
Үстіміздегі жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Таң ауылының 6 көшесіне (Орынбай жырау, Манақ баба, Қарасу, Мүсәрілі баба, Таң ауылына кіре-беріс көшесінің оң жағында орналасқан Бозарық каналынан бастау алатын көшесі, Таң ауылына кіре-беріс көшесінің сол жағында орналасқан Бозарық каналынан бастау алатын көшесі ) орташа жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 239,5 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар, Таң ауылының 8 көшесін (Мықтыбаев, Уәлиханов, Сейфулин, Қоқыбай болыс, Жамбыл, Құнанбаев, Құлманов, Сегізбай би) орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 231,6 млн. теңге бөлінді. Мердігер мекемелермен жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Еңбек және Есет батыр ауылдары аралығындағы Оңтүстік коллектор (ЮК-16) көпірін қайта жаңғырту жұмыстарын бастауға биылғы жылға республикалық бюджеттен 59,7 млн. теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Жылу-ХХI» ЖШС. Жобаның жалпы құны 149,5 млн теңгені құрайды. Бөлінген қаржы шегінде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір құрылысына жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жоба құны 184,8 млн. теңге.
Аудандық маңызы бар Бұқарбай батыр елді мекеніне кіре-беріс 6,3 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстволық сараптамадан өткізілді. Жоба құны 196,5 млн теңгені құрайды.
Ақсу елді мекеніне кіре-беріс 2,3 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстволық сараптамадан өткізілді. Жоба құны 76,7 млн теңгені құрайды.
Жаңадария бағытындағы 20,3-37,4 аралығындағы 17,1 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ведомстволық сараптамадан өткізілді. Жоба құны 392,1 млн теңгені құрайды.
Аудандық маңызы бар Аққыр бағытындағы автомобиль жолының 32-52,6 шақырым аралығындағы 20,6 шақырымын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өткізілді. Жоба құны 664,8 млн теңге.
Әзірленген жобаларды бюджеттен қаржыландыру үшін 2022 жылға тиісті облыстық басқармаларға бюджеттік өтінімдер тапсырылды.
Жалағаш кентіндегі 5 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірленді. Жобаны қаржыландыру үшін 2022 жылға бюджеттік өтінімдер тиісті басқармаларға тапсырылды. Жалпы жоба құны 43,1 млн теңге.
Жалағаш ауданы бойынша 27 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде 15 көппәтерлі тұрғын үйлерге техникалық құжаттары әзірленіп, кондоминиум нысандары ретінде тіркелген. Қалған 12 көппәтерлі тұрғын үйлерге техникалық паспорттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 1096,0 мың теңге қаржы бөлінді. 2021 жылдың соңына дейін барлық көппәтерлі тұрғын үйлерге техникалық паспорттар әзірленді.
Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 650,0 мың теңге бөлінді. «ASI SERVICE» жеке кәсіпкерімен, жасалған келісім-шарт негізінде, есептеу жұмыстары жүргізілді. Есептеу нәтижесімен тұрғын үй шығыстарының ең төменгі мөлшері тұрғын үйдің 1 шаршы метріне 6 теңгені құрады.
«2021 жылға Жалағаш ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді.
Шешім жобасына барлық тиісті органдар мен қоғамдық, сараптамалық кеңестердің келісімдері алынды.
2021 жылғы 7 желтоқсанда «2021 жылға Жалағаш ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының №11-16 шешімі қабылданды.
Облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен Бұқарбай батыр елді мекенінің электр жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Ақсу елді мекенін орталықтандырылған газ желісімен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу үшін аудандық бюджеттен 9,2 млн теңге бөлінді. Жобалаушы мекеме «Прикаспийское управление строительства Шымкент» жобалау-сметалық құжаттар әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.