
2022 жылғы 27 наурызда Қызылорда облысының Жалағаш ауданы Жаңадария ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 44 бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10 бабына сәйкес №152 учаскелік сайлау комиссиясының дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 330 азамат енгізілген, оның ішінде 299 –ы дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны – 5, «Барлығына қарсымын» деген жолда белгісі бар - 0.
Әрбір кандидатты жақтап берілген дауыстар саны:
Ақпанбетов Рауан Сауранбекұлы – 50; Есқалиев Асхат Мажитұлы– 201, Серікбаев Даулет Нұрлыбекұлы – 19, Смаева Индира Абдировна -24;
Жаңадария ауылдық округінің әкімі болып Есқалиев Асхат Мажитұлы сайланды. 1990 жылы туылған, қазақ, «Жаңадария ауылдық округі әкімі аппараты» КММ, бас маман , Жаңадария ауылында тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы