
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған "Дені сау ұлт әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" мемлекеттік бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының денсаулық сақтау саласында медициналық қызметті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, аурудың алдын алу шаралары мен алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
Қазіргі таңда 33 286 аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана,12 дәрігерлік амбулатория,2 фельдшерлік - акушерлік бекет, 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.
Қызмет көрсету территориясында статистикалық мәлімет бойынша 35 331 халық болса, оның РПН бағдарламасы бойынша -33 286, оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны 10 899, жасөспірімдер - 1683, ересектер саны – 20 704.
Кадр
Мекемеде жалпы штат бірліктері: 684
Оның ішінде:
Мекемеде жалпы қызметкерлер саны: 859.
Оның ішінде:
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 91 жоғары білімді дәрігер жұмыс жасайды, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігермен қамтылу деңгейі 27,0 %.
Оның ішінде: 53 дәрігердің біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 58,2 %.
Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 439 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда, орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтылуы – 131,8 %.
Орта буын медицина қызметкерлерінің 275 біліктілік санаттары бар, санаттылығы – 62,6 пайыз.
Бекітілген штат көлемінде дәрігер мамандарға қажеттілік туралы:
|
Мамандықтар атауы |
Жұмыс орны (ДА,СВА атауы) |
Бірлік саны |
Бос тұрақты вакансия |
|
Жалпы тәжірибелі дәрігер |
Ақарық ДА |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Жалпы тәжірибелі дәрігер |
Аққыр ДА |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Оторинолоринголог |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Офтальмолог |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Анестезиолог-реаниматолог |
Кент |
1,0 |
Бос вакансия тұрақты |
|
Барлығы |
|
5,0 |
5 |
Негізгі статистикалық көрсеткіштер
Аудан бойынша барлық дәрігерлік қабылдау 2022 жылдың 3 айы бойынша –51 598, 1 тұрғынға шаққанда көрсеткіш 1,5 (2021 жылдың 3 айы – 37 673– 1,1) құрады. Оның ішінде ауруы бойынша келгендер саны 2022 жылы – 18 438 – 37,5%, (2021 жыл – 18 111- 48%). Алдын ала тексерілу - 31001 болып 60%-ды құрады (2021 жылы 19 562 – 52%) былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 8 %-ға жоғарылап тұр. Жалпы дәрігерлік қабылдауға келгендер саны алдыңғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 13 925 жағдайға жоғары Оның ішінде, айтатын болсақ, алдын ала тексеру 2021 жылдың 3 айымен салыстырғанда 11 439 жағдайға көбейген. Оның ішіне «Жылжымалы медициналық кешен» арқылы жүргізілген текерулер, балалар скринингі және «ҚР акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2021 жылғы 26 тамыздағы ю 92 бұйрығы бойынша жүргізілген текерулер кіреді. Үйде қаралу 2022 жылдың 3 айы бойынша -- 4126 құрап (2020 жылдың 3 айы – 5 748 ), өткен жылмен салыстырғанда – 28,2 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, жалпы тәжірибелі дәрігерлердің қабылдауы 2022 жылы 17 321 болып 33,5% құрады (2021 жылы – 16421-43,5%). Ал тар буынды мамандардың қабылдауы 34 277 болып 66,4%-ды құрап отыр. (2021 жылы 21 252 – 56,4%).
2022 жылдың 3 айында алғаш тіркелген аурушаңдық саны –3628 жағдай, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш –.10899,4 (2021 жылдың 3 айында – алғаш тіркелген аурушаңдық 2335, 100 000 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш - 6858,8құраған). Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырсақ алғаш тіркелген аурушаңдық көрсеткіші 1293 жағдайға жоғарылаған. Атап айтқанда, 2022 жылдың 3 айында алғаш рет тіркелген аурулардың ішінде:
Диспансерлеу. "Аурулардың созылмалы нысандарымен ауыратын науқастарды диспансерлеу хаттамаларын бекіту" туралы 2012 жылғы 26 желтоқсандағы №885 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Жалағаш ауданы бойынша «Д» есепте ЭРДБ бағдарламасы бойынша барлығы – 14 575 адам тұрады, оның ішінде ересектер - 12399, 0-17 жас аралығындағы балалар саны – 2176.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандыралған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» 29 тамыздағы №666 бұйрығына сәйкес Жалағаш ауданы бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамту барысында 28 320 791.41 теңгеге 8029 рецепт жазылды. Қазіргі таңда бөлінген дәрі-дәрмектер 63% игерілді.
Демографиялық көрсеткіштер
2022 жылдың 3 айында аудан бойынша 192 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 5,7 промильді құрады (2021 жылы 204 бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 6,0 промильді құраған). Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 12 жағдайға төмендеп отыр. Сәби өлімі 2022 жылдың есептік кезеңінде 2 жағдай тіркеліп 10,4 промиль құрады, (2021 жылы 3 жағдай тіркеліп көрсеткіш- 14,7-ні құраған). 2022 жылы аудан бойынша 46 өлім жағдайы тіркелді, көрсеткіші – 1,4 құрап отыр. (2021 жылы 54 жағдай – 1,5), өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 8 жағдайға төмендеп отыр.
|
№ |
Негізгі көрсеткіштер |
2022 жыл |
2021 жыл |
|
1 |
Туу көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда.) |
192-5,7 |
204-6,0 |
|
2 |
Өлім көрсеткіші (1000 тұрғынға шаққанда) |
46-1,4 |
54-1,5 |
|
3 |
Бала өлімі (1000 тұрғынға шаққанда.) |
2-10,4 |
3-14,7 |
|
4 |
Материнская смертность (на 100 тыс. живорож-ных) |
0 |
0 |
Өлім - жітім себептері бойынша:
|
|
|
2022 жыл |
2021 жыл |
|
1 |
Жалпы қайтыс болғандар саны |
46-1,4 |
54-1.5 |
|
1.1. |
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
10 - 21,7% |
22-40.7% |
|
1 |
Үйден қайтыс болғандар |
35-76.1% |
34-63.0% |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
7-70,0% |
8-36.4% |
|
2 |
Ауруханадан қайтыс болғандар |
10-21,7% |
11-20.4% |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
2-20,0% |
6-27.3% |
|
3 |
Өзгеде себептер |
1-2,2.% |
9-16.7% |
|
|
Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағылар |
1-10.0% |
8-36.4% |
Оның ішінде:
|
|
|
2022 жыл |
2021 жыл |
|
1 |
Жүрек қантамыр аурулары |
8-24,0 |
13-37.0 |
|
2 |
Қатерлі ісік аурулары |
6-18.0 |
3-8.5 |
|
3 |
Жарақаттар |
2-6,0 |
6-17.1 |
|
4 |
Тыныс алу жолдары |
7-21,0 |
6-17.1 |
|
5 |
Жұқпалы аурулары |
0 |
1-2,9 |
|
6 |
Туберкулез |
0 |
0 |
|
7 |
Ас қорыту ағзалары |
3-9,0 |
2-5.7 |
|
8 |
Несеп жолдары |
0 |
0 |
|
9 |
Ішкі секреция жүйесі |
1-3,0 |
1-2.8 |
|
10 |
Жүйке жүйесі аурулары |
5-15,0 |
3-8.5 |
|
11 |
Кәрілік |
9-27,0 |
8-22.8 |
|
12 |
Короновирусты инфекция |
0 |
0 |
|
13 |
Тағы басқа |
5-15,0 |
12-34.2 |
Өлім жітім көрсеткішін назология бойынша талдайтын болсақ:
1-ші орында: Кәріліктен қайтыс болғандар саны – 9 – 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 27,0. (2021 жылы - 8– 22,8). Былтырғы жылмен салыстырғанда 1 жағдайға өскен.
2- ші орында: Жүрек қантамыр аурулары бойынша қайтыс
болғандар саны 2022 жыл бойынша 8 – 24,0 (2021 жыл – 13 – 37,0). Өткен жылғы есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш 22,8 - 13,0%-ға өсіп отыр.
3- ші орында: Тыныс алу жолдары бойынша қайтыс болғандар саны 2022 жылы – 7 – 21,0. (2021 жыл 6-17,1). Есептік кезеңмен салыстырсақ көрсеткіш 3,9% өскен.
Скрининг бағдарламасы бойынша
«Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» ҚР ДСМ м.а.. 2020 жылғы 30 қазандағы № 174/2020 бұйрығы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау – 2022 ж. жоспарланғаны-2390; орындалғаны-1179- 49,3%. Анықталғаны-96-8,1% «Д» есепке алынғаны 96-100%.
2021 ж. жоспарланғаны-2166; орындалғаны-899- 41,5%. Анықталғаны-53-5,8% «Д» есепке алынғаны 45-84,9%.
Қант диабеті ауруларын ерте анықтау-2022 ж. Жоспарланғаны-2390 орындалғаны-1179-49,3%.Анықталғаны-12-1,0%. «Д»есепке алынғаны-12-100%.
2021 ж. жоспарланғаны-2166 орындалғаны-899-41,5%. Анықталғаны-9-1,0%. «Д»есепке алынғаны-6-66,6%.
Глаукома ауруын ерте анықтау-2022 ж. жоспарланғаны-2390; орындалғаны-1179-49,3%. Анықталғаны-10-0,8% «Д» есепке алынғаны-10-100%.
2021 ж. жоспарланғаны-2166; орындалғаны-899-41,5%. Анықталғаны-2-0,2% «Д» есепке алынғаны-0.
Сүт безі қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2022 ж. жоспарланғаны-1050, орындағаны-423 - 40.3%, анықталғаны-24-5,7%. «Д» есепке алынғаны-24-100%.
2021 ж. жоспарланғаны-1786, орындағаны-245-13,7%, анықталғаны-44-17,9%. «Д» есепке алынғаны-0. 1 әйел қатерлі ісікпен алынды.
Жатыр мойны қатерлі ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2022 ж. жоспарланғаны-903; орындалғаны-538-59,6%, анықталған ісік алды ауруы-23-4,3%. Рак-0 «Д»есепке алынғаны-23-100% .
2021 ж. жоспарланғаны-1403; орындалғаны-286-20,3%, анықталған ісік алды ауруы-20-6,9%. Рак-0 «Д»есепке алынғаны-0. Елдегі төтенше жағдайға байланысты карантин болуына байланысты көрсеткіштер төмен.
Тік және тоқ ішек ісігі және ісік алды ауруларын ерте анықтау- 2022 ж. жоспарланғаны-1030; орындалғаны-375-36,4%, анықталған ісік алды ауруы-5-1,3%. Д»есепкеалынғаны-0.
2021 ж. жоспарланғаны-1728; орындалғаны-0.
Суицид.
Суицидтің алдын-алу жол картасы бағдарламасы аясында тәуекел тобы жасақталып тексерулерден өткізілуде. Осы маңызды бағыт бойынша Жалағаш аудандық ауруханасында 4 психолог, 11 әлеуметтік қызметкер қызмет атқарады. Тауекел топтағы пациенттерге психолог кеңесі беріліп, психокоррекциялық жұмыстар (кеңес беру, түсіндірме жұмыстары, өзіндік бағалауын көтеру, өмірге деген құштарлығын арттыру) жүргізілуде. Күйзелістің алдын-алу тақырыбында халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары күшейтілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 02.02.2015 жылғы №84 бұйрығына сәйкес психолог мамандар суицидтің алдын - алуға жалпы 3-айда халық арасындағы барлығы 1 акция өткізіліп, 62 тұрғын қамтылған, сонымен қатар 2 семинар ұйымдастырылып 158 тұрғын қамтылған, 2 тренинг өткізіліп 37 тұрғын қамтылған.
2022 жылы өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне барған- 2 жағдай тіркелсе, оның ішінде аяқталған жоқ, 2 аяқталмаған суицид жағдайы орын алды. Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу бойынша жағдай тіркелмеді. (2021 жылы өзіне-өзі қол жұмсау әрекетімен жағдай тіркелмеген) Емдеуге жатқызу бюросы бойынша
2022 жылдың 3 айлық бойынша ауруханаға емханадан жоспарлы түрде портал арқылы 765 науқас жатқызылған. (2021 жылдың 3 айында -797). Сонымен қатар шеттетілген науқастар саны -2022 жыл 3 айында -44. (2021 жылдың 3 айлық есептіік кезеңінде 60 шеттетілген науқас тіркелген). Шеттетілген науқастардың себебі бойынша 13 жағдай жазбаша түрде бас тартқан, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны –21, Госпитализацияға жоспарланған ауруханаға жатқызуға қарсы көрсеткіштер-7, Науқастың ауруханаға жатқызылмауы-1, Ауруханаға көмек көрсететін көрсеткіштердің болмауы-1, Науқас туралы мәліметтерді Порталға енгізу кезінде қате енгізу-1, Госпитализация процедурасына тәуелді емес жағдайлар-0
(2021 жылдың 3 айында шеттетілген 60, ауруханадан жатудан жазбаша бас тартуы -14, ауруханаға жедел жатқызу-44, ауруханаға көрсетілімінің болмауы-0, Ауруханаға жатуға келмеуі-1, ауруханаға қарсы көрсетілімнің болуы-1 ).
Ауруханада көрсетілген көмек
Қазіргі таңда аудандық аурухана бойынша 130 төсек орын жұмыс жасайды. Оның ішінде:
-15 төсек жұқпалы аурулар бөлімшесінде,
-28 төсек-орын терапия бөлімшесінде,
-15 төсек-орын хирургия бөлімшесінде,
-25 төсек-орын перзентхана мен гинекология бөлімшесінде,
-10 төсек-орын Реабилитация бөлімшесі
-17 төсек-орын балалар бөлімшесінде
-20 төсек – паллиативті көмек көрсету
Тұрғындардың төсек-орынмен қамтамасыз етілу пайызы 10 мың адамға шаққанда 2021 жылдың 3 айы бойынша 38,3% құраса, 2022 жылдың 3 айында 39,0%-ды құрап отыр.
2021 жылдың 1 тоқсандық есебімен салыстырғанда төсек-орын жұмысы 8,6 промильге төмендеген. Атап өтетін болсақ, төсек орын жұмысы 2022 жылдың 3 ай көлемінде 68,7 құрады, (2021 жылы 3 айында 77,3).
Төсек-орын айналымы да былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеген. 2022 жылдың 3 айы бойынша 8,5 болса, (2021 жылдың 3 айында 10,4 болып отыр).
Төсекте орташа болу көрсеткішіне келер болсақ, 2022 жылдың 3 айы бойынша 8,1 күннен болса, (2021 жылдың 3 айы бойынша 7,5 күнді құрап отыр). Былтырғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш жоғарылағаны байқалады.
Науқастардың ауруханаға жатқызылуы жөнінде айтатын болсақ, 2022 жылдың 3 айында жедел жатқызылған науқастар 691-60,6% болса, (2021 жылдың 3 ай көлемінде 759–56,3% құрап отыр). Жоспарлы жатқызылған науқастар 2022 жылдың 3 айы 449-39,3%, (2021 жылдың 3 айы 587-43,6%). Жалпы алғанда, аудандық ауруханадан 2022 жылдың 3 айында 1140 науқас ем алса, (2021 жылдың 3 айы бойынша 1346 науқас ем алып отыр).
Летальдық көрсеткіш. Қайтыс болған науқастар 2022 жылдың 3 айы – 5-0,5% құрады, ал 2021 жылдың 3 айы бойынша – 3-0,2%. 1 тәулікке дейін қайтыс болғандар 2022 жылдың 3 айында – 1 болса, (2021 жылдың 3 айында – 3). 2022 жылдың 3 айында 1 жасқа дейін қайтыс болу жағдайы тіркелмеген. (2021ж.- 0).
2022 және 2021 жылдардың 3 айы бойынша аудандық аурухана бөлімшелерінің төсек-орынды орындау пайызы төмендеген. 2022 жылдың 3 айында 86,1% болса, (2021 жылы 3 айында 96,8% құрады).
Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер
Ана мен бала және ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын қорғау жұмысын жандандыру; Ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында енгізілген «Эффективті перинаталды технологиясы» және БШАЫЕ бағдарламалары әрі қарай жалғастыру; Пилоттық патронаждық қызметтің жұмысын жандандыру; Сәби өлімін болдырмау және алдын алуға бағытталған қысқамерзімді жоспармен жұмыс жасау;
Емдеу-диагностикалық жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында аудан бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және мастер-класс тәжірибесін тиімді пайдалану;
Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған Меморандумға байланысты негізгі көрсеткіштер индикаторларын жоғары нәтижелерге жеткізу;