Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің 2022 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Жалағаш ауданы бойынша 2022 жылдың 3 айында ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, шиеленісуі мүмкін жағдайлар, ішкі саяси жағдайдың тұрақтылығына  кері әсерін тигізуі мүмкін болжамдар, іс-шаралар, түрлі саяси партиялардың іс-қимылдары, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларға байланысты 2022 жылдың қаңтар айында Маңғыстау тұрғындарын қолдау жөнінде митингі өткізі жөнінде аудан тұрғындарынан арыз тіркелді. «Төтенше жағдайда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел штаб отырысы туралы» Қызылорда облысының полиция департаментінің бастығы, аумақтық коммендант Б.Сұлтанның 06.01.2022 ж. №3 бұйрығы қабылданды. Аталған бұйрықтың 2.4. тармағында бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын делінген бұйрығына сәйкес тұрғындарға келісім берілген жоқ.

2022 жылдың 5 қаңтарында аудан орталығында болған жиынға байланысты азаматтармен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында:

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай аудан әкімдігінің ресми сайтында арнайны бет ашылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Аудан көлеміндегі кент және ауылдық округтерде тақырыптық билбордтар орналастырылды. 2022 жылы аудандық «Жалағаш жаршысы» газетіне, әлеуметтік желілерде (фейсбук) 19 мақала  жарияланды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған түрлі форматтағы 16 шара өткізілді.   

Діни ахуал туралы:

Қазіргі таңда, ауданда 15 мешіт жұмыс жасайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 15 мешіттің 15-інде имамдар бұйрықпен тағайындалған.

2022 жылы (аудан әкімінің 2022 жылғы 14 ақпандағы  №66 өкіммен) аудандық ақпараттық түсіндірме тобының жұмысын ілгерілету үшін аудан әкімдігі жанынан діни ақпараттық-түсіндіру тобы қайта жаңартылып, топ құрамына ауданға белгілі азаматтар, мемлекеттік атқарушы орган өкілдері, жергілікті ақын-жазушылар, құқық қорғау орган өкілдері, белсенді жастар және мүдделі мемлекеттік орган басшылары енгізілді.

Діни ахуал тұрақтылығын сақтау мақсатында дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында құрылған Жалағаш аудандық ақпараттық  түсіндірме тобы дін саласындағы өзекті мәселелерді, экстремизм мен терроризмнің алдын алуда тұрғындармен, жастар, мемлекеттік  және бюджеттік  сала қызметкерлері  арасында  тиісті жұмыстар  жүргізуге  септігін  тигізіп  келеді.

Мемлекеттік ақпараттық саясат:

Жалағаш ауданы бойынша 6878 отбасы саны бар. Оның 6534-і немесе 95% OTAU TV Ұлттық цифрлық телехабар құрылғысымен («Қазтелерадио» АҚ 6 қыркүйектегі анықтамасына сәйкес) қамтылған.

2022 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатқа 7 млн 955 мың теңге бөлінді. 2022 жылдан бастап медиа планның мемлекеттік сатып алу процедураларына облыстық ішкі саясат басқармасы жауапты. Жалағаш ауданы туралы БАҚ және интернет кеңістігінде 2022 жылдың басынан шыққан мақалалар саны – 67. Оның ішінде:

- республикалық, облыстық, аудандық газеттерге, интернет газеттерге шыққан мақалалар саны – 4;

- республикалық, облыстық, аудандық сайттарға, әлеуметтік желілерге шыққан мақалалар, посттар саны – 75;

- республикалық, облыстық телеарналарға шыққан материалдар саны–6.

Жалағаш ауданы көлемінде жұмыс жасайтын БАҚ туралы ақпарат:

Ауданның медиа кеңістігінде қазіргі таңда 1 бұқаралық ақпарат құралы тіркеліп, атап айтқанда «Сыр Медиа» ЖШС-не қарасты аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті жұмыс жасап, Жалағаш ауданы бойынша қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын ақпараттандыруда. Газет аптасына 2 рет жарыққа шығады. 2022 жылдың 15 наурызына «Жалағаш жаршысы» газетінің 3001 дана таралымы бар.

Үкіметтік емес  ұйымдармен жұмыс:

Жалағаш ауданы бойынша әділет органдарында тіркелген  25 үкіметтік емес ұйым бар. Оның ішінде қоғамдық қор 12, қоғамдық бірлестіктер 13.

/13 қоғамдық бірлестік және 5 қоғамдық қор 2021 жылдың 31 наурызына дейін ҮЕҰ Дерекқорлар базасына енгізілді. 8 қоғамдық қор жұмысын уақытша тоқтатқан. 2 қоғамдық бірлестік Халықаралық «Қазақ тілі» Қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің Жалағаш аудандық филиалдары облыстан енгізілген./

Олардың ішінде белсенді жұмыс жасап тұрғаны 6 қоғамдық бірлестік  және  1 қоғамдық  қор, атап айтқанда “Жалағаш ауданы ардагерлер ұйымы” қоғамдық бірлестігі, «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі,  «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігі, «Жалағаш аудандық Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігі, Жалағаш ауданы жастарының  “Темірқазық” қоғамдық бірлестігі, «Туған жерім, тірегім» қоғамдық бірлестігі , “Жалағаш Даму” қоғамдық қоры.

Дата публикации
18 апреля 2022
Дата обновления
18 апреля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы