Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45, 113-11 баптарына сәйкес 2022 жылғы 16 мамырдағы №03 шешімімен 2022 жылғы 15 мамырда сайланған Жалағаш кенті және Еңбек, Мақпалкөл ауылдық округтер әкімдерін тіркеді:
- Жалағаш кенті әкімі - Жамалатов Мардан Сырмағанбетұлы, 1988 жылы туылған, қазақ, Жалағаш ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бақылау бөлімі, бас инспектор, Жалағаш кентінде тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған.
- Еңбек ауылдық округінің әкімі - Қалданов Қайрулла Жетпісұлы, 1987 жылы туылған, қазақ, «Еңбек ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім, Еңбек ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы ұсынған.
- Мақпалкөл ауылдық округінің әкімі - Тунгышбаев Бауыржан Умирзакович, 1967 жылы туылған, қазақ, «Мақпалкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім, Темірбек Жүргенов ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясы ұсынған.