Лого

Меню

Страницы

Статья

Сапалы тауарды ауыстыру жолдары

Сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым – қатынас дау – дамайға толы.  Сатып алушылар мен сатушылар арасында әлі күнге дейін тауарды қайтару мен айырбастау мәселесі өзекті болып отыр. Тұтынушының құқығын түрлі жағдайда жан – жақты қорғауға бағытталған «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңы әрекет еткенімен, сатушылар түрлі сылтауларды алға тартып, сатылған тауарды айырбастауға немесе ақшасын қайтаруға асықпайды. Шындығында сатып алушының нақты қандай құқықтары бар ?

Көптеген сауда нүктелері «Тауар айырбастауға және қайтаруға жатпайды» деген ескертпе жазуды пайдаланады. Сатушылардың тауарды айырбастаудан немесе оның ақшасын қайтарудан бас тартуы заңды әрекет пе ? Сөзсіз – жоқ. Тауардың дүкенде немесе базарда сатып алынғандығына қарамастан тұтынушылар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңымен берік қорғалғандығын естен шығармауы керек. Осы заңның негізінде сатушы сапалы немесе сапасыз тауарды айырбастауға болмаса ақшасын қайтаруға міндетті (Заңның 24 бабы, 5 тармақшасы).

Тұтынушылардың құқығы көп жағдайда тауарды айырбастау немесе қайтару кезінде бұзылып жатады, әсіресе сапасыз тауардан гөрі сапалы  тауарды айырбастау мен қайтару қиынға соғады. Заңның 30 бабы 1-тармақшаларына сәйкес, сатып алушы сатып алынған азық-түлік емес сапалы тауарды көңілінен шықпайтын себептерге немесе қасиеттеріне байланысты осыған ұқсас басқа өлшемді, қалыпты, көлемді, пішінді, түсті тауарға 14 күнтізбелік күн ішінде айырбастауға құқылы. Бұл егер келісім бойынша бұдан ұзақ мерзім көрсетілмеген жағдайда. Егер тауар (мысалы киім немесе аяқкиім) айырбастау кезінде сатылымда жоқ болып шықса, тұтынушы ондағы тауарлар ішінен сол қаржының көлеміндегі өзге тауарды алуға немесе ақшасын қайтарып алуға құқылы. Айырбастау мен қайтарудың бұлжымас заңы: сатылған тауар пайдаланылмауы тиіс, сыртқы түр әлпеті, тұтынуға жарамды қасиеттері, пломбасы, фабрикалық заңтанбасы сақталуы шарт, тауарды сол сатушыдан сатып алынғандығын растайтын құжаттардың болуы (кассалық немесе тауарлық түбіртек) және тауардың айырбастауға жатпайтын тауарлар қатарына енбеуі қажет.

Заңнама бойынша айырбастауға жатпайтын тауарлар:

1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды;

2) іш киімді;

3) шұлық-ұйық бұйымдары;

4) жануарлар мен өсімдіктер;

5) метрлеп сатылатын тауарлар (талшықты маталардың барлық түрі, трикотажды және және перделік мата, жасанды тері, кілем бұйымдары, тоқыма емес маталар, ленталар, шілтерлер, кестелер, сымдар, баулар, кәбельдер, линолеум, багет, пленка мен клеенка);

6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы.

Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз! 

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті

 

Дата публикации
11 апреля 2022
Дата обновления
11 апреля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы