
Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңесін (бұдан әрі Қоғамдық кеңес) қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурс өтетіндігін хабарлайды.
2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап 29 қаңтар аралығында коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар Қоғамдық кеңес құрамына кандидатуралар ұсынуға немесе өзін-өзі ұсынуға құқылы.
Қоғамдық кеңесті мемлекеттік органдардың өкілдері және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар арасынан жұмыс тобы қалыптастырады.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 12 адамнан тұрады, оның ішінде 4 адам мемлекеттік органдардан өкілдік етеді және 8 адам коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар қатарынан сайланады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
Конкурсқа қатысу үшін:
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.
Қосымша ақпарат алу үшін жұмыс тобымен хабарласуға болады.
Жұмыс тобының мекенжайы: Жалағаш кенті, Әйтеке би көшесі №14 үйдің екінші қабаты.
«Жалағаш аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тел: 8 (72431) 32-3-89, 31-7-34 /maslihat.zhalagash@mail.ru/
Жұмысшы топ басшысы – С.Алиев
Жұмыс тобы
Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын құру отырысының
ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ
«12 » қаңтар 2022 жыл №1
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының дауыс беру нәтижесі бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
2.Жұмыс тобы мынадай құрамда бекітілсін:
1.Алиев Садық- топ басшысы
2.Еспенбет Жасұлан Ерданұлы - топ мүшесі
3.Табынбай Ақнұр Асқарқызы - топ мүшесі
Жалағаш аудандық
мәслихат хатшысы Г.Е.Құрманбаева
Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру
жөніндегі жұмыс тобы отырысының
ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ
« 12 » қаңтар 2022 жыл №2
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жұмыс тобының басшысы С.Алиев