 

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Тел: 8(7242) 23-50-72, 23-50-66. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №52 ғимарат. Инстаграмм: dzppkyzylorda Фейсбук: ДзппКызылорда  

Дата публикации
18 мая 2020
Дата обновления
18 мая 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы