Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бойынша 2022 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

  1. Автомобиль жолдары саласы бойынша

Аудан аумағында республикалық маңызы бар 50 шақырым, облыстық маңызы бар 60,6 шақырым, аудандық маңызы бар 123,5 шақырым барлығы 234,1 шақырым автомобиль жолдары бар.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 109,9 шақырымы немесе 89%   жақсы және қанағаттанарлық жағдайда,  13,6 шақырымы немесе 11% қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Үстіміздегі жылы жалпы жоба құны 196,5 млн. теңге құрайтын Бұқарбай батыр ауылына кіре беріс автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын бастау үшін облыстық бюджеттен 98,3 млн. теңге қаралып отыр. (Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС).

Сонымен қатар,

Ақсу елді мекеніне кіре беріс (2,3 шқ) аудандық маңызы бар  автомобиль жолының 76,7 млн. теңге құрайтын орташа жөндеу жобасын,

Жаңадария елді мекеніне кіре беріс (17,1 шқ) аудандық маңызы бар  автомобиль жолының 392,1 млн. теңге құрайтын орташа жөндеу жобасын,

Аққыр елді мекеніне кіре беріс (20,6 шқ) аудандық маңызы бар  автомобиль жолының 664,8 млн. теңге құрайтын күрделі жөндеу жобасын республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін бюджеттік өтінім тапсырылған болатын. Осы жобалар ішінен Жаңадария елді мекеніне кіре беріс (17,1 шқ) аудандық маңызы бар  автомобиль жолының 392,1 млн. теңге құрайтын орташа жөндеу жобасын республикалық бюджеттен қаржыландырылуы (50%) қолдау тауып отыр.

Аудан бойынша ұзындығы 220,1 шақырым 213 көше бар. Оның ішінде Жалағаш кентінде 69 көше ұзындығы 76,3 шақырым, ауылдық елді мекендерде 144 көше ұзындығы 147 шақырым.

Биылғы жылы, республикалық бюджеттен бөлінген 351,3 млн теңге қаржы есебінен

Мырзабай ахун ауылындағы 2 көшеге (жалпы құны 124,7 млн. теңге ұзындығы 3,88 шқ). Мердігер мекеме: «Строй модуль Астана» ЖШС;

Еңбек ауылындағы 3 көшеге (жалпы құны 104,9 млн. теңге, ұзындығы 3,71 шқ) күрделі жөндеу. Мердігер мекеме: «Құрылыс-Көлік Компаниясы» ЖШС;

Шаменов ауылындағы 8 көшеге (жалпы құны 121,7 млн. теңге, ұзындығы 3,74 шқ) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мердігер мекеме: «Компания Бауыржан Құрылыс» ЖШС.

Сондай - ақ, облыстық бюджеттен бөлінген 72,0 млн теңге қаржы есебінен

Аққыр ауылындағы 1 көшеге (жалпы құны 31,2 млн. теңге, ұзындығы 0,96 шқ). Мердігер мекеме: «Құрылыс-Көлік Компаниясы» ЖШС;

Жаңадария ауылындағы 1 көшеге (жалпы құны 41,0 млн. теңге, ұзындығы 1,2 шқ) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгелі отыр. Мердігер мекеме: «Қызылорда жолдары» ЖШС.           

2021 жылы Есет батыр ауылы бағытындағы оңтүстік коллектор көпірін қайта жаңғырту жұмыстарын бастау үшін ұлттық қордан 59,7 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. (жоба құны 149,5 млн. теңге).

2022 жылы көпірді жаңғырту жұмыстарын толық аяқтау үшін, облыстық бюджеттен 79,6 млн.теңге қаралып, қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда.  

Газдандыру бойынша 

2021 жылы Ақсу елді мекенін орталықтандырылған газ желісімен қамтамасыз етуге  жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 9,2 млн теңге бөлінген болатын. Жобалаушы мекеме  «Прикаспийское управление строительства Шымкент» жобалау-сметалық құжаттар әзірленді. Бүгінгі күнге мемлекеттік сараптамадан өту үшін құжаттар дайындалуда. Сараптамаға дейінгі жоба құны 608,0 млн теңгені құрайды.

М.Шаменов елді мекенін орталықтандырылған газ желісімен қамтамаыз етуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін 2022 жылы аудандық бюджеттен 7,6 млн теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері өтуде.

Дата публикации
18 апреля 2022
Дата обновления
18 апреля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы