Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2022 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары

САЛАНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Жалағаш ауданының мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерінің желісін 6 аудандық және 31 ауылдық мәдениет ұйымдары құрайды. Соның ішінде 7 мәдениет Үйі, 9  клуб,  18 кітапхана,  тарихи-өлкетану мұражайы, мәдениет және өнерді дамыту орталығы,  Бұқарбай батыр атындағы тарихи үй аудан тұрғындарына мәдени қызмет көрсетеді. 

Мәдениет үйлері

7

Клубтар

9

Кітапханалар

18

Мәдениет және өнерді дамыту орталығы

1

Музейлер

2

Барлығы

37

Сала бойынша 4 халықтық ұжым жұмыс жасайды. (Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанында «Алтын-Арай» халық ән-би ансамблі, Халық театры, «Арай» мәдени үгіт тобы, Есет батыр ауылдық мәдениет үйі жанында «Қызғалдақтар» халық ән-би ансамблі). 

МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАР

Ауданның мәдениет саласы бойынша 2022 жылдың І тоқсанында  370  мәдени-көпшілік шара ұйымдастырылып, 31 063 көрермен қамтылған. Оның ішінде онлайн режимінде 186 шара өткізіліп, 14 268 қаралым болған. 

Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бойынша 2022 жылдың даталы күндері мен атаулы мерейтойларын атап өту мақсатында салалық іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шаралар жоспары  ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы, КСРО халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығы, жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығы, Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығы, жергілікті қаламгер Ахмет Тілеулиевтің 75 жылдығы, сонымен бірге даңқты қолбасшы, ұлт батыры Бұқарбай Естекбайұлының 210 жылдығы, Нысанбай жыраудың 200 жылдығына арналған ауқымды мәдени-көпшілік шараларды қамтиды.

Атап айтқанда аудандық кітапханада ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Ұлтымыздың ұлы ұстазы» тақырыбында виртуалды көрме, даңқты қолбасшы, ұлт батыры Бұқарбай Естекбайұлының 210 жылдығына орай батырдың ерліктерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Батырды ұмытпау тарихымызды ұлықтау» атты аудандық байқау, мәдениет ауылдық кітапханасында «Бұқарбай батыр және оның заманы» атты жастарға арналған буктрейлер сағаты, шығыс жастарының ұйымдастырушысы Ғани Мұратбаевтың  120 жылдығына орай «Жалындап өскен жас ғұмыр» атты кітап көрмесі және жергілікті ақын Жақсыбай Сарбалаевтың 80 жасына орай «Жыр жұлдыз» атты жыр кеші ұйымдастырылып өткізілді.

Мәдениет және өнерді дамыту орталығында ұлт ұстазы  Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы. Ғибратты ғұмыр» атты деректі фильмі көрермен назарына ұсынылса, Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет үйінде «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты көркемсөз оқу сайыстары, Мәдениет ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Қазақ халқының рухани көсемі» атты онлайн облыстық байқауы  ұйымдастырылып өткізілді.

Сонымен қатар жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына арналған мәдениет және өнерді дамыту орталығы жанындағы «Қыл қалам» үйірмесі мүшелерінің салған суреттерінен құралған көрме, жергілікті қаламгер Ахмет Тілеулиевтің 75 жылдығына арналған «Қаламы қарымды қаламгер» атты еске алу кеші  ұйымдастырылып өткізілді.

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі жанындағы «Алтын-Арай» халық ән-би ансамблінің «Сағындырған әндер» ретро ән кеші өткізілсе, Есет батыр ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Қызғалдақтар»  халық ән-би ансамблінің ұйымдастыруымен КСРО халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Сол бір кеш» атты концерті өткілсе, Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ғажайып сырлы үн» атты ретро ән кеші көрермен назарына ұсынылды.

Наурыз мейрамын мерекелеуді форматтау, аудан халқының мерекелік концерттерді тамашалауына қолжетімділіктерін арттыру мақсатында 15-19 наурыз күндері «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» тақырыбында ұлттық салт-дәстүр, әдет ғұрыптар байқауы өткізіліп, әр ауылдық округ ежелден келе жатқан ұлттық өнеріміз бен салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртып сахналады. 

Сонымен бірге 21 наурыз күні кент орталығында «Жаңа күннің жаршысы – Әз Наурыз» атты Наурыз мерекесіне арналған театрландырылған қойылым мен мерекелік концерт аудан халқының назарына ұсынылды.

Өткізілген барлық мәдени көпшілік іс-шаралар қоғамның топтасуына, отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға, ұлттық мәдени-рухани құндылықтарымызды насихаттауға бағытталды. 

МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ МЕН КЛУБ КӘСІПОРЫНДАРЫ

Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, ұлттық фольклордың дәстүрлі жанрларын дамыту, насихаттау, ұлттық өнерімізді жастардың бойына сіңіру, жас таланттарды табу, бос уақыттарын тиімді пайдалану, олардың өнерін шыңдау және насихаттау мақсатында аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығы мен Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйлері жанынан құрылған әр түрлі жанрдағы үйірмелер жұмыс жасап, үйірме мүшелері мәдени көпшілік іс-шаралар мен байқауларға қатыстырылуда.

Өздеріңізге белгілі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялаған болатын.

Осыған орай балалар шығармашылығын дамытуға арналған Жалағаш ауданының мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындарында әр түрлі жанрдағы барлығы 91 үйірме жұмыс жасайды. Оған қатысушылар саны 1038-ді құрайды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда үйірмелер саны 3-ке, қатысушылар саны 10 балаға артқанын көрсетеді (2021 жылдың 1 тоқсанында үйірмелер саны 88, қатысушылар саны 1028)

Қосымша жыл басынан бері балаларға арналған Жаңаталап клубы жанынан «Шебер қолдар» қолөнер үйірмесі ашылып жұмыс жасауда.

         Үйірмелер саны

Қатысушылар саны

2021 жылдың І тоқсаны

2022 жылдың І тоқсаны

2021 жылдың І тоқсаны

2022 жылдың І тоқсаны

88

91

1028

1038

 

Үйірме мүшелері мәдени көпшілік іс-шаралар мен республикалық, облыстық байқау – конкурстарға қатыстырылып жүлделі орындар иеленуде.        

Атап айтқанда ауданның мәдениет мекемелері 2022  жылдың 3 айында 3 аудандық байқау өткізіп, 406 өнерпаз қатыстырды. Нәтижесінде аудандық байқаудан бас жүлде – 2, I орын – 2, II орын – 2, III орын – 5;

Сонымен бірге облыстық деңгейде өткен  6 байқауға 17 өнерпаз қатысып, I орын – 1, ІІІ орын - 3  иеленсе, республикалық деңгейде өткен 2 байқауға 2 өнерпаз қатысып нәтижесінде  бас жүлде – 1, І орын – 1, иеленді.

Сондай-ақ халықаралық деңгейде өткізілген 1 байқауға аудан бойынша 1 өнерпаз қатысып 1 – І орын иеленіп аудан абыройын асқақтатты. 

Ауданда республикалық, облыстық деңгейдегі эстрада әншілері мен шығармашылық ұжымдардың еліміздің барлық өңірлеріне гастрольдік сапарларға  кедергісіз шығуы жолға қойылған.

Мәдени-көпшілік жұмыстарды жүргізудің тұрғындарға мәдени қызмет көрсету мәселесінің, соның ішінде тиісті мәдениет мекемелері жоқ елді мекендерге, ауыл ұжымдарына мәдени қызмет көрсету бағытында № 1-ші, 2-ші мәдени – демалыс кешен қызметкерлері  елді мекен тұрғындарына мәдени қызмет көрсетіп келеді.

КІТАПХАНА ІСІ

Ауданда барлығы 18 мемлекеттік  кітапхана бар. Оның ішінде 15-і елді мекендерде тұратын оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне 2022 жылдың 3 айында мемлекеттік тапсырыстан 38 дана кітап  келіп түсті.

Қазіргі таңда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры 371 365 дана кітапты құрайды, оның 227 671-і қазақ тіліндегі кітаптар.

Негізгі сандық көрсеткіштер

№

Көрсеткіштер

2021 жылдың І тоқсанында орындалуы

2022 жылдың І тоқсанында орындалуы

1

Кітап қоры

367827

371365

2

Оқырмандар саны

4810

4828

3

Кітап берілімі

90594

90649

 

Кітапханаларда ақпарттық технологияларды ендіру және дамыту бағытында РАБИС бағдарламасының электронды каталогына барлығы 120 763 дана кітап, 7194 мақала енгізілді.

Санды форматқа көшірілген кітаптар саны - 890 дана, бет саны – 185 502

Сонымен қатар оқырмандарға жергілікті баспадан шығатын басылымды сандық форматқа көшіру, виртуалды  анықтама, веб-сайт арқылы кітапхана сайтына кіріп қордағы әдебиеттер мен іс - шараларды қашықтықтан оқып отыруға мүмкіндік жасалған.

ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР

Ауданда орналасқан 69 тарих және мәдениет ескерткіштердің 1-і   республикалық  маңызы  бар, 30-нің жергілікті маңызы бар, 38-і алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген. Осы аталғандардың ішінде республикалық маңызы бар ескерткіш ортағасырлық Жент қаласы.

Ескерткіштер саны

Дәрежесі

Қорғау тақтасы орнатылғандар саны

Республикалық маңызы бар

Жергілікті маңызы бар

Алдын ала тізімге енгізілгендер

69

1

30

38

63

Аталған ескерткіштерге  қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес төлқұжаттары, есеп карточкалары, қорғау міндеттемелері мен теңгерімге алу бағытындағы құжаттары  рәсімделген. 

Жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне Жалағаш ауданынан Республикалық маңызы бар Жент қалашығы мен жергілікті маңызы бар Бұқарбай батыр мазары, өңірлік қасиетті нысандар тізіміне Әбжали ишан, Иманқұл мешіттері, Түмен әулие кесенелері енгізілген.

Республикалық маңызы бар Жент қалашығы және Жетіасар мәдениеті ескерткіштеріне жататын жергілікті маңызы бар  Домалақ, Үңгірлі, Қосабалы асарлар ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді.

Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы тарапынан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған Қызылорда облысындағы 150 тарихи–мәдени нысандардың 3D форматындағы интерактивті картасына Жалағаш ауданы бойынша 11 археологиялық, 9 архитектуралық ескерткіш енгізілсе, 14 ескерткішке QR-код орнатылған.

Аудан көлеміндегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің табиғи ландшафты аймақтарының бұзылуына, заңсыз қазба жұмыстары және өзге де заң бұзушылық әрекеттерге жол бермеу мақсатында бақылау шараларын күшейту, қолданыстағы заң талаптарының өз деңгейінде орындалуы туралы түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ, кент және ауылдық округ әкімдері тарапынан тарих және мәдениет ескерткіштерінің айналасына сенбілік, көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп отыр. 

Аудан көлеміндегі жалпыұлттық және өңірлік қасиетті орындар туралы  тарихи-танымдық материалдар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрақты насихатталып және аудан мектептерінде тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, күтімге алу және насихаттауға  байланысты ашық сабақтар, апталықтар мен түрлі тарихи-танымдық және мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Дата публикации
14 апреля 2022
Дата обновления
14 апреля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы