Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданы бойынша кәсіпкерлікті дамыту бағытында 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы анықтама

Жалағаш ауданы бойынша 2021 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2554 бірлікті құрады. Оның ішінде, 2356 субъектісі немесе 92,21 пайызы нақты жұмыс жасап тұрғандар құрап отыр.

2020 жылмен салыстырғанда жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 167 бірлікке, оның ішінде жұмыс жасап тұрғандар саны 171 бірлікке немесе 7,8 пайызға артып отыр.

Аудан бойынша тіркелген 2554 кәсіпкерлік субъектілерінде 3991 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жалпы жыл басынан мемлекеттік кірістер басқармасына 511 жеке тұлға кәсіпкер ретінде тіркеліп, 572 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бекітілген меже бүгінгі күнге 113,6 пайызға орындалды. Яғни, аудан тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысу деңгейі және белсенділігі жыл сайын артып келеді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айында облыс бойынша аудандардың ішінде бірінші болып, «Бизнеске арналған үкімет» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылып, қазіргі таңда аудан кәсіпкерлеріне «Бір терезе» қағидаты бойынша қызметтерін көрсетуде.

«Бизнеске арналған үкімет» мекемесінің аудандық менеджері  арқылы есепті жылы аудан кәсіпкерлеріне жалпы көлемі 496 көмек, 309 кеңес көрсетілді.

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік Палатасының Жалағаш аудандық филиалы арқылы  2021 жылдың қорытындысы бойынша 363 жеке және заңды тұлғаға көмек көрсетілді.

Сонымен қатар «Атамекен» ҰКП-ның жанынан құрылған «Атамекен Қызылорда» микроқаржы ұйымы» ЖШС-гі арқылы аудан кәсіпкерлеріне пайызы төмендетілген несиелермен қаржылай қолдаудалар көрсетілуде.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында есепті жылы 153 аудан тұрғыны оқу курсын аяқтап, оның ішінде 114 қатысушысына немесе 75 пайызына қаржылай қолдау көрсетілді.

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында шағын және орта кәсіпті бастау немесе жұмыс істеп тұрған кәсібін әр қарай дамыту бағытында ағымдағы жылдың басынан 369 жоба 3 млрд. 180,4 млн. теңгеге қаржыландырылып, 457 адам жұмыспен қамтылды.

Атап айтқанда:

«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдары арқылы 26 жоба 458,7 млн. теңгеге қаржыландырылып, пайыздық мөлшерлемесі бағдарламаның шартына сәйкес субсидияланды. Оның ішінде 12 жоба 105,3 млн. теңгеге ішінара кепілдендірілді.

Аталған бағдарламаның мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 7 жоба 20,1 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Еңбек» бағдарламасы аясында жыл басынан 90 жоба 416,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.

Аталған бағдарламаның 200 айлық есептілік көрсеткішке дейінгі мемлекеттік гранттар беру бағыты бойынша 155 жоба 90,4 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның облыстық филиалының жеке қаражаты есебінен 3 жоба 47,6 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында 17 жоба 100,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Агробизнес» бағдарламасы аясында «Ауыл» несие серіктестігі арқылы 28 жоба 460,9 млн. теңгеге «Сырдария-1» несие серіктестігі  арқылы 14 жоба 302,4 млн. теңгеге қаржыландырылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 3 жоба егін егу жұмыстарын жүргізуге 86,4 млн теңгеге қаржыландырылды.

«Каз Агро Қаржы» АҚ-ның облыстық филиалы арқылы 13 шаруа қожалығы 1 млрд. 144,6 млн. теңгеге қаржыландырылып, ауыл шаруашылығы техникалары лизингке алынды.

Ауданның өнеркәсіп өнімдерін өндіруші мекемелері мен кәсіпорындары және жеке секторлары арқылы 2021 жылы 9 млрд 183,0 млн теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімдерін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңінің салыстырмалы бағасымен алғанда 141,5 пайызға орындалып отыр.

Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 6 млрд 500,0 млн теңгені құрап, 151,1 пайызға орындалды.

Аудан бойынша Бөлшек сауда айналымының көлемі 2021 жылдың 12 айында 2 млрд 837,2 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,2 пайызға орындалып отыр.

Облыс көлеміндегі кәсіпкерлік саласының дамуын айқындау мақсатында Облыс әкімінің орынбасарымен «Қызылорда облысының 2023 жылға дейін экономикалық даму» жоспары бекітіліп, 2023 жылға дейін Жалағаш ауданы бойынша жалпы құны 2 млрд. 756,4 млн. теңгені құрайтын 45 жобаны іске асыру және 137 жаңа жұмыс орнындарын ашу жоспарланған.

Бүгінгі күнге аталған даму жоспары аясында жалпы құны 1 млрд. 210,2 млн. теңге құрайтын 27 жоба іске асырылып 72 жаңа жұмыс орындары құрылды. Жалпы құны 1 млрд. 546,2 млн. теңгені құрайтын 17 жоба алдағы уақытта іске асырылып, 65 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлауда.

Ағымдағы жылы аудан көлемінде болжамдық құны 200,0 млн теңгені құрайтын «Ақ-Бостай» ШҚ-ның күріш зауытын, құны 50,0 млн теңгені құрайтын «Бақдәулет-57» ШҚ-ның сүт өңдеу зауыты, құны 17,0 млн теңгені құрайтын «Изаура» ЖК-нің қоқыс қалдықтарынан құрылыс материалын, яғни, «Эковата» өндіру цехы, құны 50,0 млн теңгені құрайтын «Ақерке» ЖК-нің сауда орталығы, құны 97,0 млн теңгені құрайтын, Дәуімбай елді мекенінде салынатын «Тоқтамысова» ЖК-нің 90 орындық балабақша секілді жобаларды іске асырып, 43 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлап отыр.

Дата публикации
28 января 2022
Дата обновления
28 января 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы