
2022 жылғы 12 наурыз күнгі сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Жалағаш ауданы бойынша Жаңадария ауылдық округі әкіміне барлығы 4 кандидат ұсынылды, олардың ішінде 1-уі (25%) – саяси партиядан, 3-уі (75%)- өзін өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
«Nur Otan» партиясы 1 кандидат ұсынды.
Орташа бәсекелестік бір орынға 4 адам құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2022 жылғы 17 наурыз күнгі сағат 18-00 де аяқталады.
Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ақпарат БАҚ жарияланады.