Лого

Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылығы бөлімінің 2022 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы

Егін саласы туралы 

Ауданның ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес биылғы жылы 36 368 гектарға егiс орналастыру жоспарлануда.

Оның ішінде: негізгі дақыл күріш - 19200 га, бидай-420 га, мақсары - 2216 га, сүрлемдік жүгері-100 га, жаңа жоңышқа -  4 446 га, ескі жоңышқа - 7186 га, картоп - 500 га, көкөніс - 1100 га және бақша өнімдері- 1200 га.

№

Дақыл атауы

Егіс көлемі, га

Айырмасы

2022 жыл (меже)

2021 жыл

1

Күріш

19200

19800

-600

2

Жаздық бидай

420

600

-180

3

Күздік бидай

-

90

-90

4

Арпа

-

30

-30

5

Сүрлемдік жүгері

100

147

-47

6

Мақсары

2216

2200

+16

7

Жаңа жоңышқа

4446

3960

+486

8

Ескі жоңышқа

7186

6800

+386

9

Картоп

500

500

 

10

Көкөніс

1100

1000

+100

11

Бақша

1200

1200

 

 

Барлығы

36368

   36327

+41

Биылғы жылы аудан бойынша 195 шаруа қожалықтары егін орналастыру жұмыстарына кіріседі.

Орын алуы мүмкін су тапшылығына байланысты ауылдық оқругтегі шаруашылық басшыларымен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротациялау) схемасын қатаң сақтау қажет екендігі ескертілді.

Шаруашылықтармен кездесу барысында егінді әртараптандыру бағытында жұмыстар ұйымдастыру тапсырылды. Былтырғы жылы Бұқарбай батыр ауылындағы «Жансая» шаруа қожалығы жүгері дақылын егіп, жақсы (52 га 7200 цн;1 га 140,0 цн/га) өнім алды. Жүгері дақылына сұраныс жоғары болды. Биылғы жылы аудандағы «Жансая» ШҚ 300 га, «Көктөбе» ШҚ 55 га, «Ақшұқыр» ШҚ 50 га, «МашШам» ШҚ 40 гектарға (барлығы 445 га) жүгері дақылын егуді жоспарлап отыр.   

Сонымен қатар биылғы жылы Мәдениет ауылдық округінде «Тайжан» шаруа қожалығы 26 гектарға, Мырзабай ауылдық округіндегі «Егінші» ЖШС 47 гектарға құмай дақылын орналастырған, бұл дақылдың өнімі жоғары болған жағдайда, егіс көлемін арттыру жоспарлануда.  

Анықтама үшін. Биылғы жылы егін орналастыруға қажетті 4720 тн күріш, 76 тонна жаздық бидай, 10 тонна жүгері, 55 тонна мақсары, 58 тонна жоңышқа тұқымдарын дайындау жұмыстары жүргізілді.

Орналастырылатын 19200 гектар күріш дақылының 16800 гектары Лидер, 1400 гектары Янтарь,1000 гектары Виконт  сорттары.

2022 жылдың егісіне қажетті 10900 тн минералдық тыңайтқыштардың бүгінгі күні 8195 тн (75,2%), 21200 литр гербицидтің 6385  литрі (32,8%) сатып алынды.     

Қазіргі таңда (04.04.2022) жоспарланған 2216 га мақсарының 425 га (19,2 %), 420 га жаздық бидай жоспарланып, нақты егілгені 509 га (121,2 %), 4446 га жаңа жоңышқаның 4142 га (93,1%) орналастырылып, 7186 га ескі жоңышқаның 5352 га (74,5%) тырмаланып, күтімге алынды.        

Мал шаруашылығы туралы

Аудан көлемінде барлығы 36 191 бас мүйізді ірі қара, 43 767 бас  уақ мал,  18713 жылқы,  714 бас түйе,  297 бас шошқа, 10 067 бас құс өсірілуде.

Аудан бойынша 136 шаруашылық мал өсірумен айналысуда. Оның ішінде тікелей сыбаға бағдарламасымен 116 шаруашылық айналысады.

«Сыбаға» бағдарламасымен 2011-2022 жыл аралығында аудан бойынша қаржы институттары арқылы барлығы 812,0 млн тенге несие алынды.

Оның ішінде мүйізді ірі қара алуға 569 млн,  жылқы алуға 123 млн, қой малына 120 млн тенге.  Алынған несиеге барлығы  3225 бас  мүйізді ірі қара мен 463 бас жылқы, 3174 бас қой малы сатып алынды.

Аудан көлеміндегі асыл тұқымды малдың үлес салмағы 2,0 пайызға жетті.

Аудан бойынша 4 шаруашылық (Бақдаулет-57 ШҚ, Адал ЖК, Еркебұлан ФҚ, Боранбай ШҚ) асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын өсірумен, 2 шаруашылық  (Бақдаулет 57, Туған жер ШҚ) асыл тұқымды қой малын өсірумен айналысуда.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес аудан бойынша мал өсірумен айналысатын шаруашылықтар 2021 жылы барлығы  142 млн 276 мың тенге суьбсидия алды.

Оның ішінде: мүйізді ірі қаар малының  тұқымдық түрлендіруіне 3629 басқа 36 870 мың тенге. Сатып алынған малдың құнын арзандатуға 5 400 мың тенге, сатып алынған қой малының құнын арзандатуға 720 мың тенге, қой саулығының тұқымдық түрлендіруіне 9 702 мың тенге, ауыл шаруашылығы малдарының азығына 89584 мың тенге.

Азық-түлік туралы

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында алып-сатарлықтың өсуіне жол берілмеу  жұмыстарына бақылау жүргізіліп келеді.

Облыс әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін сатып алынатын азық-түлік тауарларының шекті сауда үстемесін және тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандағы барлық сауда орындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізілуде.

2022 жылдың 06 наурыз бен 06 сәуір аралығындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің салыстырмалы бағасы бойынша 19 түрлі азық-түлік өнімдерінің ішінде 14 өнімнің бағасы қымбаттады: оның ішінде ақ күріш-10 теңгеге, ұн-24 теңгеге, нан-10 теңгеге, рожки-20 теңгеге, тауық еті-180 теңгеге, сүт-5 теңгеге, сары май-10 теңгеге, капуста-25 теңгеге, жуа-70 теңгеге, сәбіз-40 теңгеге, картоп-30 теңгеге, қант-160 теңгеге, тұз-3 теңгеге. Қалған 6 азық-түліктің бағасы тұрақты.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттауының себебі азық-түлік өнімдері негізінен солтүстік, оңтүстік облыстардан тасымалданады. Солтүстік, Оңтүстіктегі кәсіпкерлердің азық-түлік өнімдерінің бағасы жоғары болуы және тасымалдаушылардың бағасының қосылуынан ауданда азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбат болуда.

Қазіргі таңда Жалағаш ауданы бойынша ірі және шағын сауда орындарында ауданда өндірілетін  және сырттан келетін 560,8 тн азық-түліктің өнімдерінің қоры бар.

Аудан орталығында азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылдың 19 наурызында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында азық түлік өнімдері базар бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада аудан тұрғындарына ұсынылды.

Сонымен қатар «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы ағымдағы жылдың 12 наурызында 1 жүк көлігімен аудан тұрғындарына 15-20 пайыз көлемінде төменгі бағада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатты.

Алдағы уақытта азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының тұрақтандыру жөнінде жұмыстар жалғасын табатын болады.

Дипломмен ауылға бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына 2020 жылдың қаңтар айында өзгеріс енгізіліп, “Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені, кент және ауылдық округ әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шаралары, оның ішінде тұрғын үйге және біржолғы көтерме жәрдемақығы” құжаттарды тапсыру  Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы арқылы және «Еgov.kz» сайты арқылы жүргізілуде. Мамандардың Халыққа Қызмет Көрсету Орталығына және «Еgov.kz» сайтына  тапсырған өтініштері заңдылыққа сай қабылданып, аудан әкімінің қаулысына сәйкес кезекке қойылып, реттілігімен берілуде.

 Қазіргі таңда тұрғын үй несиесі 1500 АЕК (1500 АЕК-4594500 тг) құраса, көтерме жәрдемақы 100 АЕК (100АЕК-3063 тг) құрап отыр. (1 АЕК-3063 тг, АЕК-айлық есептік көрсеткіш)

Жалағаш ауданы бойынша 2010-2021 жылдар аралығында 931  маманға тұрғын үй несиесін алуға,  2 790 496,0 мың теңге қаржы берілген.

2009-2021 жылдары аралығында көтерме жәрдемақы  642 маманға 93 627 мың теңге берілді.

Биылғы жылы 72 маманға 22 202,0 мың теңге біржолғы көтерме жәрдемақы берілді.

Тұрғын үй несиесін алуға 42 маманға 192 969,0 мың теңге беру жоспарлануда.

Қазіргі таңда тұрғын үй несиесі бойынша 67 маман кезекке қойылған, оның ішінде 2021 жылы құжат тапсырғандары 36 маман, 2022 жылы құжат тапсырғандары 31 маман.

Көтерме жәрдемақы бойынша барлық кезекте тұрғандар саны 223 маман, оның ішінде 2020 жылы құжат тапсырғандары 61, 2021 жылы құжат тапсырғандары 118, 2022 жылы құжат тапсырғандары 44.

Дата публикации
18 апреля 2022
Дата обновления
18 апреля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы