Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің 2022 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Жалағаш ауданы бойынша 2022 жылдың 1 сәуіріне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2484 бірлікті құрады. Оның ішінде, 2291 субъектісі немесе 92,2 пайызы нақты жұмыс жасап отыр. Ал, тоқтап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны-193.

Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101 бірлікке, оның ішінде жұмыс жасап тұғандар саны 106 бірлікке артып отыр.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3 айында мемлекеттік кірістер басқармасына 121 жеке тұлға кәсіпкер ретінде тіркеліп, 141 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2022 жылдың 1 сәуіріне 3 млрд 670,0 млн теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдерін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 3,1 есеге жоғары отырдалып отыр.

Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 3 млрд 194 млн теңгені құрап, 3,7 есеге жоғары орындалды.

Сонымен қатар, Бөлшек сауда айналымының көлемі 3 айда 593,4 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,2 пайызға орындалып отыр.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2022 жылдың 3 айында 750,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 54,7 пайызды құрады.

Бүгінгі күнге, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әр қарай дамыту бағытында 22 жоба 204,8 млн. теңгеге қаржыландырылып, 36 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Атап айтқанда:

«Атамекен Қызылорда» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 7 жоба 19,3 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Қызылорда» Өңірлік инвестциялық орталығы» микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 6 жоба 23,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Ауыл» несие серіктестігі» ЖШС-нің «Агробизнес» бағдарламасы аясында егін егу жұмыстарына 3 шаруа қожалығы 117,3 млн теңгеге қаржыландырылды.

«Каз Агро Қаржы» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 6 шаруа қожалығы 45,2 млн.теңгеге қаржыландырылып, ауыл шаруашылығы техникалары лизингке алынды.

Қазіргі таңда болжамдық құны 638,0 млн теңгені құрайтын 22 жобаның құжаттары қаржы ұйымдарының қарауында жатыр.

  • «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 2 жоба 147,0 млн теңгеге;
  • «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 8 жоба 29,7 млн теңгеге;
  • «Агробизнес» бағдарламасы аясында 9 жоба 444,3 млн теңгеге;
  • «Агро Несие Корпорациясы» АҚ-ында 3 жоба 17,0 млн теңгеге.

Сонымен қатар, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-не облыстық бюджеттен шағын және орта бизнесті төмендетілген пайызбен несиелендіруге мақсатында қаржы бөлініп, қазіргі таңда ауданнан құны 162,5 млн теңгені құрайтын 21 жобаның құжаттары байқау кеңесінің қарауына ұсынылды.

Ағымдағы жылдың аяғына дейін жалпы құны 1049,0 млн теңгені құрайтын 32 жобаны іске асырып, 125 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл жобаларды мемлекеттік бағдарламалар асында қаржыландыруға тиіс жұмыстар жүргізілуде.

Дата публикации
18 апреля 2022
Дата обновления
18 апреля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама
Бағыттар
21 октября 2026
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы