
Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылдық округ әкімін сайлауда дауыс беру а.ж. 27 наурызында жергілікті уақытпен сағат 07:00 де басталады.
Сайлау округі бойынша әкімнің лауазымына 4 кандидат ұсынылған.
Саясипартияменұсынылған кандидат саны – 1 («AMANAT» партиясы), 3-і - өзін-өзіұсынғандар.
Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
Жаңадария ауылдық округ әкімін сайлауды ұйымдастырып, өткізуге 1 сайлау учаскесі, учаскелік сайлау комиссияларының 5 мүшесі және аумақтық сайлау комиссияларының 7 мүшесі тартылған.
Тізімге енгізілген сайлаушылар саны 330 адамды құрайды.
Тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы:
Тіркелген 4 кандидат, оның ішінде 1 – мемлекеттік қызметкер, 3 – бюджеттік сала қызметкері,
Кандидаттардың 3- еуі ер, 1–еуі әйел адамдар.
Кандидаттардың ешбірінің ғылыми дәрежесі жоқ, «Болашақ» бағдарламасының түлегі болып табылмайды.
Мамандықтар бөлінісі бойынша: 2-і (50 %) – мұғалім , 1-і (25%) – заңгер,1-і (25%) – қаржыгер,
Кандидаттардың орта жасы - 39, ең жасы –29 жаста, егделісі – 50 жаста.
Кандидаттардыңбарлығыныңұлтықазақ.
4 кандидаттың 4-еуі сайлау өтіп жатқан ауылдық округте тұрады.
Сайлау бюллетеньдері сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен әзірленіп, сайлау учаскелеріне жеткізілді. Сайлау бюллетеньдері орналасқан үй-жайлар хатталып, ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылды.
Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайлар Ортсайлаукомның қаулысымен бекітілген Нұсқаулығына сәйкес жабдықталған.
Сайлау учаскелерінде кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар, комиссия құрамдары, жоғары тұрған комиссия, сот, прокуратура органдарының телефондары туралы қажетті ақпараттар, УСК қаулыларымен бекітілген дауыс беруге арналған үй-жайдағы тәртіп ережелері бар стендтер ілінген.
КОВИД-19 инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында сайлау комиссиялары бірретік қорғаныс бетперде, қолғап, қалқанша, халаттың қажетті санымен және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген. Сайлау комиссиялары сайлауды өткізуге дайын.
Сайлау бюллетеньдеріне Т.А.Ә. енгізілген Жаңадария ауылдық округ әкіміне кандидаттардың тізімі:
Ақпанбетов Рауан Сауранбекұлы,
Есқалиев Асхат Мажитұлы
Серікбаев Даулет Нұрлыбекұлы
Смаева Индира Абдировна