Лого

Меню

Страницы

Статья

2022 жылдың І тоқсанында Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы

Статистика                                                                                   

Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 7970 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 22,7 пайызын құрайды.

Қаржыландыру

2022 жылы Жалағаш ауданындағы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 14 млн 406 мың теңге бөлінді. Оның ішінде 4 млн 525 мың теңгеге аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында 3 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

1) «Жалағаш ауданындағы жұмыссыз (NEET) санатындағы жастарға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. Жоба соммасы – 875 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым - «Шабыт»  қоғамдық қоры;

2) «Жастарға патриоттық тәрбие беру және азаматтық белсенділігін арттыруғашығармашыл жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру кызметі». Жоба соммасы – 1 540 000 тг. Жүзеге асырушы ұйым - «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қоры; 

3) «Жастар форумы және жастар сыйлығына байқау ұйымдастыру» әлеуметтік қызметі. (Әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік сатып алу конкурсы қараша айында жарияланады).

Жастар ресурстық орталығы туралы

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылы құрылды. Қазіргі таңда штат саны - 7. Директор - 1, бөлім басшысы - 1, аға кеңесші -1, кеңесші - 4.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңес отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес жастар ресурстық орталығының штаттық бірлігін көбейту жоспарлануда.

Аудандық жастар ресурстық орталығы қазіргі таңда мәдениет және өнерді дамыту орталығының ғимаратында орналасқан. Жастар ресурстық орталығы 2017 жылдан бері ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда қарқынды жұмыс атқарып келеді.

Жастарды ауданның қоғамдық-саяси өміріне тарту бойынша тұрақты түрде түрлі тақырыптағы сауалнамалар алынып, қорытындысымен тиісті жұмыстар атқарылуда.

2022 жылдың І тоқсандық қорытындысы бойынша жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 25 шара өткізіліп, оған 1000- ға жуық жас қатыстырылған. 

Жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламалар 

2022 жылдың 1 тоқсанында халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде 150 жас  хабарласқан.

          Атап айтқанда:

         - 3 жас әлеуметтік жұмыс орындарына;

         - 18 жас жастар тәжірибесіне;

         - 15 жас қоғамдық жұмыстарға;

         - 31 жас мемлекеттік қолдау шараларынсыз тұрақты жұмысқа орналасты.

          2022 жылдың 1 сәуіріне Халықты жұмыспен қамту орталықтарына мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатарынан тіркелген   жастар саны 3 адам,  2-і тұрақты жұмысқа орналасты.

         Жазасын өтеп келген жастар.  2022 жылы аудандық пробация қызметінде-9 азамат есепте болған. Оның ішінде:

         бас бостандығын шектеу жазасы-8,

         шартты жазаға сотталғандар-1.

         Барлығы есепке алынған 9 адамның 5-і кент орталығынан, 4-і ауылдық округтерден.

         Жазасын өтеп келген жастардан 5-і тұрақты жұмыспен қамтылған, 1-еуі қоғамдық жұмысқа жіберілген, 2-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 1-і жұмыссыз. 

«Дипломмен-ауылға!» жобасы бойынша

«Жалағаш аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Жалағаш ауданы бойынша тұрғын үй несиесі түріндегі әлеуметтік қолдау шарасына 1-ші тоқсанға құжат тапсырғандары 37 маман.

Көтерме жәрдемақы бойынша барлық кезекте тұрғандар саны 232 маман, оның ішінде 2020 жылы құжат тапсырғандары 61, 2021 жылы құжат тапсырғандары 118, 2022 жылы құжат тапсырғандары 53 маман.

Аудан тұрғындары тарапынан негізгі сұранысқа ие біржолғы көтерме жәрдемақы кезегі болып отыр. Осыған сәйкес көтерме жәрдемақының кезектігі туралы аудандық ішкі саясат бөліміне әлеуметтік желілерге және аудан әкімінің сайтына жариялауға ұсынылды.

Жастар арасында денсаулық сақтау

Ауданда барлығы 14-29 жас аралығында 7114 жас емханада тіркелген. Емханаға  барлық қаралғандардан алғаш рет  227 жастан аурушаңдық белгілері анықталған. Ең жиі кездесетін тыныс жолдары мен құлақ аурулары. Диспансерлік есепте 950 жас бақыланады. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі 152 жас бар. Өлім-жітім бойынша 2022 жылдың І тоқсанына 14-29 жас аралығындағы жастар жоқ.  Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау фактілері бойынша  жағдай тіркелмеген.

Аудан бойынша емханаға қарасты 1 жастар денсаулығы орталығы жұмыс жасайды. Орталық арқылы 85 жас кеңес алушы ретінде тіркеліп, 71 іс-шара өткізілген. Іс-шараға 1494 адам қамтылған.

Сонымен қатар психолог кеңесіне жүгінушілер саны – 32, атқарылған іс-шаралар саны - 13, қатысушылар саны 258 құрайды.

Жастар арасындағы қылмыстылық деңгейі

Жастармен жасалған қылмыс саны 12, отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық 2.

Жастар арасындағы діни ахуал

Аудан жастары арасында жергілікті мешіттерге баратын радикалды ағым жетегінде жүрген жастар жоқ. «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ Жалағаш аудандық бөлімі және аудандық жастар ресурстық орталығы Жалағаш кентінде тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, дәстірлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатындағы акцияларды тұрақты түрде өткізіп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отыр. 

Жастардың спортпен шұғылдануы және бос уақытын тиімді ұйымдастыру

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Наркескен» спорт клубы  коммуналдық мемлекеттік мекемесі  2022 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында    бұқаралық ұлттық спорт түрлерін  дамыту   мақсатында  түрлі  спорттық секцияларға  қатысатын  жасөспірімдер мен жастар арасында  аудан, облыс, Республикалық  жарыстарда  топ жарып жүрген  дарабоз  спортшыларымыз гір көтеру, асық ату, бес асық, қол добы, футбол, жеңіл атлетика, волейбол, үстел теннисі, шахмат, баскетбол жарыстарынан аудан намысын қорғап келеді. Атап айтар болсақ, үстіміздегі жылдың наурыз айының 9-11 жұлдызы  аралығында бес асықтан  14-16 жас   аралығындағы жасөспірімдер  арасында     өткен облыстық жарыста аудан құрама сапындағы Сыдық Балнұр, Дәрменбай Диана, Қарымсақ Гүлмира, Берікқызы Ділназ  жүлделі     I орынды жеңіп алып, мамыр айында Шымкент қаласында өткізілетін ҚР Чемпионатына жолдама алды.

 Осы жарыста асық атудан қатысқан  ер балалар арасында аудан құрамасы жүлделі II орынды жеңіп алып,  Тұрарұлы Нұржұма  облыс құрамасына қабылданып, Республикалық Чемпионатқа жолдама алды.

2022 жыл «Балаларды қорғау жылына» орай,  шахмат спортынан  өткен аудандық біріншілікте  14 жас аралығындағы  жасөспірімдер арасында Ортай Мардан

I орын иегері, Қызылорда облысында 14 жас аралығындағы  спорт фест облыстық блиц  шахмат турнирінде   Ортай Мардан   I орын иегері  атанды.

  Арал қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай гір спортынан өткен  облыстық біріншілікте  18 жас  аралығында  Мырзаш Ақмырза

 I  орын, 17 жас аралығында Болат Жасұлан I  орын, 14 жас аралығында  Ербол Әзиз I  орын,16 жас аралығында Орынбасар Нурислам II  орын иеленді.

Жалағаш ауданында  гір көтеруден ұзын циклді серпе көтеруден облыс біріншілігіне іріктеу жарысында 16 жас аралығында  Орынбасар Нурислам ,

19 жас аралығында Төлеген Қайсар,  29 жас аралығында Сейтенов Абдулхасан

 ҚР Чемпионатына жолдама алды.

Ақтөбе қаласында өткізілген Республикалық Чемпионатта  ұзын циклді серпе көтеруден  19 жас аралығында Төлеген Қайсар 73 кг салмақта II орын алып, Азия Чемпионатына жолдама алды.

Осы жарыста  29 жас арасындағы ерлер арасында Сейтенов Абдулхасан 85 кг салмақта III орын алып, Азия Чемпионатына жолдама алды.

Жосалы кентінде гір спортынан серпе және  жұлқа көтеруден өткен облыс біріншілігінде 14 жас аралығында Ербол Әзиз,16 жас аралығында Орынбасар Нурислам, 18  жас аралығында  Мырзаш Ақмырза,19 жас аралығында Төлеген Қайсар, 21 жас  аралығында Мәжиев Ислам командалық I  орын алып, ҚР Чемпионатына  жолдама алды.

Шардара қаласында гір спортынан  серпе және жұлқа көтеруден 21 жас аралығында Мәжиев Ислам 63 кг салмақта  III орын,   Төлеген Қайсар 73 кг салмақта III  орын алып,  ҚР Чемпиотатына жолдама алды.

Үстел үсті теннисінен  жасөспірімдер арасында ақпан айында өткен облыстық  жарыста  құрама команда  I орын алып, ҚР Чемпионатына жолдама алды.

2022 жылдың 7-14 наурыз аралығында Алматы қаласында  қол добынан 20 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында Азия біріншілігінде  Жұмабек Альсина III орын  иеленді.  Сонымен қатар 18-25 наурыз аралығындағы Алматы қаласында қол добынан 18  жасқа дейінгі  жасөспірім қыздар арасында  Азия біріншілігінде II  орын иеленіп, шілде айында Грекия мемлекетінде  өтетін  әлем  біріншілігіне жолдама алды.

Жастардың мәдени бос уақытын ұйымдастыру

Жалағаш ауданының мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерінің желісін 6 аудандық және 31 ауылдық мәдениет ұйымдары құрайды. Соның ішінде 7 мәдениет Үйі, 9  клуб,  18 кітапхана,  тарихи-өлкетану мұражайы, мәдениет және өнерді дамыту орталығы,  Бұқарбай батыр атындағы тарихи үй аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді.

Ауданның мәдениет саласы бойынша 2022 жылдың І тоқсанында  370  мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, 31 063 көрермен қамтылған. Оның ішінде онлайн режимінде 186 шара өткізіліп, 14 268 қаралым болған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады.

Осыған орай балалар шығармашылығын дамытуға арналған Жалағаш ауданының мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында әр түрлі жанрдағы барлығы 91 үйірме жұмыс жасайды. Оған қатысушылар саны 1038-ді құрайды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда үйірмелер саны 3-ке, қатысушылар саны 10 балаға артқанын көрсетеді (2021 жылдың 1 тоқсанында үйірмелер саны 88, қатысушылар саны 1028)

Қосымша жыл басынан бері жастарға арналған Жаңаталап клубы жанынан «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесі ашылып жұмыс жасауда.

         Үйірмелер саны

Қатысушылар саны

2021 жылдың І тоқсаны

2022 жылдың І тоқсаны

2021 жылдың І тоқсаны

2022 жылдың І тоқсаны

88

91

1028

1038

Білім саласы бойынша 

Жалағаш ауданы бойынша 2022 жылы мектеп бітіруші түлектер саны-358 бітіруші бар. Олардың 330-ы ҰБТ – ға қатысуға тілек білдіріп отыр. Жалпы жоба бойынша биылғы бітірушілердің 316-ы ЖОО, 41-і АОО өз білімдерін жалғастыруды көздеп отыр. 

Аудан оқушылары  облыстық, республикалық ғылыми жобалар конкурсынан  жүлделі орындар иеленіп келеді.Өткен оқу жылында жалпы ғылыми жоба конкурсына 343 оқушы қатысып,157 оқушы жүлделі орындар иеленді. Облыстық кезеңнен 9 оқушы жүлделі орындар иеленсе, республикалық  кезеңнен 2 оқушы жүлдегер атанды.

Кәсіпкерлік саласы бойынша

Аудан бойынша 2022 жылдың 1 наурызына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2484 бірлікті құраса, оның ішінен 471 субъектісін (267 дара кәсіпкер, 12 заңды тұлға, 192 шаруа және фермер қожалықтары) немесе 18,9 пайызын 18-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер құрап отыр.

Ағымдағы жылдың 3 айында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына 121 кәсіпкер тіркелсе, оның 38 пайызы немесе 46 бірлігі жас кәсіпкерлер. Ал, 2021 жылдың 12 айында тіркелген жас кәсіпкерлердің саны 426. Яғни ауданда жыл сайын жастардың кәсіпкерлікпен айналысу деңгейі жоғарылап келеді.

Сондай – ақ, жыл басынан ауданнан мемлекеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпкерлікті бастау немесе дамыту бағытында 22 кәсіпкер 204,8 млн теңгеге қаржыландырылса. Оның ішінен, 4 жас кәсіпкер 12,1 млн теңгеге қаржыландырып, қолдау алған.

«Атамекен Қызылорда МҚҰ» ЖШС-нің «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жыл басынан 4 жұмыссыз жас кәсіпкер 12,1 млн теңгеге қаржыландырылды.

Сондай – ақ, жыл басынан бастап жеке кәсіпкер ЖК «Шайхыслам» Шайхыслам Самураттың печенье өндіру цехы жұмысын бастады. 3 адамды жұмыспен қамтып отыр. 

Мемлекеттік жастар саясатының ақпараттандырылуы

Жалағаш ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру тұрақты түрде жүргізілуде.

2022 жылдың І тоқсанына аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінде жастарға қатысты 7 мақала жарияланды. Әлеуметтік желілерге (facebook. Vk. Instagram.) 300-ге жуық ақпарат және 15-ке жуық бейнероликтер әзірленіп, жарияланған. 

Дата публикации
20 апреля 2022
Дата обновления
20 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы