Лого

Меню

Страницы

Статья

Жалағаш ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының 2021 жылдың ІV тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

2022 жылдың 1 қаңтарына 2387 адам халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласты, о.і. 1682 адам немесе 70,5%-ы Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді (қысқа мерзімді кәсіптік оқыту-31, бастау бизнес-159, мемлекеттік грант-155, шағын несие-90, әлеуметтік жұмыс орны-61, жастар практикасы-339, қоғамдық жұмыс-836, ұрпақтар келісімі-5, алғашқы жұмыс орны-6 ).

Бірінші бағыт шеңберінде:

Қысқа мерзімді оқуға жоспарланған-31 адам оқуға жолданып, оқуларын мерзімінде аяқтап, тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жұмсалған  қаржы-8,2 млн. теңге.

Бағдарламаның екінші бағыты:

2022 жылдың 1 қаңтарына 90 адамға 414,9 млн. теңге шағын несие берілді, жоспарлық көрсеткіш 136,4 %-ға орындалды (жоспар-66 жоба), оның ішінде Start-up жобаларын қолдауға 49 және жеке істі кеңейтуге 41 шағын несие бөлінді. Жалпы микрокредит алушылар қосымша 37 жұмыс орнын ашты.

Шағын несиенің 78-і мал шаруашылығы, 11-і жүк тасымалдау бағыты бойынша берілді.

Бастау-Бизнес жобасы бойынша

2021 жылы «Бастау-бизнес» жобасы бойынша оқытумен 120 адам жоспарланды. Есепті мерзімге 159 адам (132,5%) онлайн оқытуға жолданды, оның ішінде 153 адам оқытуды аяқтап, 119-ы (77,8%) қаржылай қолдау тапты, 6 адам  оқытудан шығарылды.

Мемлекеттік грант бойынша

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 155 адамға (583 мың теңгеден) мемлекеттік гранттар берілді. Бұл бағытта республикалық бюджеттен 90,4 млн. теңге қаржы төленді.

Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде халықты жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының  тиімділігін арттыру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

Бұл бағытта 355,6 млн. теңге қаржы қаралып, 611 адамды жұмыспен қамту жоспарланды. Қазіргі таңда 1247 адам жолданып, жоспарлық көрсеткіш 204,1%-ға орындалды. Оның ішінде:

-әлеуметтік жұмыс орындарына 30 адамға 15,3 млн. теңге қаралды. Есепті мерзімге 61 адам (203,3%) жұмысқа жіберіліп, 15,3 млн. теңге қаржы төленді. Әлеуметтік жұмыс орындарын 61 адам аяқтады, оның 54-і (88,5%) тұрақты жұмысқа орналасты;

- жастар тәжірибесі: Бүгінгі күнге барлығы 339 жас маман (жоспар – 180 адам) жіберіліп, 74,9 млн. теңге қаржы төленді. Жастар тәжірибесін 233 адам аяқтап, 114 адам (48,9%) тұрақты жұмысқа орналасты.

-қоғамдық жұмыстарға 836 адам (жоспар – 390 адам) жіберіліп 262,8 млн. теңге қаржы жұмсалды. Қоғамдық жұмыстарды 836 адам аяқтап, 147 адам (17,6%) тұрақты жұмыспен қамтылды.

Бұдан басқа, мемлекеттік қолдау шараларынсыз жоспар бойынша 800 адам жұмыспен қамтылу қажет болса, бүгінгі күнге 944 адам (118%) жұмысқа орналасты.

Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімі» мемлекеттік қолдау шаралары іске асырылуда.

Бұл бағытта облыстық бюджеттен АЖО жобасы бойынша 6 адамға 1078,0 мың теңге, ҰК бойынша 5 адамға 1483,0 мың теңге қаржы қаралды. 2022 жылдың 1 қаңтарына АЖО-на 6 адам жолданып, 1061,8 мың теңге қаржы жұмсалды. Ал ҰК-не 5 адам (100,0%) жолданып, 1453,6 мың теңге жұмсалды.

Ерікті түрде қоныс аудару бойынша Павлодар облысынан жұмыс берушілер делегациясының қатысуымен 2021 жылғы 14 шілдеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.

Қатысушылардың назарына 237 жұмыс берушілерден әртүрлі салалар бойынша 646 бос жұмыс орындары ұсынылып, нәтижесінде 10 отбасы қоныс аударуға ниет білдірді, 2 отбасы Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды.

Дата публикации
26 января 2022
Дата обновления
26 января 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан орны және жұмыс уақыты туралы хабарлама
Ақпарат
22 октября 2026
2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп
Ақпарат
22 октября 2026
Жалағаш ауданында 2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы бойынша талдамалық анықтама

Социальные медиа

instagram
Жалағаш ауданының facebook парақшасы
youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы